ай
Ауа райы • 20 Қараша, 2025
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: 20 қарашада ауа райы қандай болады?
20 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 19 Қараша, 2025
Жетісайда өрттен зардап шеккендердің бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді
«Казавиақұтқару» авиациялық қызметінің EC 145 тікұшақ экипажы Түркістан облысының Жетісай ауданынан санитарлық рейс орындап, 12 адамның өмірін қиған өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адамды Шымкентке жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 19 Қараша, 2025
Ауыл балаларынан құралған ансамбль халықаралық байқауда жеңіске жетті
Ұлытау облысы, Жаңарқа ауданы, Ш. Ералиев ауылдық округінің Оспан Әлібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің «Еркем-ай» би ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық «Бала Шабыт» байқауынан бірінші және екінші орын алып, жүлделі оралды. «Еркем-ай» би ансамблі 5-7-8-сынып оқушыларынан құралған.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Қостанай облысында мал ұрлығы жиілеп барады
Қостанай облысында өтіп жатқан жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Қамысты, Әулиекөл аудандарында жасалған бірнеше мал ұрлығын ашты. Аталған қылмысқа қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды. Ұрланған малдың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу: Дрондар иесіз жайылған малды анықтайды
Қараусыз жануарлар жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болатыны мәлім. Абай облысында дрондар малдың бақылаусыз жайылуына байланысты жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектесіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 19 Қараша, 2025
Мәскеудегі «Голос. Дети» байқауының финалында «Жас сарбаз» солисі ел намысын қорғайды
Таланты мен табанды жігерінің арқасында «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының солисі Жасмина Түзелова ресейлік «Голос. Дети» шоуының 12-маусымының финалына өтті, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Қараша, 2025
«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жаңа басшы келді
Аталған лауазымға Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Дәурен Жамбайбек тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 18 Қараша, 2025
Дүкендегі бағаны негізсіз көтерген сатушыларға 50,8 млн теңге айыппұл салынды
Сауда және интеграция министрлігі сауда саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуін тежеу бағытында жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
«Қайрат» билет бағасын төмендетуге байланысты мәлімдеме жасады
«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы матчтарына арналған билет бағасына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 18 Қараша, 2025
Димаш Мысырдағы концертінің алдында сұхбат берді
30 қарашада Гиза қаласында өтетін «The Pyramids Echo» фестивалі аясында Димаш Құдайберген екі сағаттық жеке концертін қояды. Мысырдағы жаңа елде, жаңа континентте өнер көрсетпес бұрын, қазақстандық өнерпаз фестиваль ұйымдастырушыларының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Абай облысында 500 орындық оқушылар сарайы ашылады
Биыл облыста «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 2 700 орынға арналған 4 мектеп іске қосылды. Енді 500 орындық оқушылар сарайы ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 18 Қараша, 2025
«Қайрат» Чемпиондар лигасының алдағы матчтарын Астанада өткізеді
Алматылық «Қайрат» биылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңындағы кездесулерін елордадағы «Астана Аренада» өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Талғат Байсуфинов: Ойын тұрақтылығын сақтай алсақ нәтижеге жетеміз
Фарер аралдарына қарсы өтетін жолдастық матч алдында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов команда дайындығы, қарсыластың қарқыны және ойын тәртібінің маңыздылығы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Шымкентте ашық аспан астындағы мұз айдындары салынады
Жаздың күндері Шымкентте қыдыратын жер көп. Күннің ыстығында адамдар өзен, көл, тоғанға барып шомылады. Кешкі салқынмен саябақтарда серуендейді. Ал қыс кезінде жабық ойын-сауық орталықтары болмаса, қыдыратын жер жоқ еді. Енді оның шешімі табылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2025
Шетел инвесторлары отандық мұнай кен орындарынан кеткісі келмейді. Себебі неде?
Rystad Energy зерттеуіне сәйкес, 2025-2030 жылдары әлемнің ірі мұнай-газ алпауыттары үшін Қазақстан ең негізгі табыс көзіне айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Қараша, 2025
Зайсанда Абайдың шөбересінің 100 жылдығы атап өтілді
Зайсан қаласында Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте Абайдың 180 жылдығына орай «Абай тағылымы және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Конференция тақырыбына Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойы және Абайдың шөбересі, педагог-ақын, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Гүлзифа Исрайлқызының 100 жылдығы арқау болды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2025
«Chevron» компаниясы «Лукойл» активтерін сатып алуы мүмкін
Reuters агенттігінің мәліметінше, америкалық «Chevron» компаниясы ресейлік «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 18 Қараша, 2025
Президент қолынан марапат алған жас комбайншының жетістігі
Биыл көктен иіп, жерден беріп, өңір диқандары мол табысқа кенелді. Ырыздық жорығына қатысқан жігерлі жастар да аз емес. Соның бірі – комбайншы Диас Біләлов. Ол орақ науқаны кезінде 1 830 гектар алқаптың егінін орып, 4 920 тонна астық бастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қараша, 2025
Қазақстан ірі шетелдік мұнай компанияларының үстінен халықаралық сотқа шағым түсірді
Қазақстан арбитраждық сот алаңына шығып отыр – ел билігі халықаралық мұнай-газ компанияларына қарсы өз ұстанымын күшейту мақсатында Швейцария сотына жүгініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 18 Қараша, 2025
7 гектар жер алды: Қытайлық компания Жамбыл облысында ерекше жобаны бастады
Аталған облыстың Жамбыл ауданына қарасты Әулиекөл ауылында қуаты 50 МВт болатын жаңа бу-газ электр станциясының (БГЭС) құрылысын бастауға арналған капсула салу салтанатты рәсімі «Жамбыл Invest: жаңа жобалар – жаңа жұмыс орындары» атты республикалық баспасөз туры аясында өтіп, оған облыс әкімі Ербол Қарашүкеев, инвесторлар өкілдері, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілі Жандос Рүстембаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 18 Қараша, 2025
Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған «JULDYZ» көрмесі ашылды
Димаш Құдайбергеннің Еуропадағы жеке концерттерімен қатар, 12-17 қараша аралығында «JULDYZ» көрмесі өтті. Экспозицияда суретші Punktgeläut әншінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін туындыларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 18 Қараша, 2025
Қостанайда бір аптада мас күйінде көлік жүргізген 49 адам ұсталды
Қостанай облысында соңғы екі күннің ішінде 3061 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Полиция 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін анықтап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 17 Қараша, 2025
Есірткі сатқан дәріханаларға 150 миллион теңге айыппұл салынды
Қазақстанда ІІМ қызметкерлері құрамында есірткі бар және күшті әсер ететін 100 мыңнан астам дәрілік заттың айналымын бақылауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қараша, 2025
Әйгілі әуе компаниясы бортта гаджет пайдалануға тыйым салды
Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшу кезінде сыртқы аккумуляторларды (power bank) пайдалануға толық тыйым салынатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қараша, 2025
«Қазгидромет» мамандары алдымыздағы қыс айларына консультативтік болжам жасап, алдағы апталардың ауа райы ауанына түсініктеме берді. Бұл туралы орталық директоры Марина Шмидт пен ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова баспасөз конференциясында тарқатып айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қараша, 2025
Бестеректегі 4 баланың өліміне себеп болған жол апатына қатысты іс сотқа жіберілді
Абай облысының Үржар ауданында төрт бірдей баланың қазасымен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс сот қарауына жолданды. Процесс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша ашық түрде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 17 Қараша, 2025
Көкшетау тұрғыны донор болып анасын құтқарып қалды
Көкшетау қаласының тұрғыны Дінболат Құсайынов анасының өмірін сақтап қалу үшін бауырын донор ретінде берді. Бұл шешімге ол алты жыл бұрын бекігенімен, анасының келісімін ұзақ күтуге тура келген, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Қараша, 2025
Түркістанда жанармай бекеті отқа оранды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт алдымен бекет аумағында тұрған жүк көлігінен шыққан, кейін жалын ғимарат шатырына тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Қараша, 2025
Kaspi де бар: Бірыңғай QR-ға қандай банктер қосылды?
13 қарашада Алматыда өткен Central Asia Fintech Summit аясында Ұлттық банк басшысы Тимур Сулейменов бірыңғай банкаралық QR-кодтың іске қосылғанын жариялады. Бұл қадам нарық үшін маңызды, себебі енді ірі экожүйелер, банктер мен реттеуші орган мүдделері бір арнаға тоғысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Қараша, 2025
Бүгін елімізде боран мен көктайғақ күтіледі
«Қазгидромет» мәліметінше, 17 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон ықпалы байқалады. Бұл көбіне ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы болатынын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.