Қоғам • 13 Қаңтар, 2026

Психологиялық қолдау орталықтарына былтыр қанша адам жүгінді?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент тапсырмасы бойынша 20 өңірде халыққа кәсіби психологиялық және әдістемелік көмек көрсететін Психологиялық қолдау орталықтары жұмыс жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Психологиялық қолдау орталықтарына былтыр қанша адам жүгінді?

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Алдын алу мәселелері

Аталған орталық мамандары 2025 жылы 48 019 жеке психологиялық кеңес өткізген. Оның ішінде 23 885 балаға, 14 898 ата-анаға, 9 236 педагогке кеңес берілген.

Елімізде алғаш рет педагогтерді психологиялық қолдау кабинеті ашылды

Бұл көрсеткіштер – психологиялық саулық және дағдарыс жағдайларының алдын алу мәселелеріне қоғамның ерекше көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Жыл бойы барлық өңірде 40 мыңнан профилактикалық және ағартушылық іс-шара ұйымдастырылған.

Мамандар 9 мыңнан астам

Бүгінде білім беру ұйымдарында оқушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін 9 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Бұдан бөлек, күн сайын азаматтардың өтініштерін қабылдайтын «111» бірыңай байланыс орталығы арқылы көмек алуға болады.

250 мыңнан астам адам психологиялық қолдау орталықтарына жүгінген

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05

Құнарлы өнімге сұраныс жоғары

Экономика • Бүгін, 08:55

Автобус паркі жаңартылды

Аймақтар • Бүгін, 08:48