Пікір • 20 Қаңтар, 2026
Ғылым заманға бейімделуі керек
Осыған дейінгі Ұлттық құрылтайларда көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен іске асып келеді. Ендігі мәселе – ғылымды экономикаға бейімдеу. Бұл бағыттағы жұмыстарды саралағанда ғылыми тақырыптар экономика сұранысын емес, ғалымдар мүмкіндігіне қарай қалыптасатыны байқалады.
Медицина • 20 Қаңтар, 2026
Қымбат медицина қолжетімді бола түсті
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар игі іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Соның ішіндегі ең маңыздысы – әлеуметтік осал топтағы азаматтарды сақтандырумен қамтуды күшейту, олардың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыру.
Саясат • 20 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері талқыланды
Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы өтті. Оның жұмысына Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Талқылауға Парламент депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.
Саясат • 20 Қаңтар, 2026
Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері қатысты.
Құрылтай • 20 Қаңтар, 2026
Бесінші құрылтай: Ұтымды ұсыныс пен пайымды пікір
Кеше Сыр топырағында қоғамдық пікір алмасу алаңынан ел дамуына ықпал ететін маңызды институционалдық тетікке айналған Ұлттық құрылтайдың секциялық отырыстары басталды. Ел дамуының басым бағыттарын айқындауда, қоғам мен билік арасындағы ашық диалогті нығайтуда ерекше рөл атқарып отырған құрылтайға жиналғандар әлеуметтік-мәдени даму, білім мен ғылым, азаматтық қоғам және экономикалық даму бағыттары аясында ұйымдастырылған отырыстарға қатысты. Мұнда айтылған ұсыныстар Ұлттық құрылтай хатшылығы арқылы зерделеніп, тиісті қорытындылар жасалады.