Медицина • 18 Желтоқсан, 2025
Халық саулығы – басты байлығымыз
Денсаулық саласына, оның ішінде МӘМС жүйесіне қатысты сын-пікір жиі айтылғанымен, кейінгі бес жылда көңіл қуантарлық нәтижелер де жетеді. Медициналық сақтандырудың ізімен ауқымды реформалар бірінен соң бірі қабылданды. Салаға бөлінген қаражатты барынша тиімді, мақсатты пайдалану арқылы медициналық көмектің сапасын жақсартуға басымдық берілді. Іске асқан жобалардың барлығын бір мақалада қамти алмайтындықтан, біз тек негізгілеріне тоқталғанды жөн көрдік.
Шымкент • 18 Желтоқсан, 2025
Жедел жәрдем қызметі автокөлік қорын жаңартты
Шымкент қаласында медициналық жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөлік кілттері табысталды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, денсаулық сақтау саласындағы жедел жәрдем қызметінің рөлін атап өтті.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2025
Қазіргі жаһандық бәсеке дәуірінде ғылым мен технологияның дамуы елдің экономикалық қуаты мен халықаралық беделінің басты көрсеткішіне айналып отыр. Әсіресе жасанды интеллект пен роботтехника саласындағы серпінді өзгерістер мемлекеттер арасындағы даму қарқынын қайта айқындады. Осындай отандық жаңашыл бастамалардың алдыңғы шебінде тұрған өңірлердің бірі – Қарағанды облысы. Кеншілер өңірі кейінгі жылдары роботтехника бағытында еліміз бойынша көш бастап келеді.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі брифингте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылы қаңтар-қараша айларындағы мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндап, журналистер сауалына жауап берді.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Ұялы операторларда ұят бар ма?
Жақында әлеуметтік желі қолданушылары ұялы операторлардан тариф құны өсетіні туралы хабарлама келе бастағанын айтып, бағаның негізсіз өзгеретініне шағымданды. Пайдаланушылар интернет сапасына қарамастан, төлем ақысы жылына бірнеше рет көтерілетінін жазған. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов осы мәселені қозғап, депутаттық сауал жолдады. Ол сауалында үш ірі оператордың тарифтерді бір уақытта, бірдей қымбаттатуы күмәнді екенін айтып, жеткізу, тарату секторларын монополиялық келісім фактілері бағытында кешенді тексеру жүргізу қажет деді.