Оқи отырыңыз
Астанада мас күйде көпқабатты үйдің шатырына шыққан ер адам 10 тәулікке қамалды
Астанадағы Көркем-3 тұрғын үй кешені аумағында көпқабатты үйдің шатырында мас күйде жүрген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2026
Каспий теңізі арқылы өтетін интернет кабель құрылысы қашан аяқталады?
Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы жоспарға сай жүріп жатқанын мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, Каспий теңізі арқылы өтетін интернет кабель құрылысын жыл соңына дейін аяқтау көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2026
FIFA әлем чемпионатының матчтарына қосымша билеттерді сатылымға шығарды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының басталуына 50 күн қалғанда халықаралық футбол федерациясы (FIFA) билеттер сатылымының финалдық кезеңін қайта ашты. Бұл кезеңде АҚШ, Мексика және Канадада өтетін турнирдің барлық 104 матчы бойынша билеттер сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2026
Қостанай облысында пара алған үш полицей ұсталды
Қостанай облысында Рудный қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкері пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2026
Шаһар мен шайыр (Бабатайдың бір ұлы)
Бабатай сынды белгілі ауылда туса да, өмір бойы шаһарды мекен етіп келеді. Әскерге барып-қайтқан соң ару Алматыда оқыды. Содан кейін арайлы Ақтөбеге келіп, қоныс тепті. Шаһарда шираған шайыр болған соң ба, оның өлеңдерінде қала бейнесі үнемі сұлбаланып тұрады. Тіпті ауылдан гөрі қаланың образы көбірек бедерленген секілді көрінеді. Ол шаһар ұғымын қолданып, ойнақы ой айтады. Арғы-бергі тарихтың бір үзігін бөліп алып, тіркесті түрлендіріп, көркемдік кестесін түзеді.
23 Сәуір, 2026
Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Польшада топ жарды
Польшаның Крыница-Здруй қаласында шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында IA дивизионының әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталған турнирде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы элиталы дивизионға жолдама алу үшін сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Өңілік экологиялық саммит аясында Президент су қауіпсіздігі мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін аса маңызды екендігіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Сәуір, 2026
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа заң жобасында ауылдық округтердің бюджетін мүлік салығы мен лицензиялық алымдар есебінен кеңейту ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Сәуір, 2026
Алматыдағы театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді, деп жазады Egemen.kz.
22 Сәуір, 2026
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Елімізде автомектептердің қызметіне жүргізілген тексерулер бірқатар өрескел олқылықты анықтады. Ішкі істер министрлігі заң талаптарын бұзған оқу топтарының жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Сәуір, 2026
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Астана қаласының әкімдігі 22 сәуірден бастап қаладағы жылу беру маусымы ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
22 Сәуір, 2026
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қазақстанда 27 наурыздан бастап су есептегіштеріне қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Бұл өзгерістер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаның бір бөлігі және ол 2029 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
22 Сәуір, 2026
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
7 коллекторлық агенттікте жалпы сомасы 11,8 миллиард теңгеге кірістерді асыра көрсету фактілері анықталған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Сәуір, 2026
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Елімізде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында электр желісі инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр. Қазірдің өзінде жаңғырту жұмыстары нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Сәуір, 2026
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Ел тұрғындары 22 сәуірге қараған түні ерекше астрономиялық құбылысты –Лирида жұлдыздар жауынын тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2026
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қазақстанда тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет есебінен жабу бағдарламасына маңызды өзгерістер енгізілді. Жаңа ережелердің мақсаты – заңсыз қосалқы жалдау мен жалған тұру фактілеріне тосқауыл қою, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2026
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер жүргізді. Келіссөз барысында көлік-тасымал саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2026
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Кейінгі жылдары елімізде кеңес заманында халқымыздың бойына батпандап кірген әлеуметтік дерт – маскүнемдікке қарсы күреске ерекше мән беріліп отыр. Осы мәселеге қатысты заңнаманы ұдайы жетілдіру, саламатты өмір салтын орнықтыру іс-шараларын іске асыру дені сау ұлт қалыптастыруды көздейді.
21 Сәуір, 2026
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Қарағанды қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада 2024 жылы туған баланың қайтыс болуына байланысты медициналық көмек сапасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мен шағым негізінде басталған тексеру инфекциялық орталықтағы емдеу ісінің барлық кезеңін қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
21 Сәуір, 2026
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Ақорда кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі тест жүйесіне енгізілетін айтулы жаңалықпен бөлісті. 2027 жылдан бастап Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге балама ретінде жаңа AIT (Admission Insight Test) емтиханы пилоттық режимде іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Сәуір, 2026