Соңғы жаңалықтар
Футбол • 20 Қазан, 2025
«Атырау» футбол клубының бас менеджері қызметінен кетті
«Атырау» футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбек қызметінен кеткені мәлім болды. Ол бұл қызметті наурыздан бері атқарып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қазан, 2025
«Әскери баспана» жеңілдетілген ипотекасы қайта жанданады
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және «Әскери баспана» бағдарламасын қайта жандандыру жолдарын талқылады. Кездесу барысында әскери ипотеканың тиімділігін арттыру мен тұрғын үйге қолжетімділікті жеңілдету мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Қазан, 2025
Астанада Абай университетінің Білім беру институты ашылды
Астанада еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Білім беру институты өз жұмысын бастады. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласын дамыту жөніндегі стратегиялық тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қазан, 2025
Жас кәсіпкер тың бастамасына мемлекеттен қолдау күтеді
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының тұрғыны, үнемі тың идеяға жақын жүретін Аяжан Қуатбекқызы балабақша бүлдіршіндеріне түрлі ойыншық жасауды қолға алған. Балаларға ғана емес, шағын цехтан күнделікті тұрмысқа қажет былғары бұйымдар да шығарып жатыр. Айта кетерлігі, әр жасаған дүниесінен қазақы иіс аңқып тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 20 Қазан, 2025
Giro d’Almaty-2025 веложарысы өтті
Алматы қаласы жаттықтырушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен велоспорт әуесқойлары мен ардагерлерінің дәстүрлі Giro d’Almaty-2025 шосселік жарысы өтіп, оған Астана, Көкшетау, т.б. қалалардан келген спортшылар да қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Келер жылы 2 689 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанның 6 179 елді мекенінің 119 қаласы мен 4 906 ауылы байланыспен қамтамасыз етілген, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 20 Қазан, 2025
Құқық үстемдігі – тәуелсіздіктің сара жолы: Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы
Биыл Қазақстан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын атап өтуде. Дәлірек айтсақ, бүгінгі таңда әлемге танылып отырған еліміздің мемлекет болып қалыптасуы тап осы кезеңнен бастау алды. Декларация республикамыздың ішкі және сыртқы саясатын өз бетінше айқындау, ресурстарға иелік ету, билік органдары мен заңнамалық жүйені қалыптастыру құқығын алғаш рет заңды түрде бекітіп берді.
Үкімет • 20 Қазан, 2025
Цифрлық штаб мемлекеттік сервистерді бірыңғай платформаға біріктіруді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Цифрлық штаб отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Отырыста бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыру, инновациялар мен IT-стартаптарды қолдау жөнінде нақты шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 20 Қазан, 2025
ШҚО-да депутат қаржы жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «QazConstructions» ЖШС басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Олар Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдікке іліккен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Қуыршақ труппасы балаларға «Ұсқынсыз үйрек» қойылымын тарту етті
Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық -драма театрының қуыршақ труппасы 41 маусымын Г.Х.Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» спектаклінің премьерасымен ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Жетісуда суармалы жерлердің көлемі ұлғаяды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде су шаруашылығы нысандарының жай-жапсарымен және бірқатар ірі жобаның іске асу барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Қазан, 2025
Израиль шабуылдарынан Газада 40-тан астам палестиналық қаза тапты
Газа секторында Израиль әскери әуе күштерінің соққылары салдарынан соңғы тәулікте 44 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Теннис • 20 Қазан, 2025
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 7-орынға көтерілді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Қазан, 2025
Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күшті жел соғып, тұман түсіп, жоғары және төтенше өрт қауіптілігі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 20 Қазан, 2025
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қазан, 2025
Қызылордада «Үздік аула» байқауы жеңімпаздары марапатталды
Қызылордада «Қала күні» мерекесі аясында өткен мерекелік іс-шаралар аясында дәстүрлі «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қаланы жасыл желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға үлестерін аянбай қосып келе жатқан қала тұрғындарын ынталандыруды мақсат еткен бұл байқау 2018 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қазан, 2025
Құтқарушыларға құрмет көрсетілді
Тараз қаласында Құтқарушылар күні және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қазан, 2025
Автобус паркі 24 қоғамдық көлікпен толықты
Облыс орталығы Тараз қаласының аумағы кеңейген сайын қоғамдық көлікке де сұраныс артып отыр. Тұрғындардың тілегіне назар аударған жергілікті атқарушы билік автобус паркін 90 орындық 24 автобуспен толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Қазан, 2025
Ақтауда бойжеткен тұрғын үй кешенінен секіріп кетті
Ақтауда 18 қазан таңертең қайғылы оқиға болды. Жас қыз қыз 17-шағын ауданда орналасқан Green Plaza тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан құлап түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 19 Қазан, 2025
Энергетика министрлігі: Орынбор зауытындағы апатқа байланысты Қазақстан газсыз қалмайды
Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытында болған төтенше жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қазан, 2025
Алматыдағы Наталия Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
Алматыдан келген Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры алғаш рет Мәскеуде, Ресей академиялық жастар театры сахнасында өнер көрсетті. Бұл гастрольдік бағдарлама Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет күндері аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қазан, 2025
Шавкат Рахмоновтың алдағы жекпе-жектегі қарсыласы туралы айтылды
DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Қазан, 2025
Ақмола облысында іздеуде жүрген азаматтар ұсталды
Ақмола облысында іздеуде жүрген, соның ішінде ауыр қылмыс жасаған азаматтар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 19 Қазан, 2025
Алматыда оқушылар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары экобелсенділермен бірге «Сосновый бор» саябағының аумағына үш мыңға жуық құрғақшылыққа төзімді қарағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастама саябақ периметрінде жасыл қоршау жасау мақсатында жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қазан, 2025
Алматыда жас таланттардың сурет көрмесі ашылды
Мемлекеттік орталық музейде «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласының үздік бейнелеу студияларының шығармашылығына арналған «Күзгі симфония: балалар мен тәлімгерлер» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қазан, 2025
Қазан айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?
2022 жылдан бастап Қазақстанда 25 қазанда аталып өтетін Республика күні қайтадан мемлекеттік мереке және демалыс күні болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қазан, 2025
Ақтаудағы онкоорталық маңынан ер адамның мәйіті табылды
Ақтауда №1 шағын ауданындағы онкологиялық орталық пен аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қазан, 2025
Қазақстан World Boxing рейтингінде үздіктер көшін бастады
Халықаралық бокс федерациясы World Boxing әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады. Бұл тізім Өзбекстан мен Қазақстанның олимпиадалық бокстағы жетекші елдер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Қазан, 2025
Павлодарда мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Павлодардағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы күзгі бал кезінде мұғалімге қол көтерді. Оқытушы полицияға шағымданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 19 Қазан, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.