Саясат • 02 Шілде, 2021
Ел мен елді жақындастырып, өзара жылы шырайлы қарым-қатынастардың орнығуында дипломатиялық қызметтің атқарар рөлі зор. Дана халқымыз оны «Елдестірмек – елшіден» деген бір ауыз сөзбен түйіндеп берген. Қандай кезде де шиыршық атқан оқиғалардың бел ортасында жүретін елшілік қызметкерлері тарихқа ықпалын тигізе алады деген сөз де тектен-тек айтылмаса керек. Бұл олардың іс-қимылына берілген биік баға екені белгілі. Міне, осындай дипломатиялық қызметтің жілік майын шағып ішкен халқымыздың мақтан тұтар ұлдарының бірі – бүгінде сексеннің сеңгіріне шаршамай-шалдықпай көтеріліп отырған тұғырлы тұлға Карл Сәрсенов.
Тәуелсіздік • 02 Шілде, 2021
Қазақстан дипломатиясының бүгінгі әлеуеті
1991 жылы еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып үлгерді және бірнеше халықаралық іргелі ұйымдардың абыройлы мүшесі болды. Бүгінгі таңда Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем геосаясатында ерекше мәнге ие болып отыр.
Қоғам • 02 Шілде, 2021
Жасыратыны жоқ, ел тұрғындарының тұтынушылық құқығы күн сайын бұзылады. Өкініштісі, мұндай жағдай барлық жерде қайталанады. Соның салдарынан тауарлар мен қызметтердің сапасыздығына байланысты түскен шағымдар саны да артып келеді.
Тәуелсіздік • 01 Шілде, 2021
Арнайы экономикалық аймақтың артықшылығы
Астананың зәулім ғимаратқа толы көшелері мен сәнді гүлзарларын артқа тастап, шаһардың солтүстік- шығыс тарапын бетке алар болсаңыз, арнайы экономикалық аймаққа тап болар едіңіз. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың басын қосқан арнайы аймақ «Астана – жаңа қала» деп аталады.
Әлем • 01 Шілде, 2021
Жаһандық жылыну: 3,5 млрд адамға қауіп төнуі мүмкін
Қоршаған ортаны қорғау... Пластиктен бас тарту... Бұл бүгінде екінің бірі пікірін айтатын тренд тақырыпқа айналды. Қоршаған ортаны қорғау өзіміздің денсаулығымыздан бұрын заманауи болып көріну үшін қажет сияқты. Экология тақырыбында сөз сөйлеп, көпшіліктің назарын аударуға тырысып жүргендер қатары да көбейіп жатыр. Алайда пластик заттарды тұтынумен қатар, ғаламға төнген тағы бір қауіптің барын ұмытамыз. Ол – жаһандық жылыну. Ғалымдар бұл тақырып турасында не дейді екен?