Ғылым • 15 Қаңтар, 2026
Әлемдегі үздік кванттық офтальмолог, кванттық физика мен ЖИ маманы, Кардифф университетінің PhD Мұхит Құлмағанбетовтің «Entoptica» стартабы Гонконгта ақпараттық және коммуникациялық технология (ICT) сыйлығын жеңіп алды. Компания «Hardware and Device» санатында бас жүлде иегері атанып, «SLOPE» құрылғысы (Structured Light Observation Perception and Evaluation) қазылар алқасының Алтын жүлдесіне ие болды. «Entoptica» компаниясы ұсынған инновациялық құрылғы макулярлы дегенерация скрингіне арналған. «SLOPE» науқастарға қолайсыздық туғызбастан, макулярлы дегенерацияны екі минуттық тест арқылы ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Павлодарда жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды
Павлодар облыстық перинаталдық орталығы жанынан жүкті әйелдерге арналған «Салауатты ана» пансионаты ашылды. Мекеме жылына 50 әйелге дейін қабылдай алады.
Құқық • 15 Қаңтар, 2026
Түнгі клубтар тәртіпке бағынбай тұр
Қазір түнгі клубтар мен ойын-сауық орындары қауіпті болып тұр. Бұлай дейтініміз кейінгі айларда орын алған қайғылы оқиғалар осы жерлерде көптеп тіркелді. «102» жедел арнасына түскен дамылсыз қоңыраулардың легі ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтарға қатысты болған.
Әдебиет • 15 Қаңтар, 2026
Алпысыншы жылдардың орта шенінде қазақ поэзиясына ойы да, сойы да бөлек талантты жастардың легі келіп қосылды. Шетінен шығыс пен батысты қатар оқыған, албырт та алғыр сол өрендердің ішінде тағдырдың талай тепкісін көріп жасымаған, кеудесінде жыр мұхиты тербеліп жатқан Мұқағали Мақатаев та бар еді.
Заң мен Тәртіп • 15 Қаңтар, 2026
Ішкі істер министрлігінде алқа отырысы өтіп, онда ішкі істер органдарының өткен жылдағы жедел қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге жоспарланған басым міндеттері айқындалды. Отырысты ашқан Ішкі істер министрі Ержан Саденов өткен жыл құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы маңызды кезең болғанын айтты.