ат
Төтенше жағдай • 05 Қараша, 2025
Жүргізуші 12 жастағы қызды қағып, өзі қашып кеткен
Алматыда Есенәлиев көшесінде күндізгі сағат 16:00 шамасында 12 жастағы қызды көлік қағып кеткені хабарланды. Оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Баланы қағып кеткен жүргізуші көлігін тастап, оқиға орнынан бой тасалаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қараша, 2025
Атырауда жол апатынан екі жасөспірім көз жұмып, төрт адам ауруханаға түсті
«Атырау-Орал» тас жолынның 27-шақырымында КамАЗ бен LADA Granta көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жасөспірім мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 04 Қараша, 2025
Қансонарда бүркітші шығады аңға: Биыл қасқыр мен түлкі атуға рұқсат жоқ
Қазақстанның кең-байтақ даласы ежелден адам мен табиғаттың үйлесім тапқан мекені саналады. Дегенмен соңғы жылдары қасқыр мен қабан, тіпті қоңыр аюдың елді мекендерге жақындап келуі жиілеп, халық пен билік арасындағы алаңдаушылық арта түсті. Осыған орай Сенат депутаты Қайрат Тастекеев жабайы жануарлардың санын бақылау мен реттеуді күшейту жөнінде Үкіметке сауал жолдаған еді.
Шаруашылық • 04 Қараша, 2025
Атырауда бруцеллез анықталған 518 малдың иелеріне 15 млн теңге өтемақы беріледі
Атырау облысында 1 млн 56 мың 793 төрт түліктен қан сынамасын алу жоспарланып отыр. Осы кезге дейін 935 мың 63 мал тексерілген, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 04 Қараша, 2025
Елімізде қанша адам айына 150 мың теңгеден аз жалақы алады?
2025 жылғы дерек бойынша Қазақстандағы медианалық жалақы 317 512 теңгені құрады. Бұл – жұмысшылардың жартысы осы сомадан аз, ал екінші жартысы одан көп табыс табады дегенді білдіреді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 04 Қараша, 2025
Алматыдағы ЖЭО-2-нің газға қашан көшірілетіні белгілі болды
Алматыдағы ЖЭО-2 (ТЭЦ-2) 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін газға көшіріледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Елімізде шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 1-4 сыныптарға арналған «Шахмат негіздері» курсы өткізіліп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 04 Қараша, 2025
Дәнді дақылдарды жинау науқаны қалай өтті: Министр мәлімдеме жасады
Ел аумағы бойынша дәнді дақылдарды жинау толық аяқталғанын Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Қараша, 2025
Қытайда ұшатын автокөліктер сынақтан өткізіліп жатыр
Қытайлық электрлі көлік өндіретін XPENG компаниясы «ұшатын автомобильдерін» сынақтан өткізуді бастады. «Ұшатын көлік» алты дөңгелекті жерүсті көлігінен және тік ұшып-қона алатын, ұшуды қамтамасыз ететін құрылғысы алуға ыңғайлы аппараттан тұрады, деп жазады Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Түркістанда болған атыстан бір адам қаза тапты
2025 жылдың 2 қарашасы түнінде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану фактісі тіркелді. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, тағы үш тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Осы және басқа да деректерді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қараша, 2025
Бала тәрбиесіндегі міндетін орындамаған мыңдаған ата-ана жауапкершілікке тартылды
Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жыл басынан бері 7 мыңнан астам істі қарады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2025
«Қайрат» пен «Семей» плей-оффқа жолдама алды
Алматының «Қайраты» мен Абай облысының «Семей» клубы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф додасына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2025
Таеквондодан әлем чемпионатында жерлестеріміз бір-ақ алтын алды
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Аталған додада 150 мемлекеттен келген 900-ден аса даян шеберлері күш сынасып, 16 жүлде жиынтығын сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2025
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында жанкүйерлердің ең көп қолдауына ие болған командалардың тізімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 03 Қараша, 2025
Алматыда жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Алматыда алдағы күндері жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Санайғақ: Қазақстан халқы санының қаншаға жеткені хабарланды
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының жаңа деректерін жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 445 231 адамды құрады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Қараша, 2025
Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстары талқыланды
Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 03 Қараша, 2025
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, биылғы қыркүйек-қазан айлары аралығында еліміз жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасын экспорттаған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Қараша, 2025
Қазан айында инфляция 12,6%-ға баяулады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, инфляция 2025 жылғы қазан айындағы есеп бойынша 1 жылда – 12,6%-ды, бір айда – 0,5%-ды құраған. Қыркүйекте жылдық көрсеткіш 12,9% құраған еді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қараша, 2025
«Таза Өскемен» кәсіпорнының бұрынғы басшысы 120 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры мен оның серіктестері қала көшелерін күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, мемлекетке 120 миллион теңгеден астам залал келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 03 Қараша, 2025
Қазақстан мен Сербия арасында тікелей әуе рейстері іске қосылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан мен Сербияның бас шаһарлары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды, оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен мүмкін болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қараша, 2025
Алматыда мүгедектердің жайын ескерген қанша нысан бар?
Алматы қаласындағы 4323 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысанда мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Тұтынушыларға тегін тамақ таратқан дәмханаға айыппұл салынды
Жуырда Алатау қаласының Жетіген шағын ауданында орналасқан дәмханалардың бірінің әкімшілігі мекеменің ашылуына орай іс-шара өткізген, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Қараша, 2025
Қазақстанның алтыны: жеткізу дағдарысына қарамастан, 8,6 тонна халықтың қолына өтті
Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылдың үшінші тоқсанында халыққа алтын құймаларын сату бойынша есеп берді. Мәліметтер жыл басындағы «логистикалық үзілістен» кейін нарықтағы белсенділіктің қалпына келе бастағанын көрсетеді, алайда сату көлемі өткен жылғы көрсеткіштерге жете алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Танымал журналист өмірден өтті
«Хабар» агенттігі бағдарламаларды дайындау бөлімінің бас редакторы қызметін атқарған Азат Рыстанбек бақилық болды. Қайғылы хабар туралы басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 03 Қараша, 2025
Геосаясат әлем экономикасына қалай әсер етеді?
McKinsey Economic Conditions Outlook 2025 жылдың қыркүйегінде әлемнің ірі компаниялары басшыларының сауда саясатындағы кедергілерге қатысты пікірін топтастырды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 03 Қараша, 2025
«Қайрат» Миланда «Интермен» кездеседі
Алматылық «Қайрат» Лига чемпиондарының негізгі кезеңінде Италияның әйгілі «Интер» клубымен кездеседі. Кездесу Миландағы атақты «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 6 қараша түнгі 01:00-ге жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Қараша, 2025
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Аталған облыс әкімінің өкімімен 3 қарашадан бастап аталған лауазымды қызметке Қанат Болатұлы Есболатов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Қараша, 2025
Алматының Бостандық ауданына әкім тағайындалды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен аталған лауазымды қызметке Азамат Қалдыбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.