Соңғы жаңалықтар
Тұлға • 06 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының туған күні 6 желтоқсан – Маңғыстауда әдебиет мерекесіне айналды. Биыл жазушының өмірден өткеніне (11 желтоқсан) 10 жыл екен. Осы орайда өзі еңбек еткен, тұрақты авторы әрі оқырманы болған сүйікті газеті «Egemen Qazaqstan» арқылы «Әбіш Кекілбайұлы кім?» атты кітап шыққанын жарияламақпыз.
Музей • 06 Желтоқсан, 2025
Біз халықтық, ұлттық өнерімізді бағалай бермейміз. Мүмкін бағаласақ та, соны көпшілікке үлкен сахнадан, эфирлерден заманауи машықта үсті-үстіне жеткізудің жолын үйлестіре алмай жүргендейміз. Бұлай деуімізге Астана қаласының бірлескен музейлер дирекциясына қарасты Өнер музейіне барғанымыз себеп болды.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2025
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ахмет Байтұрсынұлы оқуларының дәстүрлі бағдарламасы жалғасын тауып, түрколог Немат Келімбетовтің ғылыми мұрасын талдауға арналған халықаралық конференция өтті. Жиынға еліміздегі Түркия мен Өзбекстаннан тілтанушы, әдебиеттанушы, түркітанушы ғалымдар қатысып, көне түркі жазбалары, тіл тарихын кезеңдеу, ортақ терминология, әліпби және тарихи тілдік деректерді қайта қарау сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Бір кітап, он бес кейіпкер... Жо-жоқ, он бес тұлғаға арналғанмен, арғы-бергі уақыт кезеңдеріндегі естен кетпес көптеген есім аталатын ғылыми эсселер. Кітаптың авторы өзіміз ағалы-інідей бірге қызмет істегендіктен, оның қырық жылдан бергі әр қадамы көз алдымда өткендіктен, оның кісілік келбеті мен шығармашылық қарымын бір кісідей жақсы білемін.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2025
Жылу беретін орталық тығырыққа тіреле ме?
Қаһарлы қыс келгенде мұнайлы шаһардағы көпқабатты үйлерді жылумен қамтитын «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ тығырыққа тірелгелі отыр. Себеп – «Теңізшевройл» ЖШС-ның аталған орталықты өндірістік газбен қамту жөніндегі келісімшарттың 2026 жылға ұзартылмайтыны туралы ескертуі.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Тоқсаныншы жылдардан бері Қостанай облысына шамамен 37 мыңдай қандасымыз қоныс аударыпты. Атамекенге ат басын бұрған ағайынның легі кейінгі жылдары сәл саябырсып қалды. Алайда көш тоқтаған жоқ. Мәселен, биыл өңірде 193 адам қандас мәртебесіне ие болды. Оның 135-і – Өзбекстаннан, 55-і – Түрікменстаннан, үшеуі Ресейден қоныс аударған. Осы 193 қандастың 150-і өңірлік квотаға еніп отыр.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Солтүстік Қазақстан облысына биыл 1 928 адамды қамтыған 499 отбасыдан тұратын қандас пен қоныс аударушы көшіп келген. Соның 155-і – қандастар. Бұл былтырғымен салыстырғанда аз. Өткен жылы жалпы 2 547 адам көшіп келген еді. Биыл осы көрсеткіш 619 адамға азайып отыр.
Жәдігер • 06 Желтоқсан, 2025
Ғабдолдың майданнан жолдаған хаты
Миллиондарды майдан даласында қалдырған Екінші дүниежүзілік соғыстың өшпес даңқы ұмытылмайды. Мұнайлы өңірдегі музейлерде сұрапыл соғыстың ауыртпалығынан сыр шертетін сандаған жәдігер сақтаулы тұр.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2025
1941 жылдың қараша айының ортасында кеңес одағын дүр сілкіндірген төтенше оқиға болды. КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасы Михаил Иванович Калининнің атына жазылған бір парақ хат алып империяның шаңырағын шайқалтып жібере жаздады. Сол күннен бастап мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін орган – КСРО Ішкі істер халық комиссариаты (атышулы НКВД) қызметкерлерінің ұйқысы қашып, қазақ даласында құрылған астыртын ұйымды шам алып іздеуге кірісті.
Спорт • 06 Желтоқсан, 2025
Кенияның Найроби қаласында таеквондодан әлем чемпионаты мәресіне жетті. 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы жаһандық додада ел қоржынына екінші медальды Тамерлан Тілеулес салды. 63 кг салмақ дәрежесінде сайысқан ол жартылай финалда сүрініп, қола медальды қанағат тұтты. Бұған дейін Бейбарыс Қабылан 87 кг салмақта әлем чемпионы атанған болатын. Бейбарыс – таеквондодан әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы. Жаһан додасына 75 елден 500-ге тарта спортшы қатысты.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Тағдырдың салған ісіне қайыспай қарсы тұру – қажыр-қайраты кемел адамдардың ғана маңдайына жазылған сыбаға. Кәтепті қара нар ғана көтеретін зілмауыр жүкті арқалай жүріп келешектің көкжиегіне сығалаған үлбіреген үміт сәулесі жан жүректерін жылытып, он екі мүшесіне сарқылып бітпес күш-қуат құятындай.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Күш атасы Қажымұқанның белдескенінен бөлек, жиын-тойдағы өнерін естігенде таңдай қағатынбыз. Аңызға айналған тұлға туралы түрлі әңгімені құлағымыздың құрышын қандырып тыңдадық та. Көзбен көріп, әсерін сезінгендер қандай күй кешті екен деп ойлаймыз кейде. Айтқымыз келгені – күш атасын үлгі тұтып, ізін жалғастырушы бар екен бізде де. Шет ауданы Ақжал кентінде «Терминатор» атанған Алшынбай Мұқышев есімді ақсақал тұрады.
Спорт • 06 Желтоқсан, 2025
Атыраудан Олимпиада чемпионы қашан шығады?
Мұнайлы өңірде спорт кешендері аз емес. Спорт секциялары да жетерлік. Алайда атыраулық спортшылар арасынан таеквондошы Арман Шылманов пен парадзюдошылардан өзгелері Олимпия ойындарының жеңімпазы, тіпті жүлдегері атана алмай жүр.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Майқайың: Апатты аймақтың халқы неге наразы?
Жыл соңы таяп қалғанына қарамастан, Майқайың кентінің «Шанхай» шағын ауданындағы ескі үйлердің мәселесі толық шешіліп болған жоқ. Алтын фабрикасының жаңа қожайыны ұсынған өтемақыға кейбір тұрғындардың көңілі толмай отырғаны байқалады.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2025
Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты Талғар өңірлік филиалы базасында «Мичурин бағы» ашылды.
Ғалам ғажаптары • 06 Желтоқсан, 2025
Израиль дәрігерлері 3D-принтермен көздің нұрлы қабығын басып шығарып, оны 70 жастағы әйелге сәтті трансплантацялады. Бұл – медицинада бұрын-соңды болмаған жаңалық.
Ғалам ғажаптары • 06 Желтоқсан, 2025
Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында жасанды интеллектімен жабдықталған Хансин-1 атты полиция роботы қызметке кірісті.
Өнер • 06 Желтоқсан, 2025
Индербор кентінде тұратын Азамат Кенжеғалиев – темірден түрлі арт-мүсін жасайтын шебер. Мамандығы мүсінші болмаса да оның қара металдан, ағаштан түйген туындыларына қызығушылар көп.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Талдықорған театры академиялық мәртебе алды
Жетісу облысының мәдени өмірінде тарихи оқиға болды. Көптен күткен Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді. Осылайша абыройлы атақ ресми түрде бекітіліп, Мемлекет басшысы биыл Мәдениет қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиында көтерген бастамасы нақты жүзеге асты.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2025
Лондоннан жеткен сүйінші хабар
Жазушы Қайсар Әлімнің «Міржақып Дулатұлы» ғұмырнамалық кітабы Лондонның «Crab Publising» баспасынан Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен ағылшын тілінде жарық көрді. Қазақ тілінен аударған – Бақтыгүл Маханбетова.
Саясат • 06 Желтоқсан, 2025
Балалар қауіпсіздігін қорғау – басым бағыт
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті.
Спорт • 06 Желтоқсан, 2025
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Бүгін АҚШ астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.
Саясат • 06 Желтоқсан, 2025
Машина жасау саласын қолдау күшейеді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан машина жасаушылар одағы Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі. Кездесуге қатысушылар саланың даму келешегіне тоқталып, оларды іске асыру жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ жиында биыл атқарылған жұмыс қорытындыланды.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Римде 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Заң • 05 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 31 мекеме қосымша қызмет көрсету кезінде заң бұзған
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті жыл басынан бері мемлекеттік сектордағы 100 мекеме мен заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 05 Желтоқсан, 2025
Балаң суретшілер Тәуелсіздік күніне тарту жасады
Ұлттық орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай "Көк аспан астында" деп аталған сурет көрмесі есік ашты, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 05 Желтоқсан, 2025
Индонезия Қазақстан азаматтарына визасыз режим енгізуі мүмкін
Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізіп, тікелей әуе рейстерін ашуды ұсынып отыр. Бұл туралы Индонезия Республикасының Қазақстандағы және Тәжікстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджрул Рахман мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 05 Желтоқсан, 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға 1700 өтінім түсті
Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 05 Желтоқсан, 2025
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында келесі жылы суару маусымында су тапшылығы болуы мүмкін