Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Жаңа жыл алдында ақшаны қалай жоспарлаған дұрыс?
Желтоқсан айы – жылдың ең шығынды кезеңі. Сыйлық, мерекелік дастархан, басқосулар, жол жүру мен демалыс отбасы бюджетіне салмақ түсіреді. Дәл осы уақытта адамдар ойланбай ақша жұмсап, қажетсіз несие алып немесе алаяқтардың құрбаны болады. Сондықтан бюджеттік берекені сақтай отырып, мерекені лайық деңгейде атап өтуге қажет чек-листті дайындап көрдік.
Саясат • 31 Желтоқсан, 2025
Дипломатиялық сәтті шешімдер кезеңі
«Ер азығы – жолда» дейді қазақ. Расында, ер азаматтың өз ризығын түзден теретіні асыл дінімізбен астасқан тәмсілдерімізде көп айтылады. Азыққа қатысты мақалымыз халқымыз етігімен су кешкен жаугершілік заманнан қалған шығар, бәлкім. Дегенмен бүгінгі шақтың да геосаяси ахуалы, әр жерден тұтанып жатқан қақтығыс өрті ертеректегі жаугершілік кезеңнің елесін сездіретіндей. «Сақтықта қорлық жоқ» деген бар. Мемлекет басшысының ел аралап, саяси да экономикалық серіктестермен маңызды келіссөздер жүргізіп, мүддемізге сай тиімді шешімдерге қол жеткізгені қашанда керек-ақ. Осы тұрғыдан алсақ, әр сапарына елдің абыройы мен қауіпсіздігін ту еткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл да шет мемлекеттерге аз шықпапты.
Саясат • 31 Желтоқсан, 2025
Әділеттілік тегеурінді заңға сүйенеді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының барысы талқыланды. Сондай-ақ келер жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі де күн тәртібіне қойылды.
Саясат • 31 Желтоқсан, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігі – жіті бақылауда
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Онда азық-түлік қауіпсіздігі мен негізгі азық-түлік өнімімен өзін-өзі қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықты мұнай өнімімен толықтыру мәселесі қаралды.
Саясат • 31 Желтоқсан, 2025
Қазір елде 5 миллион 817 мың жас өмір сүріп жатыр. Бұл – жалпы халықтың үштен бір бөлігі. Мұндай ауқымды демографиялық әлеует – кез келген мемлекет үшін әрі мүмкіндік, әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан бүгінгі жастар саясаты тек әлеуметтік қолдау шараларының жиынтығы емес, Қазақстанның ұзақмерзімді дамуын айқындайтын стратегиялық бағытқа айналып отыр.