Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл жоба алғаш 1969 жылдың 5 қазанында эфирге шыққан. Ал Гиннестің ресми есебінде 2024 жылдың 6 қазанында аталған телесериалға 55 жыл 1 күн болғаны нақты жазылған. Тағы бір қызығы, мультисериалдың түп-төркіні жапон суретшісі Мачико Хасэгава жасаған төрт кадрлы қысқа комикстерге барып тіреледі. Сөйтіп, қарапайым комикстен басталған «Садзаэ ханым» бүгінге дейін үзілмей жалғасып, тұтас бір ұрпақтың балалық шағын ғана емес, Жапонияның күнделікті тұрмыс тарихын да экранда сақтап келе жатқан рекордтық жобаға айналды.