он
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
WorldSkills Kazakhstan чемпионатына 15 жаңа құзыреттілік қосылды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада 3 желтоқсанда басталған WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты әлі де жалғасып жатыр. Биыл чемпионатқа қатысушылардың саны 1,5 есе артқан. Мәселен, былтыр 548 оқушы қатысқан болса, биыл 825 студент қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Желтоқсан, 2025
Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
600 миллиард доллар: Ірі онлайн-казино схемасы әшкереленді
Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз онлайн-казино қызметін тоқтату және оған қатысы бар қаржы арналарын бұғаттау бағытындағы шараларды күшейтті. Тексеру нәтижесінде төлем ұйымдары арқылы қаражатты заңды транзакциялар ретінде көрсетіп, шын мәнінде онлайн-казино шоттарына аударып отырған трансшекаралық схема анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2025
Қазақстандық конькимен жүгірушілер Әлем кубогі кезеңінде 11 медаль жеңіп алды
Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аяқталды. Отандастарымыз бұл кезеңде нәтижелі өнер көрсетіп, 11 жүлде еншіледі. Оның төртеуі – алтын медаль, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2025
Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға 7 отандасымыз шығады
Дубайда IBA ұйымдастыруымен бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан ерлер құрамасы жаһан біріншілігінде толық құрамда бақ сынауда. Бұған дейін шаршы алаңға шыққан барлық боксшы жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2025
Еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысы мен Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылып отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 07 Желтоқсан, 2025
Алматыда кәмелетке толмағандарға арналған колония ашылды
Алматы қаласында сотталған кәмелетке толмағандарға арналған жаңа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі ресми түрде жұмысын бастады. Жаңа нысанды ішкі істер министрі Ержан Сәденов тексеріп қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда домофон арқылы алдаудың жаңа тәсілі пайда болды
Абай облысының полиция департаменті Қазақстанда домофондарға қатысты алаяқтықтың жаңа схемасы анықталғанын хабарлады.
Спорт • 06 Желтоқсан, 2025
Таэквондошы Батырхан Төлеуғали U21 санатында әлем чемпионы болды
Қазақстандық спортшы Батырхан Төлеуғали (87 келі) Найробиде (Кения) өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атағына қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Желтоқсан, 2025
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды
Бүгін АҚШ астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.
Туризм • 05 Желтоқсан, 2025
Индонезия Қазақстан азаматтарына визасыз режим енгізуі мүмкін
Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізіп, тікелей әуе рейстерін ашуды ұсынып отыр. Бұл туралы Индонезия Республикасының Қазақстандағы және Тәжікстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджрул Рахман мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 05 Желтоқсан, 2025
Семейде 25 мың орындық стадионның құрылысы басталды
Семей – футболдың отаны. Олай дейтініміз, 1913-1914 жылдары Семей қаласында алғашқы футбол клубы пайда болды. «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және семнинаристердің «Ярыш» студенттік клубы құрылды. Футбол сол кездегі Орталық Азия мен Сібір сауда орталығының бірі саналған Семейге Англия саудагерлерімен келген дейді тарихи деректер. Осы «Жарыс» ФК құрамында әйгілі жазушы жазушы Мұхтар Әуезов өнер көрсеткен. Енді міне бір ғасырдан кейін сол жерге үлкен футбол стадионы салынатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Қайтыс болған донор 4 адамға өмір сыйлады
Алматыда 4-клиникалық аурухана базасында көп ағзалық донорлық үдеріс өтті. Бұл туралы Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді
Бүгін АҚШ-тың Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Жеребе тарту рәсімін «Qazsport» телеарнасы Қазақстан уақытымен 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Несие • 05 Желтоқсан, 2025
Жыл соңында автонесиеге деген сұраныс төмендеуі мүмкін
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының есебінше соңғы 9 айда автонесие бөлшек сауда нарығында жылдам қарқынмен дамып келеді. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша көлік алу үшін несие рәсімдегендердің саны 48% өскен, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда бірдей көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Қ.Тоқаев бизнес бетпе-бет келетін әкімшілік кедергілерді азайтуды тапсырды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Президент экономиканы сапалы дамыту үшін реформаларды жалғастыру керек екенін баса айтты, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 05 Желтоқсан, 2025
Бүгін – Халықаралық волонтерлер күні
Елімізде волонтерлік қозғалыс дамып келеді. Биыл волонтерлік ұйым саны 800-ден асып, белсенділер 300 мыңға жетті, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 05 Желтоқсан, 2025
Семейде 25 мың адамға арналған стадионның құрылысы басталды
Семей қаласында жаңа «Smart City» ықшамауданында 25 мың көрерменге арналған заманауи стадионның құрылысы басталды. Стадион құрылысы 2 жылдан кейін аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты өтуі мүмкін
Қазақстан спортының беделін айқындайтын дода келесі жылы өтеді. Студенттердің жаһандық жарысы елімізде бұған дейін 2006 жылы ұйымдастырылған еді. Араға 20 жыл салып, байрақты бәсекенің жалауы қазақ жерінде қайта желбірегелі отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Қазақстан полицейі әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Жаһандық жарыс Ресейдің Саратов қаласында әмбебап жекпе-жектен өтті. Қарашаның 25-30 күндері өткен додаға 32 елдің спортшысы қатысты. Олар кедергілер жолағынан өту, пышақ лақтыру, пневматикалық қарудан ату, қоян-қолтық ұрыс бойынша сайысты, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 05 Желтоқсан, 2025
Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін боксшыларымыздың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
Дубайда IBA-ның ұйымдастыруымен бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жаһан біріншілігінде үш отандасымыз шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектерді IBA Boxing ютуб арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Таеквондодан әлем чемпионатында ел қоржынына екінші медаль түсті
Таеквондодан Найробидегі (Кения) жастар арасындағы әлем чемпионатында Тамерлан Тілеулес қоржынға екінші медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында «Ақбөкен» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр
Қостанай облысында өтіп жатқан «Ақбөкен» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер заңсыз аң атқан браконьерді ұстады. Ұзынкөл ауданына қарасты Ряжское ауылының 30 жастағы тұрғыны орманға қоян аулауға кетіп, қабан атып алған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді
Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Еуропалық Кеңес Президенті Ақордаға келді
Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 04 Желтоқсан, 2025
Азия даму банкі Қазақстанға 7 млрд доллардан аса қарыз берді
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Азия даму банкінің (АДБ) Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Лея Гутьерреспен кездесті. Серік Жұманғарин ынтымақтастық кезеңінде банк қаржыландырған көлік, энергетика, цифрлық даму және әлеуметтік жобалардың ел дамуына айтарлықтай әсер еткенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Елімізде микронесие тек 21 жастан асқандарға берілуі мүмкін
Сенатор Геннадий Шиповских жастардың микронесиеге жаппай тәуелді болып бара жатқанын айтып, шағын қарыздар беру тәртібін қайта қарауды ұсынды. Ол 18 жастағы азаматтарға тексерусіз несие рәсімдеу қауіпті екенін атап, жас шегін 21 жасқа дейін көтеруді ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Жер сілкінісіне байланысты сенім телефоны іске қосылды
Бүгін сағат 12:45 шамасында Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің дүмпу ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісіне байланысты сенім телефонын іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Желтоқсан, 2025
Гонконгтегі өрттен қаза болғандар саны 159-ға жетті
Гонконгтегі тұрғын үйде 3 желтоқсан күні кейінгі онжылдықта болған ең алапат өрт құрбандарының саны 159-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Ертең Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті ресми сапармен келеді
Ертең Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.