ат
Заң • 06 Желтоқсан, 2025
Бүгін Қазақстанда Прокуратура күні аталып өтеді
6 желтоқсанда Қазақстанда Прокуратура күні атап өтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Желтоқсан, 2025
Атырау жасөспірімдері құқық бұзушылықты қай кезде жасайды?
Атырау қаласында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өскені байқалады. Осыған орай жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатындағы профилактикалық жұмыс күшейтілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Желтоқсан, 2025
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Бүгін АҚШ астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.
Заң • 05 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 31 мекеме қосымша қызмет көрсету кезінде заң бұзған
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті жыл басынан бері мемлекеттік сектордағы 100 мекеме мен заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 05 Желтоқсан, 2025
Балаң суретшілер Тәуелсіздік күніне тарту жасады
Ұлттық орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай "Көк аспан астында" деп аталған сурет көрмесі есік ашты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Ақмола облысында жаппай жол апаты болды
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 5 желтоқсан күні шамамен 14:21-де «Екатеринбург — Алматы» тас жолының 1300-шақырымында бірнеше көлік қатысқан ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Қайтыс болған донор 4 адамға өмір сыйлады
Алматыда 4-клиникалық аурухана базасында көп ағзалық донорлық үдеріс өтті. Бұл туралы Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Атырауда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздарына 5 млн теңгеден берілді
Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жобаның үш жеңімпазы 5 млн теңгеден қайтарымсыз грантты иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Қырғызстанға кіру ережесі өзгерді: біздің елдің тұрғындары нені ескеру керек?
Шетелдіктердің Қырғызстанда болуына қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Оған Қазақстан азаматтарының қатысы бар. Қырғызстанның Министрлер кабинеті бұл ережелерді 2023 жылы қабылдаған. Алайда екі ел арасында соңғы екі жыл бойы жеңілдіктер қолданылып, Қазақстан азаматтарына тіркеусіз ұзағырақ болуға мүмкіндік берілген еді. Льготалық кезең аяқталғаннан кейін жаңа талаптарды қолдану осы жылдың 1 қыркүйегінен басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыда BRT желісі сынақ режимінде іске қосылды
Алматыда BRT (жедел автобус көлігі) желісінің негізгі учаскелерінің бірі сынақ режимінде іске қосылды. Ол Желтоқсан көшесінің бойымен өтіп, қаланың екі негізгі магистралі Тимирязев көшесі мен Райымбек даңғылын байланыстырады, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 05 Желтоқсан, 2025
«Отбасы банк» Астанадағы ең үздік салық төлеуші атанды
«Отбасы банк» Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінен марапат алды. Нұра ауданы бойынша «Үздік салық төлеуші» номинациясына ие болды және қаланың бюджетін толықтыруға қосқан үлесі үшін марапатталды. Бұл – Банктің ұстап отырған ашық әрі адал салық саясатының жоғары бағалануы, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді
Бүгін АҚШ-тың Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Жеребе тарту рәсімін «Qazsport» телеарнасы Қазақстан уақытымен 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 05 Желтоқсан, 2025
ERG кәсіпорындары Қазақстандағы үздіктер деп танылды
ERG құрамына кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауыты республикалық «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік байқауында күміс жүлдеге ие болды. Зауыт «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымында ірі бизнес нысандары арасында озық шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Президент: Сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз, бұған жол беруге болмайды
Бүгін «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтары лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шарадағы сөйлеген сөзінде Президент Үкіметтің алдында сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету міндеті тұрғанын атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жіті бақылау қажет – Бибігүл Жексенбай
Сенатор Бибігүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері туралы айтып берді. Бұл сала еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесіндегі ең осал буын болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект технологиясын тиімді қолданған жөн
Бұл туралы Мемлекет басшысы «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтары лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Заманауи зауыт жылына жетпіс мың тонна жеміс өңдейді
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өңдеу технологияларымен жабдықталған жаңа зауыт – бәсекеге қабілетті өнім өндіруге және отандық аграрлық-өнеркәсіптік кешенді (АӨК) одан әрі нығайтуға ықпал етеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыдағы өрт: ондаған адам эвакуацияланды
Бүгін түнде Алматыдағы Әуезов ауданында өрт шықты. Асай-5 шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйдің бір пәтерінде тұрмыстық заттар өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Табиғат • 05 Желтоқсан, 2025
Іле Алатауында бәйшешек гүлдеді
Қызыл кітапқа енген Алатау бәйшешегі (Crocus alatavicus) қыста гүлдеді. Бұл туралы Іле Алатау ұлттық паркінің баспасөз қызметі хабарлады. Әдетте бәйшешектің бұл түрі наурыз немесе сәуір айында ғана гүл ашқан, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты өтуі мүмкін
Қазақстан спортының беделін айқындайтын дода келесі жылы өтеді. Студенттердің жаһандық жарысы елімізде бұған дейін 2006 жылы ұйымдастырылған еді. Араға 20 жыл салып, байрақты бәсекенің жалауы қазақ жерінде қайта желбірегелі отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Өмірлік маңызы бар дәрілердің қаншасы Қазақстанда өндіріледі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған өмірлік маңызы бар дәрілердің тізімінде отандық препараттардың үлесі бүгінде 37%-ға жетіп отыр. Созылмалы ауруларды емдеу, шұғыл көмек көрсету және реанимация үшін ең қажетті дәрі-дәрмектер ел ішінде жиі жасалғандықтан тұрғындарға қолжетімділігі тұрақты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Қазақстан полицейі әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Жаһандық жарыс Ресейдің Саратов қаласында әмбебап жекпе-жектен өтті. Қарашаның 25-30 күндері өткен додаға 32 елдің спортшысы қатысты. Олар кедергілер жолағынан өту, пышақ лақтыру, пневматикалық қарудан ату, қоян-қолтық ұрыс бойынша сайысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыда инватакси енді тәулік бойы жұмыс істейді
Алматыда тіркелген 3100 мүмкіндігі шектеулі адамның 2215-і «Инватакси» қызметін белсенді тұтынады. Бұған дейін тек күндіз қызмет көрсетіп келген «Инватакси» қызметі енді түнде де қолжетімді болады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 05 Желтоқсан, 2025
Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін боксшыларымыздың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
Дубайда IBA-ның ұйымдастыруымен бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жаһан біріншілігінде үш отандасымыз шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектерді IBA Boxing ютуб арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2025
Голан жоталарында мыңнан аса қауіпті зат табылды
БҰҰ миссиясы құрамында қызмет ететін бөлінуді бақылау жөніндегі Қазақстан контингентінің инженерлік-саперлік тобы осы жылдың 8 айында бітімгерлер 32 жедел тапсырманы орындап, 1 000-нан астам қауіпті затты, оның ішінде 23 қолдан жасалған құрылғыны тауып, жойған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыда суицид жасамақ болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды
Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағы «Алматы-1» теміржол станциясы аумағында өзін-өзі пышақтамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 04 Желтоқсан, 2025
Атыраудағы әуежайды жаңғыртуға 50 млн доллар инвестиция тартылады
Атырауда Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайында «Ашық аспан» режимі қосылды. Қазір халықаралық 6 бағытқа әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Желтоқсан, 2025
Талдықорған театрына академиялық мәртебе берілді
Жетісу облысының мәдени өмірінде маңызды жаңалық — Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді. Бұл мәртебе Премьер-Министрдің 2 желтоқсандағы қаулысы негізінде ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Еуропа Одағы БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқық нормаларын сақтауға әрдайым бейіл екенін тағы да растады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 7 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Атырау облысында жыл басынан бері мансап орталықтарына жұмыс іздеген 24 мыңнан астам жас жүгінген. Оның ішінде 22 500-іне түрлі әлеуметтік қолдау көрсетілді, деп жазады Egemen.kz.