Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026
Атыраудағы Жағалау күзетінің ғимараты апатты жағдайда тұр
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау қаласы Дамбы ауылында орналасқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Шекара қызметінің Атырау облыстық департаментіне қарасты Жағалау күзеті дивизионының жеке құрамымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 13 Қаңтар, 2026
Ұландықтар жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмек көрсетті
Ақмола облысындағы «Ақкөл–Степногорск» автожолында ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолға шыққан азамат қиын жағдайға тап болды. Тайғақ жолда автокөлік басқаруға көнбей, жол жиегіндегі қарлы жыраға сырғып кеткен. Қалың қарға батқан көлік өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қаңтар, 2026
Президент Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылы атқарған қызметі туралы есепті тыңдады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 13 Қаңтар, 2026
«Денсаулық – басты байлық» деген қағида өмірдің шындығы екенін жан-тәніңмен ұғынатын сәттер болады. Жайшылықта мұны елеп-ескере бермейтініміз өкінішті. Денемізді дерт дендеп, жанымыз қысылғанда, күйкі тірліктің бәрі жайына қалып, жан дәрменіміз қалмай шипа іздейміз. Мұндайда сүйенеріміз Құдай, сосын – ақ халатты абзал жандар.
Елорда • 13 Қаңтар, 2026
Астана әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына енді
Астана алғаш рет Numbeo халықаралық рейтингінде ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына сенімді түрде кірді. Қазақстан астанасы бір жыл ішінде 24 сатыға жоғарылап, 105-орыннан 81-орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Қаңтар, 2026
Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында семинар өтті
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың рөлі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар-кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған үш жасөспірім әшкереленді
Жетісу облысында кәмелетке толмаған 3 азаматтың жалған банктік чектерді жасау үшін жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланып, сатушыларды жаңылыстыру арқылы тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 13 Қаңтар, 2026
Vogue басылымы Қазақстанды 2025 жылғы ең үздік 14 бағытқа қосты
The 14 Best Places Vogue Editors Visited in 2025 іріктеуінде басылым ұжымы бір жылдағы саяхаттарын қорытындылап, ерекше әсер қалдырған бағыттарды атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 13 Қаңтар, 2026
СҚО-дағы шалғай ауылда Creative IT Center ашылды
Елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы басталған тұста Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында Creative IT Center жұмысын бастады. Шалғай ауылда ашылған бұл орталық мемлекеттік цифрлық саясаттың өңірлерде нақты іске асып жатқанын көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026
Атырауда жоғалған отбасы: Күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды
Атырау облысындағы Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге, жәбірленуші отбасының 30 жастағы қызына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Қаңтар, 2026
Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады
Оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған. Шымкент аспанында шетелдік екі әуе компаниясына тиесілі ұшақтар бір-біріне тым жақын қашықтықта ұшқан. Олар Қазақстан арқылы транзиттік рейспен өткен, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Қаңтар, 2026
«Үлкен жетілік» саммиті кейінге шегерілді
Аралас жекпе-жек өнерінің беделінің артқаны соншалық, Франция биылғы жылдың 14-16 маусым аралығында өтуге тиіс «Үлкен жетілік» саммитін кейінге шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Қаңтар, 2026
Крещение рәсімі: Астанада қай орындарда суға түсуге болады?
18-19 қаңтар күндері Астанадағы барлық православие шіркеуінде Крещение мерекесі рәсімі өтеді. Елорда әкімдігі дәстүрлі шомылу іс-шарасын өткізу үшін қалалық жағажайда (амфитеатр маңында) төрт ойық дайындалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қаңтар, 2026
Атырауда баскетбол алаңында 13 жастағы жасөспірім көз жұмды
Атырау қаласындағы AiRom Arena спорт кешенінің баскетбол алаңында 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Қайғылы оқиға 8 қаңтарда болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 13 Қаңтар, 2026
«Астана» ең үздік сұрмергенін сататынын хабарлады
«Астана» футбол клубы өз тарихында ең күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатыр. Елордалық клубтың бас бапкері Григорий Бабаян жақын арада жартылай қорғаушы Назми Грипшимен қоштасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 13 Қаңтар, 2026
Президент АҚШ-пен келіссөз жүргізетін арнайы өкілді тағайындады
Ержан Қазыхан Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздерді басқаратын ресми өкіл болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026
Атырауда «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 467 әйел сәби сүйді
Атырау облысында 2021-2025 жылдар аралығында «Аңсаған сәби» бағдарламасына жүгінген 467 әйел сәбиін өмірге әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Психологиялық қолдау орталықтарына былтыр қанша адам жүгінді?
Президент тапсырмасы бойынша 20 өңірде халыққа кәсіби психологиялық және әдістемелік көмек көрсететін Психологиялық қолдау орталықтары жұмыс жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
Зейнетақы есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылды
«Отбасы банктің» баспасөз қызметі 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында бірыңғай зейнатақы жинақтары (БЗЖ) есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің тізбесі ҚҚС-тан босатылды
Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар қосылған құн салығын төлеуден босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
2026 жылғы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингі жарияланды
Жер шарындағы ең ауқатты жиырма адамның жиынтық байлығы 3,8 трлн долларға жуықтады. Бұл сома көптеген елдің жалпы ішкі өнімінен асып түседі. Соңғы жылдары миллиардерлердің дәулеті бұрын-соңды болмаған қарқынмен ұлғайып келеді, деп жазаы Egemen.kz.
Әлем • 13 Қаңтар, 2026
Молдова Румынияға қосылуы мүмкін
Молдова президенті Майя Санду елін Румыниямен біріктіру жөнінде референдум өтсе, өзі «иә» деп дауыс беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол британ журналистерімен подкастта айтты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қаңтар, 2026
«Туған жерге қызмет – тағдырлы таңдау»
Жетісу – тарихы терең, мәдениеті тамырлы өңір. Осы рухани кеңістіктің тыныс-тіршілігі һәм мәдени сабақтастығы қоғам назарынан тыс қалған емес. Осы орайда Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменовпен әңгімелескен едік.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2026
Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді
Henley & Partners компаниясы 2026 жылға арналған паспорттар рейтингін жариялады. Зерттеуде 199 елдің төлқұжаты қамтылған. Негізгі өлшем визасыз баруға болатын мемлекеттердің саны, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
Елімізде алтынның бағасы қымбаттады
Қазақстанда алтынның бір грамының құны 75 200,37 теңге болды. Бұл бұрынғы бағадан 0,53 пайызға жоғары және өткен жылмен салыстырғанда 65,7 пайызға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Қаңтар, 2026
Астанада LRT жүйесіне қызметкерлерді қабылдау басталды
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне қызметкерлерді іріктеу жұмыстары басталды. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қаңтар, 2026
Қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары Үндістанда оқырман назарына ұсынылды
Қазір Нью-Делиде дәстүрлі халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр. Экспозицияға қойылған қазақ кітаптарының жанрлық ауқымы кең: ел тарихын арқау еткен еңбектер, балаларға арналған әдебиет, сондай-ақ заманауи қаламгерлердің туындылары бар. Іс-шараны ұйымдастыруға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кітапхана және Қазақстанның Үндістандағы елшілігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 13 Қаңтар, 2026
Майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды
Ақтау қаласында 99 жасқа толған соғыс ардагері Василий Салазкинге Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Әскери-теңіз күштерінің қызметкерлері министрдің атынан құттықтау хатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 13 Қаңтар, 2026
Пәтеріне 109 адамды тіркеген алматылық жазаланды
Алматы қаласының прокуратурасы сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтеріне нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырған тұрғынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.