м
Білім • 03 Желтоқсан, 2025
Депутат: Білім беру жүйесін оқушылардың жас шамасына бейімдеу керек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Болат Кәрімбек Оқу-ағарту министріне білім беру жүйесін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай бейімдеуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, бастауыш және орта сыныптардың жүктемесі олардың жас және танымдық деңгейіне сай емес, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Президент қордаланған мәселелерді кейінге қалдырған Көлік министрлігін сынға алды
Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте Қ.Тоқаев қордаланған мәселелерді шешуді кейінге қалдырып, тиісті құжат қабылдамай отырған салалық министрліктің жұмысын сынға алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2025
Өскеменде «SMART Driving Technology» орталығы ашылды
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «SMART Driving Technology» инжиниринг орталығының ашылуы өтті. Орталықтың ашылуымен Қазақстан және Қытай арасындағы инженерлік білім беру халықаралық ынтымақтастығының негізгі жобасы Лу Бань шеберханасы дамудың жаңа деңгейіне көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Қант диабетіне шалдыққан және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем тең беріле ме?
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында көтерілген мәселелердің бірі – 2 топтағы қант диабетіне шалдыққандарға және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем беру туралы. Аталған мәселені депутат Нұргүл Тау көтеріп, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 03 Желтоқсан, 2025
Қоғамдық орында бетті тұмшалап жүруге тыйым салынады
Мәжіліс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заңды екінші оқылымда қабылдады. Заңда құқықбұзушылық профилактикасы жүйесі кеңейтіліп, профилактика субъектілерінің саны 13-тен 26-ға дейін артады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Әуежайда өз-өзін өртеген адамға қатысты іс тоқтатылды
Алматы әуежайында өз-өзін өртеген ер азаматқа қатысты қозғалған іс тоқтатылды. Полицияның мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу немесе соған итермелеу» бойынша жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Алматы мектептерінде жаңа жылдық іс-шаралар өтпеуі мүмкін бе?
Алматыда балалар арасындағы ЖРВИ деректерінің өсуіне байланысты жаңа жылдық іс-шараларды өткізу шектелуі мүмкін. Дегенмен, қалада толық тыйым салу әзірге қарастырылмаған. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асель Қалыкова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 03 Желтоқсан, 2025
Азаматтар неліктен әлі күнге дейін тегін дәрі-дәрмек ала алмай отыр?
Елімізде кейбір азаматтар үшін тегін дәрі-дәрмектердің жеткіліксіздігі әлі де өзекті мәселе болып тұр. Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұл жағдайды түзету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Желтоқсан, 2025
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 03 Желтоқсан, 2025
Отандық ғалымдар дезинформацияға қарсы мобильді ресурс жасады
Интерактивті RasInfo ресурсы – ғалымдар, аналитиктер, киберқауіпсіздік және медиасауаттылық саласының мамандарынан құралған команданың үш жыл бойы жүргізген жұмысының нәтижесі. Оның мақсаты – пайдаланушыларға цифрлық сауаттылықты арттыруға және дұрыс емес ақпарат индикаторларын анықтауға көмек көрсету, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
«Ешкімнің алдында ақталмаймын»: Денсаулық сақтау министрі ұшақтағы видеоға қатысты пікір білдірді
Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақ бортында өзін нашар сезінген жолаушыға көмек көрсеткенін бейнелейтін видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Петропавлда тарақандар өріп жүрген гимназияның директоры жұмыстан шығарылды
Солтүстік Қазақстан облысында ата-аналар Петропавлдағы гимназия асханасында санитарлық талаптың сақталмауына қатысты шағым түсірген. Өңір әкімдігі осы шағым негізінде аймақ мектептерінің асханасы түгел тексерілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Желтоқсан, 2025
«Даму» қоры алғаш рет цифрлық теңгемен несие берді
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Halyk Bank арқылы жылдық 12,6% мөлшерлемемен жеңілдетілген цифрлық несие берді. Оған Ұлттық банк қолдау көрсетті. Цифрлық теңгені пайдаланған алғашқы клиент – павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Астанада медициналық колледждегі дәрісханаға Ұлдана Мырзуанның есімі беріледі
Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайғылы жағдайға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, бұл оқиғада құрылыс нормалары мен қауіпсіздік талаптарына қатысты күмән көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 03 Желтоқсан, 2025
Қызылордада 13 адам өрттен құтқарылды
Өрт Қызылорда қаласы Желтоқсан көшесіндегі 9 қабатты үйден шыққан. Жетінші қабаттан байқалған жалынға ТЖМ мамандары жедел жетіпті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 03 Желтоқсан, 2025
«Мұқағали» журналының 20 жылдық мерейтойлық кеші өтті
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың есімімен аталған республикалық әдеби-мәдени және танымдық «Мұқағали» журналының жарық көре бастағанына 20 жыл толуына орай «Мұқағалитанудың қайнар көзі» атты мерейтойлық кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Бегалы ауылында қайтарылған активтер есебінен медициналық пункт салынды
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық пункт салынды. Нысанның жалпы құны – 132 млн теңге, оның 65 млн теңгесін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Философ-академик, қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден озды
Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған, ғалым Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин 92 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Желтоқсан, 2025
Илон Маск АҚШ-тың болашақ президенті кім болатынын айтты
Илон Маск алдағы 12 жылда АҚШ-ты әлі де Дональд Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнс басқаруы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл АҚШ-тың «ұлы 12 жылдық кезеңінің» бастауы болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Елорда көшелерінде лудоманияға қарсы акция өтті
Жастар арасындағы лудоманияның алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған «Jarqyn Bolashaq» жобасы шеңберінде «Астана жастары» ресурстық орталығы көшелерде ақпараттық акция өткізді. Буклеттерді таратқан еріктілер лудоманияның зияны туралы айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Маркетплейстерде «Қазақстанда жасалған» деп аталатын арнайы бөлім ашылады
Елімізде электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында 2027 жылға дейінгі электрондық сауда дамуының жоспары іске асырылып жатыр. Саланы дамыту үшін Kaztrade компаниясымен бірлесіп, республика кәсіпкерлеріне электрондық сауданы ілгерілету мәселелері бойынша онлайн-семинарлар өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2025
WBO Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты тексерісті бастады
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Ерікті антидопинг қауымдастығынан (VADA) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының сынамасына қатысты хабарлама алғанын растады. WBO отандасымыздың талдауындағы допингтің оң нәтижесіне қатысты тексеруді бастаған, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 03 Желтоқсан, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Алматы мен Астананың айырбастау пунктеріндегі доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Желтоқсан, 2025
Мүгедек балалардың ата-аналарын қорлаған блогерге сот үкімі шықты
Астана сотында мүгедек балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтқан блогерге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2025
Шертпе күйдің шебері Нұрымбай Сүлейменұлы өмірден озды
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі күйші, шертпе күй дәстүрінің көрнекті өкілі, композитор Нұрымбай Сүлейменұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасына және туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 02 Желтоқсан, 2025
Алматыда бір түнде 6 мас жүргізуші ұсталды
Алматыда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 02 Желтоқсан, 2025
МӘМС төленбесе, несие де берілмейді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге қарыз алушылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегін ескеруді міндеттейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 02 Желтоқсан, 2025
Шымкентте дәрігерлер 705 грамм болып туған сәбидің өмірін сақтап қалды
Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 26 аптасында дүниеге келген, небәрі 705 грамм салмақтағы шақалақтың өмірін аман сақтады. Анасы ауыр преэклампсиядан зардап шеккендіктен, жүктілік мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өтетін жекпе-жегінің алдында маңызды үндеу жасады
Орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) 6 желтоқсан күні АҚШ-та маңызды жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 02 Желтоқсан, 2025
Алматыда алаяқтықтың 30 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Алматының Алмалы аудандық полиция қызметкерлері интернет-платформаларда жалған хабарландырулар орналастырып, тұрғындарды алдап келген 18 жастағы күдіктіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.