Жәдігер • 16 Қаңтар, 2026
Б.Момышұлы 1928 жылдан 1982 жыл аралығында өз басынан өткен әрбір қилы сәтті қағазға түсіріп, қолжазбаларын мұқият сақтаған. Сөйтіп, ол жазғандарын (араб, латын, кирилл әрпіндегі) майданға барған жазушыларға беріп, 1943 жылы елге демалысқа келгенде де шетінен архивке өткізіп отырған. 1961 жылы Мекемтас Мырзахметұлы батырдың 3000-нан аса құжатын жүйелетіп (біраз құжаттарын үй архивінде қалдырып), Алматыдағы Орталық архивке өз қолымен өткізген.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Павлодарда кальцийленген сода зауыты салынады дегелі жергілікті жұрттан маза қашқан. Технологиясы сонау 1861 жылғы «Сольве әдісіне» бейімделген жоба жүзеге асса, Ертіс таязданып, қауіпті қалдықтар арта түседі, деп есептейді экологтер.
Таным • 16 Қаңтар, 2026
Уфаға барған іссапарымызда татар-башқұрт ауқаттылары арасынан байлығымен аты шыққан Исмайылбек Ахметкерейұлы есімді қазақ меценатының есімін кезіктірдік. Кеңес өкіметі құрылғанға дейін қазақтың небір байлары ғұмыр кешкені белгілі. Олардың бірі мал, енді бірі егін шаруашылығымен айналысты. Сауда-саттықты кәсіп етіп, ірі жер иеленуші ретінде аты шыққандары да кездесті. Сондай ауқатты қазақтың бірі Елабұға уезінің (қазіргі Татарстан) ірі жер иеленушісі Исмайылбек Ахметкерейұлы еді. Ол сауда-саттықпен, жүк тасымалымен де шұғылданды. Исмайылбектің Пермь мен Уфа қалалары аралығында жүк таситын «Дина» деген жеке пароходы да болған екен.
Жасанды интеллект • 16 Қаңтар, 2026
Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. «2026 жылы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады. Озық технологиялар еліміздің саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ», деді Президент. Осыған орай, бүгіннен бастап газетіміздің «Цифрлық ел» атты арнайы беті оқырманға жол тартады. Мұнда цифрландыру саласындағы өзгерістер мен жасанды интеллект бағытындағы бастамалар туралы жазылып, олардың қоғам мен экономикадағы маңызы сараланады. Сондай-ақ ел дамуының негізгі бағыттарындағы цифрлық трансформация төңірегіндегі жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отырады.
Теннис • 16 Қаңтар, 2026
Мықтылар Мельбурн кортында кездеседі
18 қаңтарда Мельбурнде Аустралияның ашық біріншілігі басталады. «Үлкен дулыға» санатына жататын жарысқа әлемнің ең үздік теннисшілерінің түгелге дерлігі қатысады. Солардың қатарында еліміздің де бірнеше ойыншысы бар.