Айтыс • 14 Қараша, 2023
Еңбек адамын ұлықтаған аламан айтыс
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті. «Amanat» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі дода «Еңбек – ел ырысы» тақырыбына арналып, онда еңбек адамдарының өнегесі өзек болды.
Қоғам • 14 Қараша, 2023
Тұрғын үй бағдарламасы: 5 мың теңгелік пәтер кімге бұйырады?
Осымен төрт жыл қатарынан еліміздің үш мегаполисінде «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Ол үшін жыл сайын Астана, Алматы, Шымкент тұрғындарына орта есеппен 1 мың жаңа пәтерден бөлінеді.
Қазақстан • 14 Қараша, 2023
Бұл сауал көкірек көзі ашық азаматтарды алаңдатып-ақ тұр. Себебі шекара шебінде қалқан болып тұрған қаншама ауыл құрып барады. Еліміздің «солтүстік қақпасы» саналатын Қызылжар өңірінің алты ауданы көршілес Ресеймен шекаралас. Ақжар, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл, Мамлют, Уәлиханов аудандарындағы 93 ауыл шекара маңындағы елді мекендер санатына жатады. Даму әлеуеті бар елді мекендерді анықтау кезінде 8 789 тұрғыны бар 23 ауыл іріктеліп алынған. Қалған 70-інің болашағы бұлыңғыр деп ұйғарылыпты.
Өнер • 13 Қараша, 2023
Түркістанда Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан мен Қырғызстанның өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, профессор, осы тарихи қалада сазды-драма театрының негізін қалаушы әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі Райымбек Сейтметовтің 85 жылдығына орай «Raiymbek fest» І Республикалық театр фестивалі өтті. Төрт күнге созылған тартысты өнер додасында еліміздің әр өңірінен келген 11 театр ұжымы бақ сынады.
Қоғам • 13 Қараша, 2023
Қаршадайынан ауыл-аймаққа шеберлігімен, суретшілігімен танылған Алдаберген тағы топ жарды. Ағаштан, матадан, тері мен жүннен, темірден неше түрлі бұйым жасайтын оған сүйектен ойып кәдесыйлар жасау, сақина-сырға, өзге де бұйымдар дайындаудың еш қиындығы жоқ. Бейнеу ауданының Сарға ауылында тұратын, осындағы Әліби атындағы мектепте еңбек пәні бойынша сабақ беретін шебер жігіт бұл жолы біз үшін аты азаптың, қиындықтың лебіндей есіп-естілетін Магаданға барып топ жарып, 1-орын алып оралды.