Таным • 10 Сәуір, 2026
Кісі тағдыры толассыз арпалыстан тұрса керек. Жарық күнді жылап қарсы алған сәби де жылдар жылыстағанда, қартайған шақта, анығы сағаты соғатын сәт таяғанда көз жасын сығуға шамасы жетпейді. Әр кісінің өз тағдырына тән драмасы бар. Ал жас күні көз ұшынан жырақтаған қарияның жан ариясы кімді де болса бейжай қалдырмайды. Өйткені фәни жалғанның күресі таусылмақ емес.
Кино • 10 Сәуір, 2026
Талантты режиссер Абдолла Қарсақбаев түсірген тамаша фильм көп-ақ. Соның ішінде шоқтығы биік туындысы – 1966 жылы экранға жол тартқан «Қилы кезең» көркем фильмі. Қилы кезеңнің қалтарыс-бұлтарысын астарлап жеткізген, қазақ тарихында айшықты орны бар фильмнің жарыққа шыққанына – 60 жыл. Осы фильм авторы, сұңғыла суреткер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толады.
Өнер • 10 Сәуір, 2026
Суретші-иллюстратор Аңсаған Мұстафаның суреткерлік қолтаңбасында артық бояу да, күрделі композиция да жоқ. Есесіне, бүгінгі қоғамның көрінісі мен күнделікті өміріміздің көлеңкелі тұстары еш әспеттеусіз әсерлі беріледі.
Руханият • 10 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әзірет сұлтан» әлеміне терең бойлап, оның кең түрде насихатталуына маңыз берген еді. Оның Түркістан жұртшылығымен кездесуде айтқан сөзі мемлекеттің рухани ұстанымын айқындай түсті. Сонымен, Президент қандай тапсырма жүктеді? Біріншісі, Қожа Ахмет Ясауиді ең алдымен қазақ халқының мақтанышы ретінде қабылдау; Бабамызды ірі мемлекеттерде кең ауқымда дәріптеу; Ол туралы жоғары сападағы туындылар мен фильмдерді жарыққа шығару; Әр облыста Ясауи оқуларын ұйымдастыру; Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу.
Сұхбат • 10 Сәуір, 2026
Дүкен Мәсімханұлы: Шығыстану ғылымының стратегиялық маңызы зор
Биыл Р.Сүлeймeнов aтындaғы Шығыстaну институтының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бүгінде Ортaлық Aзия aймaғындaғы шығыстaну сaлaсының жeтeкшi ғылыми зeрттeу ортaлығынa aйнaлған институт алыс-жақын шетелдермен ынтымақтасып, ел тарихына қатысты құнды деректерді зерттеумен айналысып келеді. Осы орайда аталған институттың бас директоры, белгілі қытайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкeн Мәсiмхaнұлымeн шығыстану ғылымының дамуы туралы әңгімелескен едік.