Табиғат • 21 Желтоқсан, 2023
Көкшенің көз тоймайтын табиғаты туристерді жазда ғана емес, қыста да қызықтыра алады. Мысалы, Бурабайға қыс маусымында келетін қонақтардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Есесіне, туристерге қызмет көрсету сапасы артып, кәсіпкерлер маусымға алдын ала қамданатын болған.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2023
Қызылордада «Inno.Fest Qyzylorda-2023» инновациялық жобалар фестивалі өтті. Аймақ дамуына серпін беретін жаңа инновациялық идеяларды қолдап, ІТ бағытқа қызығушы жастардың жобаларын қаржыландыруға жол ашатын байқауға қатысқан 250 команда арасында өңір жастарынан бөлек Астана, Түркістан қалаларының өкілдері болды.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023
Есірткіге қарсы инновациялық әдістер
Нашақорлыққа қарсы күрестің инновациялық әдістерін «Аmanat Tech» қатысушылары әзірледі. 16-35 жас аралығындағы 80-нен астам қатысушы «Есірткіге жол жоқ» жобасы аясында есірткінің таралуына қарсы күрестің инновациялық тәсілдерін ұсынды.
Сұхбат • 21 Желтоқсан, 2023
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – негізгі мақсат
Түркістан облысы Ордабасы ауданының Жусансай, Ақ қойлы, Төреарық, Жетісай ауданының Алмалы және Мақтаарал ауданының Жеңіс елді мекендерінде ішімдік атаулы сатылмайды. Тұрғындардың бастамасымен. Жоғарыда аталған елді мекендерде алкоголь өнімдерін сатпаудың нәтижесінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың саны азайған. Полиция департаментінің бастығы, полиция генералы Мұрат Қабденов аталған оң бастаманы облыстың басқа да елді мекендерінде тарату бойынша жергілікті әкімдіктер түсіндіру жұмыстарын күшейтсе, отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың азаюына ықпал ететінін айтады.
Абай • 21 Желтоқсан, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінің осы жылы 4 желтоқсандағы бір бетті толтырған «Жан және «Еуропаның жағалауы» атты мақаласын Тұрсын Жұртбай мен Сұлтан Ыбырай былайша қорытындылайды: «Ендігі жерде абайтану ілімінің жаңа арнасы Фридрих Бенкеден өріс алатыны анық». Біздіңше, бұл – миллиондаған қазақ оқырманын Абай жолынан адастыру.