Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай ауылының тұрғындары арасында суық суға түсетіндер бар. Бұрын бұл істі Жарылқасын Байжанов бастаған еді. Енді оның жолын Ерасыл Қайырбай жалғастырып келеді.
Мәселе • 14 Қаңтар, 2026
Ертіс-Баян өңірінің фермерлері сәбіз экспортына шектеу енгізбеуді сұрап отыр. Сауда және интеграция министрлігі ұсынған шектеу күшіне енсе, көкөніс өсірушілер шығынға ұшыраймыз деп дабыл қақты.
Өндіріс • 14 Қаңтар, 2026
Цемент өнеркәсібіндегі тың серпін
Цемент өнеркәсібі ел өндірісінің дамуына ерекше серпін беріп отыр. Былтырғы 11 айдағы көрсеткіш бойынша цемент өндірісінің көлемі 13,07 млн тоннаға жетіп, бұл саланың бүкіл даму тарихындағы ең жоғары өсім ретінде тіркелді.
Шаруашылық • 14 Қаңтар, 2026
Жылқыны асылдандыру – маңызды мәселе
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында: «Біз «Тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп, арғымақты айрықша қадірлеген елміз. Тұтас тарихымыз тұлпардың тұяғымен жазылған» деген еді. Бұл – халқымыздың жылқыға деген құрметінің, сондай-ақ аталған саланың мемлекет үшін стратегиялық маңызының айқын көрінісі.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Еліміздің мұнай-газ саласындағы ең ірі оператордың бірі – «Теңізшевройл» ЖШС. Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнын игеріп жатқан компания өндіріске техникалық, цифрлық инновациялық шешімдерді кеңінен қолданып, энергетика саласындағы ілгерілеуге ықпал етіп отыр.