Спорт • 14 Қараша, 2023
2-3 желтоқсан күндері Жапония астанасы – Токиода дзюдодан Олимпия ойындарына қатысу үшін ұпай берілетін Grand Slam турнирінің жалауы желбірейді.
Өнер • 14 Қараша, 2023
Алматыда студенттер арасында республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтіп, ел аймақтарындағы 14 жоғары оқу орнынан келген шәкірттер өз шеберлігін паш етті. Дәстүрлі жоба биыл екінші мәрте өткізіліп отыр.
Әдебиет • 14 Қараша, 2023
Сергей Есениннің қазақ тіліне тәржімаланған өлеңдері енген «Өмірқос» кітабы Ресейдегі Есенин мәдени орталығына қойылды. Жыр жинағы – екі ел арасындағы әдеби байланыстың одан әрі нығая түскенінің дәлелі.
Байқау • 14 Қараша, 2023
Қостанайда жас суретшілер мен қолөнер шеберлері арасында өткен «Жас толқын» республикалық байқауы мәреге жетті. Байқауға қатысқан авторлардың таңдаулы туындылары облыстық галерея залында ашылған «Туған жердің жауһары» көрмесіне қойылды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі де осында өтті.
Аймақтар • 14 Қараша, 2023
Өңір мәдениетіне тың серпін керек
Жайшылықта Тараз туралы толғанғандар Шығыстың жеті жұлдызы тамсана жырлаған шаһар жайында аузының суы құрып әңгіме айтып жатады. Ол аз десеңіз, әйгілі Жамбыл атымен аталатын облыста Кененнің әндерін шырқамайтын қазақ кем. Талай текті тұлғаның кіндік қаны тамған өлкенің мәдениет саласында бір жағынан ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанымен, екінші бір жағынан қарасаң, талай өткір мәселе шешімін таппай тұрғанын аңғарасың. Қазақ хандығының қазығы қағылған киелі өңірдің мәдениеті расымен де кері кетті ме? Кім білсін? Бір анығы, салаға қатысты сараптау жүргізген облыстық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Фарида Жүнісованың облыстық мәслихат сессиясында жасаған баяндамасы ойландырмай қоймайды.