ет
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыда инватакси енді тәулік бойы жұмыс істейді
Алматыда тіркелген 3100 мүмкіндігі шектеулі адамның 2215-і «Инватакси» қызметін белсенді тұтынады. Бұған дейін тек күндіз қызмет көрсетіп келген «Инватакси» қызметі енді түнде де қолжетімді болады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Желтоқсан, 2025
Тұман, көктайғақ, жел: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады және қатты жел соғады деп болжап отыр, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Желтоқсан, 2025
Талдықорған театрына академиялық мәртебе берілді
Жетісу облысының мәдени өмірінде маңызды жаңалық — Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді. Бұл мәртебе Премьер-Министрдің 2 желтоқсандағы қаулысы негізінде ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
«Ұлы дала» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Биыл байқау Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 04 Желтоқсан, 2025
Жетісайдағы өрттен аман қалған 2 адамның жағдайы қалай?
8 қараша күні Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, сол күні 12 адам қайтыс болған еді. Өрттен аман қалған 3 адамның біреуі 1 желтоқсан күні ауруханада қайтыс болды. Ал қалған екі науқастың жағдайы қалай? Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ем алушылардың жағдайы тұрақты екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 04 Желтоқсан, 2025
Алматыдағы метро уақытша жұмысын тоқтатты
Алматыда жер сілкінісінен кейін қалалық метро уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Талдысай ауылына интернет байланысы қосылды
Ұлытау облысы, Ұлытау ауылдық округіне қарасты Талдысай елді мекенінде Jusan Mobile компаниясының қолдауымен One Web спутниктік жүйесі орнатылып, Wi-Fi интернет желісі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Желтоқсан, 2025
Еуропалық Одақ Ресей газынан толықтай бас тартатын болды
Еуропалық кеңес пен Еуропарламенттің шешімі бойынша ресейлік құбыр газының жеткізілімі 2027 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірілмей тоқтатылуы тиіс. Кейбір жағдайларда мерзім 2027 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынуы мүмкін
Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салу туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Заң жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Желтоқсан, 2025
Тұман түсіп, көктайғақ болады: еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 4 желтоқсан күні елордада және Қазақстанның 14 өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, көктайғақ болады, қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Бір реттік «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясы басталды
Елімізде Аграрлық несие корпорациясынан қарыз алып, төлей алмай жүрген заңды және жеке тұлғалар үшін бір реттік акция басталды. Оған сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар борышкерлер қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Депутат газет бағасы мен «Қазпошта» мәселесін көтерді
Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров газет-журналдарды ауылдарға жеткізу тарифтерінің бағасын тұрақтандыру және «Қазпошта» мен «Қазтелеком» қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Қант диабетіне шалдыққан және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем тең беріле ме?
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында көтерілген мәселелердің бірі – 2 топтағы қант диабетіне шалдыққандарға және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем беру туралы. Аталған мәселені депутат Нұргүл Тау көтеріп, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Зейнетақы активтерінің көлемі 25 трлн теңгеден асты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерін басқару туралы есепті жариялады. Ұлттық банк (ҰБ) пен инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) басқаратын қаражаттың жалпы көлемі 25,8 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Бегалы ауылында қайтарылған активтер есебінен медициналық пункт салынды
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық пункт салынды. Нысанның жалпы құны – 132 млн теңге, оның 65 млн теңгесін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2025
Шертпе күйдің шебері Нұрымбай Сүлейменұлы өмірден озды
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі күйші, шертпе күй дәстүрінің көрнекті өкілі, композитор Нұрымбай Сүлейменұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасына және туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2025
Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ширек ғасыр мерейтойын атап өтті
Бұрнағы күні Қызылжарда С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ашылғандығына 25 толған мерейтойы аталып өтті. Оған өнер ордасының тұңғыш режиссері Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек бастаған театр шымылдығын алғашқы болып ашқан өнерпаздар, одан бері де біраз жылдар қызмет істегендер және жалпы өнер сүйер қауым тегіс жиналды деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Желтоқсан, 2025
Биыл өңдеу өнеркәсібінде 1,5 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосылады
Өңдеу өнеркәсібінде жыл соңына дейін 1,5 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Ауа райы • 02 Желтоқсан, 2025
Синоптиктер Астанаға не себепті қар жаумай тұрғанын түсіндірді
Елордада биылғы қыс әдеттегіден жылы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында қанша үкіметтік емес ұйым тіркелген?
Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақта 892 үкіметтік емес ұйым бар. Демократиялық қоғамды алға жылжытуға атсалытатын мұндай ұйымның басым бөлігі Атырау қаласында жұмыс істейді. Қазір мұнайлы шаһарда 741 ұйым түрлі жобаны іске асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
Астанада ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды
Бүгін Астанадағы «Алатау» спорт сарайында ауыр атлетикадан Қазақстан біріншілігі басталды. 7 желтоқсанға дейін жалғасатын бәсекеде еліміздің 17 өңірінен келген 177 спортшы бақ сынайды, Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 5G-ге қосылған қанша станция бар?
Атырау облысында интернетке қосылған елді мекендер саны 146-ға жетті. Ал 5G технологиясымен интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін 133 базалық станция жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Желтоқсан, 2025
Биыл әскерилер қанша білім грантын алды?
Биыл жастарды әскери қызметін өткеруге ынталандыру мақсатында 3 000-нан астам мемлекеттік білім беру гранттары берілген. Оның ішінде 2 000-нан астамын 2024 жылдың көктемі мен күзінде әскерге алынып, 2025 жылы қызметін аяқтаған азаматтар алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 02 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов: Мемлекет дәрі сатып алудан 36 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов фармацевтикалық нарықтағы тәртіпті күшейтіп, дәрілердің әділ бағамен сатып алынуын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген жаңа цифрлық жүйе қомақты қаржыны үнемдеуге мүмкіндік бергенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 02 Желтоқсан, 2025
2040 жылға қарай мұнай өңдеу қуаты 40 млн тоннаға дейін жетеді
Мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде өңдеу көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту көзделіп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Желтоқсан, 2025
Елімізде қанша шетелдік студент білім алып жүр?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл еліміздің жоғары оқу орындарында 88 мемлекеттен келген 35 075 шетелдік студент білім алып жатыр. Кәсіби білім үшін Қазақстанды таңдайтын шетелдік жастардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артқан, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Желтоқсан, 2025
Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 2 желтоқсанда Астана қаласында және еліміздің 16 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Энергетика • 01 Желтоқсан, 2025
Министрлік: АИ-92 бағасы өседі деген ақпарат шындыққа жанаспайды
Энергетика министрлігі жанар-жағармайға қатысты баға мораторийі әлі де күшінде екенін ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 01 Желтоқсан, 2025
Медициналық сақтандыру қорының төрағасы қызметінен кетті
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) төрағасы Айдын Құлсейітов қызметінен кетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
14 жыл ішінде Алматы метрополитені неше миллион жолаушыны тасымалдады?
Алматы метрополитенінің іске қосылғанына бүгін 14 жыл толып отыр. Жолаушылардың қауіпсіз, қолайлы әрі жылдам жүруін қамтамасыз етіп келе жатқан метрополитен осы уақыт ішінде қаланың негізгі көлік түрлерінің біріне айналған, деп жазады Egemen.kz.