Соңғы жаңалықтар
Қаржы • 16 Сәуір, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
16 сәуірде еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Аңдатпа • 16 Сәуір, 2026
17 сәуір - «Бейбарыс сұлтан» М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Рақымжан Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» драмасы қойылады. Режиссері – Юрий Ханинга-Бекназар.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Италияның Болонья қаласында халықаралық «Bologna Children’s Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкеcі өтті. Балалар кітаптарының жәрмеңкесі 1963 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл көрмеге алғаш рет еліміздің баспалары қатысты.
Ғылым • 16 Сәуір, 2026
Ғылым баспалдағы оқушыны жетілдіреді
Келешекте ең қымбат валюта мұнай да, алтын да емес, кәдімгі су болуы кәдік. Тіршілік көзіне сұраныс артқан сайын саяси және экономикалық шиеленіс ширығып барады. Сарапшылардың дерегінше, 2040 жылға қарай суға деген жаһандық сұраныс 40 пайыздан асып кетуі ықтимал. Бұл жағдайда су ресурсын тиімді басқаратын жаңа технологияның маңызы арта түседі.
Жәдігер • 16 Сәуір, 2026
Ұлттық орталық музейде «Ахмет Жұбанов: дәуір үні» деп аталған көрме ашылды. Тағылымды іс-шара көрнекті композитордың 120 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Тұрғын үй кезегіндегі түйткіл реттеліп келеді
Бүгінде елімізде үкіметтік бағдарламалар арқылы үй алудан үмітті азаматтарды есепке алудың бірыңғай да ашық жүйесі құрылып жатыр. Алайда осы мәселеде мемлекеттің басты операторы – «Отбасы банк» кейбір отандастарымызды тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартып отыр. Неге?
Тағзым • 16 Сәуір, 2026
Еліміздің шекарасын бекіту және тұтастығын сақтап қалу жолында күрескен қайраткер тұлға, қазақтан шыққан тұңғыш математика профессоры, ағартушы Ә.Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейде алғаш рет оқушылар арасында «Әлімхан әлемі» зияткерлік байқауы және математикадан Ермеков олимпиадасы өтті. Алдымен білім ордасында Алаш қайраткерінің ерлікке толы өмір жолына арналған мұражай ашылды.
Жасанды интеллект • 16 Сәуір, 2026
Адамзат тарихында кез келген өзгеріс тудыратын жаңа технология алдымен келешекке деген зор үміттен бұрын, қол еңбегіне сүйенген қарапайым жұмысшыларға қауіп көрінетін. Бүгінгі жасанды интеллект – сол ескі қорқыныштың заманауи көрінісі.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Ерекше балаларға – елеулі көзқарас
Елімізде аутизм сырқатына шалдыққан балалардың саны кейінгі жылдардың бедерінде күрт өсіп отыр. Аутизм спектрінің бұзылысын ерте анықтап, емдеуге ерекше екпін салудың маңызы жоғары. Тіпті кеселдің алғашқы белгілері қылаң берген сәттен-ақ дәрігер мамандардың еміне жүгіну қатер бұлтын сейілтуге септеседі.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету – маңызды жұмыстың бірі. Сол тұрғыда Жетісу өңірінде баспаналы болсам деген тұрғындардың дені онлайн кезек арқылы пәтерге ие болды.
«Таза Қазақстан» • 16 Сәуір, 2026
Тобыл бойындағы тазалық акциясы
Өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көктемгі жаппай сенбіліктер маусымы басталды. Қостанайдағы «Триатлон» саябағында өткен алғашқы сенбілікке облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
Трамвай паркінде – жаңа вагондар
Трамвай – Павлодар шаһарының рәмізіне айналып үлгерген көлік. Рельсті көлік экологиялық жағынан да қауіпсіз. Облыс билігі вагондарды жаңартып, шеткері шағын аудандарға автономды трамвайлар жүргізу жобасына белсене кірісті.
Шымкент • 16 Сәуір, 2026
Шымкенттің мәдени-туристік мүмкіндігі бағамдалды
Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында мәдениет саласындағы іргелі жобаларды пысықтап, шаһардың туристік әлеуетімен, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан музыкалық білім саласы қызметкерлеріне мемлекеттік марапат тапсырды.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
Бауырлас елмен байсалды байланыс
Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізге жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаз екіжақты келіссөз жүргізіп, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 14-отырысын өткізді.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
Әлеуметтік желіде Ертіс өзенінен бөлініп ағатын Жылы ағыс сағасының мұнай өнімдерімен ластанып, су бетінде май қабаты түзілгені туралы бейнежазба тарап жатыр.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
Ұлттық рейтинг жүйесі құрылады
Елімізде рейтинг агенттігін құру жоспарланып отыр. Аталған ұйым бизнес, банк немесе мемлекеттің сенімділік деңгейін бағалаумен айналысады. Кеше Мәжілістің жалпы отырысында осыған қатысты заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда қаралды. Жиында депутаттар бұдан өзге тағы үш құжатты талқылады.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
Ұзақмерзімді дамудың құқықтық негізі
Жаңа Конституция – саяси институттарды жүйелі түрде жаңғырту және Қазақстанның заманауи әрі тиімді басқару үлгісіне көшу жолындағы тарихи қадам. Бұл жөнінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
Іргелі инфрақұрылыммен жан-жақты танысты
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Астана суқоймасына барып, аса маңызды инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.
Заң мен Тәртіп • 15 Сәуір, 2026
Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды
Астанадағы мектептердің бірінің аумағында болған қоғамдық тәртіп бұзушылық дерегі полиция қызметкерлерінің жедел әрекетімен анықталып, жолы кесілді. Оқиғаға қатысқан барлық тұлға заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 15 Сәуір, 2026
Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты
Қазақстан боксшысы, Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысу туралы шешім қабылдады. Енді ол 90 келіге дейінгі салмақ бойынша жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2026
«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Вашингтон қаласында Қазақстан делегациясының сапары барысында Дүниежүзілік банк штаб-пәтерінде «Қарағанды – Жезқазған» автожолын салуға қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Жоба елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 15 Сәуір, 2026
Ұлттық банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
Ұлттық банк делегациясы Төраға Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Көктемгі кездесулері аясында АҚШ Сауда палатасының (US Chamber of Commerce) өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2026
ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды
Шығыс Қазақстан облысының орталығында 1500-ге жуық кәсіпкерді, сарапшыларды және мемлекеттік органдар өкілдерін біріктірген «ALTAY BUSINESS» форумы өтті. Ауқымды іс-шара өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа бастамалар мен нақты шешімдерді талқылауға арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Сәуір, 2026
Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық көмекке қатысты заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады
Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға хат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Сәуір, 2026
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 15 Сәуір, 2026
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені қалдықтарды тиімді пайдалану арқылы «жасыл» энергетиканы дамытуға бет бұрып отыр. Соның айқын дәлелі – құс фабрикасы негізінде іске қосылған биогаз жобасы, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Сәуір, 2026
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті
АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кездесуде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен және ұйым өкілдерімен келіссөз жүргізді. Кездесу Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға дайындық шеңберінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Сәуір, 2026
Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды
Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Орбита-4 ықшам ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Тілсіз жау екінші қабаттағы пәтердің балконы мен бөлмесін шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.