дәрігер
Оқиға • 19 Наурыз, 2026
Заңсыз диплом: Абай облысында дәрігер болғысы келген азамат алаяқтың құрығына түсті
Абай облысының полициясы медициналық дипломды заңсыз жолмен жасап бермек болған алаяқтық дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 02 Наурыз, 2026
Әуежайда «бомба» бар деп мәлімдеген «Қайрат» клубының дәрігері рейстен түсірілді
Астана әуежайындағы ішкі рейстер терминалында тіркеуден өтіп жатқан жолаушының бірі «бомба» туралы әзілдеп, рейстен шеттетілді. Кейін оның «Қайрат» футбол клубының дәрігері екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 26 Ақпан, 2026
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Рамазан айы келісімен мұсылман қауымы ораза ұстауға асығады. Өз ата-анасына еліктеп өсетін бала да бұл ретте ораза ұстағысы келіп жатады. Мұндайда ата-ана қайтпек керек? Балаларға ораза ұстау міндет пе? Енді ғана өсіп келе жатқан шақта баланы тамақтан шектеу оның денсаулығына кері әсер ете ме? Бұл сұрақтардың жауабын мамандардан сұрап көрдік, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Елімізде екпеден бас тарту жағдайлары жылдан жылға артып келеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше 2017 жылмен салыстырғанда, биыл екпе салдырмағандар саны 3,8 есе артқан. Ресми дерекке сәйкес, 2017 жылы шамамен 5,3 мың адам бас тартқан болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 20 мыңға жеткен. Бұл мәліметтер барлық екпелерге қатысты. Жиырма мың адам екпе салдыруға неліктен қарсы шықты? Екпенің денсаулыққа зияны бар ма? Шариғатта ол туралы не айтылған? Бұл туралы Egemen.kz тілшісі сараптап көрді.
Медицина • 17 Ақпан, 2026
Дәрігерлер трактордың астына түскен ауыл тұрғынын аман алып қалды
Ақмола облысы Жақсы ауданына қарасты Новокиенка ауылында бірнеше күн бұрын жұмысшы трактордың астында қалып қойған оқиға тіркелді. Көптеген дене жарақатын алған ер адам аса ауыр жағдайда жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Жаңаөзендегі дәрігер өлімі: ІІМ өкілі пікір білдірді
Жаңаөзен қаласында дәрігер-терапевттің өліміне қатысты қылмыстық істің тергелу барысына Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха пікір білдірді. Сенатта өткен брифинг барысында ол бұл істің жаңа заң шеңберінде қалай саралануы мүмкін екеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Жаңаөзенде ауруханалардың бірінде дәрігерді пышақтап кетті
Жаңаөзен қаласындағы ауруханада 29 жастағы дәрігер-терапевт пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 18 Қаңтар, 2026
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
Күн сайын шұжық өнімдерін тұтыну онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 13 Қаңтар, 2026
«Денсаулық – басты байлық» деген қағида өмірдің шындығы екенін жан-тәніңмен ұғынатын сәттер болады. Жайшылықта мұны елеп-ескере бермейтініміз өкінішті. Денемізді дерт дендеп, жанымыз қысылғанда, күйкі тірліктің бәрі жайына қалып, жан дәрменіміз қалмай шипа іздейміз. Мұндайда сүйенеріміз Құдай, сосын – ақ халатты абзал жандар.
Қылмыс • 09 Қаңтар, 2026
Зейнетақы қаржысын алу үшін дәрігерлер жалған қорытындылар жасаған
Қаржылық мониторинг агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 05 Қаңтар, 2026
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетіп, ел тарихындағы рекордтық көрсеткіштердің бірін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Желтоқсан, 2025
Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?
Биыл медициналық жоғары оқу орындарын тәмамдаған 10,5 мың түлектің 34%-ы ауылдық медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасуға жіберілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артқан, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 19 Желтоқсан, 2025
Жұлдыз Данбаева: МӘМС-ке аз ақша төлеп, медициналық көмектің сапасы шетелдегідей болғанын қалаймыз
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін үйлестіруге осы күнге дейін жүйелі қадамдар жасалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрлігі де бірнеше маңызды шешім қабылдады. Осындай өзгерістерге қарамастан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығына маман тұрақтамай жатқаны салада кемшіліктер барын ұқтырса керек, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 16 Желтоқсан, 2025
Ақмолалық дәрігер «Алтын маман» атағына ие болды
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Еламан Тәженов «Алтын маман» атағымен марапатталды. Бұл марапат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тұжырымдамасы аясында қоғамда кеңінен насихатталып жатқан «Қазақстан Республикасының үздік қызметкерлері» жобасы шеңберінде беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Желтоқсан, 2025
Аяз, көктайғақ: Астананың бас травматологы тұрғындарды сақ болуға шақырды
Елордада ауа райының күрт нашарлауы байқалуда, аяз буып, боран соғады және жел күшейеді деп болжайды мамандар. Бас штаттан тыс травматолог, басқарма маманы Алексей Солод қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және көшеде сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Желтоқсан, 2025
Отандық дәрігер «ғылыми Оскар» сыйлығын жеңіп алды
Көз дәрігері Мұхит Құлмағанбетовтің Entoptica стартапы Гонконг пен Азиядағы беделді технологиялық марапаттардың бірі – Гонконг Ақпараттық және Коммуникациялық Технологиялар (ICT) сыйлығында әлемдік деңгейде мойындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында бас дәрігер мемсатып алу арқылы алаяқтық әрекетке барған
Қаржылық мониторинг агентігінің (ҚМА) аталған өңір бойынша департаменті медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
Медицина • 10 Желтоқсан, 2025
Биыл дәрігерлер 92 жатырішілік ота жасап, 105 баланың өмірін аман алып қалды
Биыл Қазақстан жүкті әйелдерге мамандандырылған көмектің қолжетімділігін кеңейтті және туа біткен даму кемістіктерін ерте анықтау жүйесін күшейтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2025
Бұрынғы бас дәрігер аурухана қаржысына елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті медициналық газ жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау және жымқыру әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкентте дәрігерлер 705 грамм болып туған сәбидің өмірін сақтап қалды
Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 26 аптасында дүниеге келген, небәрі 705 грамм салмақтағы шақалақтың өмірін аман сақтады. Анасы ауыр преэклампсиядан зардап шеккендіктен, жүктілік мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Бала өлімінен кейін бас дәрігер қызметінен қуылды
Жамбыл облысына қарасты Т.Рысқұлов ауданының орталық аудандық ауруханасында қазан айында болған 6 жасар баланың өлімінен кейін облыс әкімдігі арнайы жұмыс тобын құрып, жоспардан тыс тексеріс жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Қараша, 2025
Медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер қатаң жазаланады
Мәжіліс Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Қараша, 2025
Соңғы бес жылда дәрігерлерді соққыға жығудың 280 фактісі тіркелген
Мәжілісте медицина мамандарын қорғауға бағытталған заң жобасы қаралып, жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалатын зорлық-зомбылықтың шынайы көлемі ресми көрсеткіштерден бірнеше есе көп болуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қараша, 2025
Ауылға барған дәрігерлер 8,5 миллион теңгеге дейін әлеуметтік төлем алды
Осы жылдың 10 айында 1 326 дәрігерге әлеуметтік қолдау көрсетілген. Оның ішінде ауылдық жерлерге қызмет етуге барған 801 дәрігерге 8,5 миллион – 10 миллион теңге аралығында қаржы берілген, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 26 Қараша, 2025
Жүрек аурулары: 2050 жылға қарай өлім саны күрт артуы мүмкін
Алдағы 30 жылда жүрек-қан тамырлары аурулары салдарынан өлім саны күрт өседі деп болжанып отыр. Сарапшылар бұл көрсеткіштің әлем бойынша 36 миллионға жетуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қараша, 2025
Ел дәрігерлері Ауғанстандағы гуманитарлық миссияға қатысып жатыр
Аталған елде магнитудасы 6,3 болған қатты жер сілкінісі (3 қараша) болғаны мәлім. Апаттан зардап шеккен ел тұрғындарғы Қазақстан медициналық және гуманитарлық көмегін көрсетіп жатыр, деп жазады Egemen.kz, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Қарағандыда 63 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелді: Дәрігерлер балалар арасындағы өсімге алаңдаулы
Қарағанды облысында маусымдық вирустық инфекциялар күрт көбейіп, әсіресе, дәрігерлер балалар арасындағы аурушаңдықтың артуына назар аудартып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
Қостанай дәрігерлеріне «Allur» құрастырған жедел жәрдем көліктері берілді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай облысының жедел медициналық жәрдем қызметі мекемелеріне 50 жаңа автокөліктің кілтін табыс етті. Салтанатты рәсім облыс әкімдігінің алдындағы алаңда өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 02 Қараша, 2025
Астанада әлем дәрігерлері жүрек ауруларын емдеудің жаңа технологиясын таныстырды
Астана қаласында Орталық Азия Аритмологиялық саммиті – жүрек ырғағының бұзылуын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне арналған өңірлік маңызды медициналық шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Дәрігерді өлтіріп, 5 млн теңгесін иемденген күдікті 20 жылға сотталды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 69 жастағы дәрігерді өлтіріп, есепшоттарындағы 5 млн теңгеден астам соманы иеленген диализдік орталықтың медицина қызметкерін 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.