Ғалам ғажаптары • 20 Желтоқсан, 2025
2004 жылы болған жойқын цунами кезінде Таиланд жағажайында демалып жатқан жүз шақты туристің бірде-бірі зардап шеккен жоқ. Бұған 10 жастағы ағылшын оқушысы Тилли Смиттің дер кезінде жасаған әрекеті себеп болды.
Жәдігер • 20 Желтоқсан, 2025
Қостанайдағы геологиялық музейде жер астында жатқан 15 мыңнан астам минералдың үлгісі бар. Мөлдір шынымен қапталған музей сөрелерінің бірінде жарқырап жатқан тастың бірі – гранат. От шашып тұрған қас сұлудың қарашығындай қап-қара тас Сарыбай кенішіндегі қазба жұмыстары барысында табылған. Музейге кезінде В.Гай есімді геолог әкеп тапсырыпты.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2025
Түркістанның «Дара ұрпақ» театры
Түркістанда инклюзивті бағыттағы «Дара ұрпақ» театры ашылды. Театрдың ашылу салтанатында ерекше жандардың қатысуымен «Жарық» мюзиклінің премьерасы сахналанды.
Саясат • 19 Желтоқсан, 2025
Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның кезекті отырысы өтті. Онда сенаторлар 9 заңды қарап, мақұлдады. Сондай-ақ депутаттар Үкіметке ауылдық аумақтарды дамыту, ұлттық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдап, оған Премьер-министрдің орынбасары жауап берді.
Саясат • 19 Желтоқсан, 2025
Қазақстан – Жапония: Сенімді серіктестік пен достық байланыс нығая береді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға алғашқы ресми сапары аясында қос елдің қарым-қатынасын тереңдететін келелі кездесулер өткізді. Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен жүздесу барысында түрлі саладағы еларалық байланыстарды нығайту келешегі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар Президент Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен, Күншығыс елінде білім алып, қызмет етіп жүрген отандастарымызбен кездесті.