Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Қазақша контентке сұраныс артты
Кейінгі жылдары TikTok, Instagram, YouTube пен Threads платформасында қазақша контенттің көлемі артты. Сарапшылардың айтуынша, бұл – қоғамның ішкі сұранысынан туындаған тілдік-мәдени бетбұрыс. Әрі осы серпінге ерекше ықпал жасап отырған мемлекеттік тіл қолданысын талап ететін жас буын екенін атап өткен жөн.
Экономика • 06 Желтоқсан, 2025
Шағын және орта бизнес қолдаудан кенде емес
Елімізде шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау экономикалық саясаттың негізгі бағытының бірі болып қалыптасты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев кеңінен баяндады. Оның айтуынша, кейінгі жылдары ШОБ-тың даму қарқыны оң динамика көрсетіп, ел экономикасының құрылымында маңызды орынға ие бола бастаған.
Мирас • 06 Желтоқсан, 2025
Асылтұқымды малдың пайдасы мол
Қазір ауыл шаруашылығын дамытуға, төрт түлікті асылдандыруға, санын көбейтуге үкіметтен қолдау бар. Осы мүмкіндікті еліміздің әр аймағындағы малсақ қауым тиімді пайдаланып, сүтті, етті малдың небір түрін өсіретін болған. Шетелден келетін тұқымдар көбейгенде елде бұрыннан бар малдың түрі азаятыны түсінікті. Осындай өзгерістерге қарамастан, малдың бабын білетіндер мүйізді ірі қараның ішінде қоңдысы саналатын қазақтың ақбас сиырын ерекше бағалайды.
Экономика • 06 Желтоқсан, 2025
Алкилат зауытының қазығы қағылды
Еліміздегі алкилат өндіретін алғашқы зауыт құрылысы Ертіс бойында бастау алды. Аталған өнім – Еуро-5, Еуро-6 санатындағы жоғары октанды бензиндерді өндіруге арналған ең құнды компоненттердің бірі.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2025
Жетісуды большевизм елесі кезіп жүр
Жетісу өңірінде Лениннің ескерткішіне әлі де табынатындар бар. Социалистік идеяның көсемдері Карл Маркс пен Лениннің мүсіні ауыл-ауылдарда қасқайып тұр. Халық қанша шағым айтса да, жергілікті әкімдік мәселенің шешімін таппай отыр.