Бизнес • 29 Маусым, 2021
Өз кәсібін жандандыру арқылы өзгелерді де жұмыспен қамтып жүрген іскер азаматтарды түрлі кедергіден қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек» деп атап айтқан. Десе де өз құқығын қорғай алмай, кейбір қисынсыз әрекеттердің құрбаны болып, кедергілерге тап болып жүргендер аз емес.
Аймақтар • 29 Маусым, 2021
Батыс Қазақстан қайтадан «қызыл аймақта»
Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп, қайтадан «қызыл аймаққа» енді. Маусымның 28-інен бастап өңірде карантиндік шектеу шаралары күшейтілді.
Коронавирус • 29 Маусым, 2021
Вакцина бизнесті де сауықтырады
Бүкіл әлемге алапат қауіп-қатерімен келген коронавирус пандемиясы көптен бері қалыпты тіршілігімізден айнытып отыр. Қаншама шаруа тұралап, кейінге шегеріліп, соның салдарынан орасан шығынға батқан сала жетерлік. Бір жақсысы, індетке қарсы вакцина адамдарды жұқпалы дерттен сақтандырып қана қоймай, біраз бизнестің қайта жандануына ықпал етіп жатыр.
Қоғам • 29 Маусым, 2021
Аудандық газет – ауылдың рухани орталығы
Аудандық газеттердің бірсыпырасы 1990-шы жылдардың ортасындағы өтпелі кезеңде қаржы дағдарысына ұшырап, жабылып қалған. Осы сәтті оңтайлы пайдаланған «сары газеттер» мен «жалаңаш газеттер» облыс орталығы түгіл, аудандарға ауыз сала бастаған тұста ел басшылары естерін жиып, барлық аудандық газеттерді мемлекет саясатын жүргізетін баспасөз құралы ретінде қайтадан аша бастады.
Қоғам • 29 Маусым, 2021
Ұлы дала құндылықтары – тәрбие негізі
Бүгінде ұлттық құндылықтар дегенде ана тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз, әдеби, мәдени бай мұраларымыз – бабадан мирас болып қалған көне жәдігерлеріміз еске түседі. Аталған асыл мұраларымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – өз ұлтын ұлықтаған әрбір азаматтың қасиетті борышы десем, қателеспеймін. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы біздің Қарақия кәсіптік колледжінде де шын мәнінде ел тарихын өзгеше танып, тарихымызға жаңа қырынан қарауға түрткі болды.