Редакция таңдауы
Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары
«Amanat» партиясында цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық партиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы – Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басымдықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетті цифрлық тұрғыда жаңғырту және азаматтардың цифрлық сауатын арттыру бойынша нақты қадамдар жасау.
30 Қаңтар, 2026
Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар ел үкіметі мен OPEC халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектор операцияларын ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялады. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметін, қару-жарақ саудасы мен тұрғын үй төлемдерін жақсартуға бағытталған заң мақұлданды.
30 Қаңтар, 2026
Балық шаруашылығына серпін береді
Биылдан бастап бағалы балық өсіретін шағын фермалар субсидия ала бастайды. Мемлекет бұған дейін жылына, кем дегенде, 45 тонна өнім шығаратын шаруашылықтарды ғана қаржылай демеп келген. Биыл инвестициялық субсидия алу шегі 25 тоннаға дейін төмендетілді. Аквамәдениет саласындағы шағын бизнес өкілдері мемлекеттік қолдау аясының кеңеюі өңірде балық шаруашылығының дамуына едәуір серпін береді дейді.
30 Қаңтар, 2026
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 150-ден астам өтініш келіп түскен. Қорғалған бизнес құқығы шамамен 120 млн теңгені құрайды.
30 Қаңтар, 2026
Келер айда Әліби Ыдырыс аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді промоушен – UFC-дегі тұсаукесер кездесуін өткізуге даярланып жатыр.
30 Қаңтар, 2026
«Тараз» премьер-лигаға қашан оралады?
«Тараз» футбол клубының жанкүйерлері бүгінде «Даңқың қайда төске өрлеген?» деп күмілжіп жүр. Күмілжитін жөні де бар. Кезінде дүрілдеген Жамбыл футболы туралы әңгіме қазір күбірлеп айтылады. Өйткені кейінгі бірнеше жылдың бедерінде талай талантты түлеткен «Тараз» футбол клубы ілініп-салынып бірінші лигада жүр...
30 Қаңтар, 2026
Бұл ауылдың тарихы тым әріде жатыр. Қазіргі Қоғалы ауылы бұрын Сталин атындағы ұжымшар болатын. Аталған шаруашылық іргелес Молотов атындағы ұжымшармен қосылып, Бәйтен көпірі тұсынан орын теуіп, кейіннен «Ортақшыл», «Октябрь», Жамбыл атауларын иеленді. Ақыр соңында тарихи Қоғалы атау қайтарылды.
30 Қаңтар, 2026
Павлодарда донорлық ағзаларды ажыратып алуға қатысты бірегей операция жасалды. Сөйтіп, 39 жастағы әйелдің ағза мүшелері 4 адамның өмірін сақтап қалуға себепші болды.
30 Қаңтар, 2026
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы аясында Алматы қаласында оның өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылды.
30 Қаңтар, 2026
Стартап олжасы – 80 миллион доллар
Инженер Ерзат Дулат негізін қалаған «Higgsfield» жасанды интеллект стартабы инвесторлардан 80 миллион доллар көлемінде инвестиция тартты. Осылайша, компанияның бағалануы 1,3 миллиард доллардан асып, ресми түрде «юникорн» санатына енді. Бейне контент өндіру саласына жаңа серпін әкелген жобаның соңғы инвестициялық айналымына «Accel», «GFT Ventures», «Menlo Ventures» секілді жетекші венчурлық қорлар қатысты.
30 Қаңтар, 2026
Берлин қаласында орналасқан Еуропа мәдениеттері музейінің қорында қазақ тарихына қатысты бірталай жәдігер бар. Соның арасында қазақтар бейнеленген бірнеше картина сақталған. Бұл картиналарды 1844 жылы Бөкей ордасында болған Вильгельм Кизеветтер деген неміс суретшісі салған.
30 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Конституциялық реформаның мәні мен ел дамуы үшін маңызына тоқталып, бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2026
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция Қазақстанның кемелденген мемлекеттігін көрсетеді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында сөз сөйледі. Ол жаңа Конституция жобасының негізгі ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2026
Депутат референдумның атауын өзгертуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында республикалық референдумның атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2026
Тұрғын үй кезегі: 55 мыңнан астам азаматтың есебі неге тоқтатылды?
Мемлекеттік қолдаумен баспана алуға үміткер ел тұрғындары үшін баспана кезегін түгендеу науқаны аяқталуға жақын. «Отбасы банк» жүргізген инвентаризация нәтижесінде деректер нақтыланып, қателер мен қайталанатын жазбалар түзетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2026
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік үш голкиперінің бірі атанды
UEFA Чемпиондар лигасы 2025-2026 жылғы маусымының негізгі кезеңіндегі үздік қақпашыларды анықтады. Үздіктер сапында алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков те бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2026
«Лукойл» шетелдегі активтерін америкалық Carlyle-ға сатады
«Лукойл» шетелдегі активтерін америкалық компанияға сататын болды. Бірақ Қазақстаннан кетпейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2026
Пойыз билеттеріне 25% жеңілдік: Қай бағыттар қамтылған?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттерінің бағасына жеңілдік жасалатынын хабарлады. Компания мәліметінше, аталған жеңілдік тек аптаның белгілі бір күндерінде жөнелтілетін пойыз бағыттарында қолданылады, деп жазады Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2026
«Қайрат» лондондық «Арсенал» қақпасына екі гол соқты
Қазақстан уақытымен 29 қаңтар күні сағат 00:50-де «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің сегізінші турында лондондық «Арсеналға» қарсы жасыл алаңға шықты. Сырт алаңда өткізген матчта жерлестеріміз екі гол соқты, деп жазады Egemen.kz.
29 Қаңтар, 2026
Инвестицияны арттыру жөніндегі кеңес
Премьер-министр Олжас Бектенов Бас прокурор Берік Асыловтың, министрлер мен өңір әкімдерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялардың, «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен жаңа инвестициялық циклді іске қосу мен сапалы инвестициялар көлемін арттыру жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру мәселесіне қатысты кеңес өткізді.
29 Қаңтар, 2026