Ер
Елорда • 31 Желтоқсан, 2025
Мереке күндері Астанадағы емханалар күшейтілген режимде жұмыс істейді
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 42 ұйым жұмыс істейді. Амбулаториялық-емханалық мекемелерде жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, орта буын медицина қызметкерлері мен әкімші мамандардың кезекшілік кестелері бекітілген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Алматыда офицерлер цифрлық байланыс құралдарын меңгерді
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында алғаш рет Қарулы күштер байланыс бөлімшелерінің 11 офицеріне арналған курстық дайындық ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Мереке күндері ХҚКО-лар жұмыс істей ме?
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жаңа жыл мерекесіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 31 Желтоқсан, 2025
Германияда бұрын-соңды болмаған ұрлық жасалды
Германияның батысындағы Гельзенкирхен қаласында ел тарихындағы ең ірі банк тонауларының бірі тіркелді. Қарақшылар банк қоймасының қабырғасын бұзып кіріп, шамамен 3200 сейфтегі ақша мен қымбат заттарды алып кеткен. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 10 млн еуродан 90 млн еуроға дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстан банктері жаңа жыл мерекесінде қалай жұмыс істейді?
Жаңа жыл мерекесіне байланысты еліміздегі банктер бөлімшелерінің жұмыс кестесін уақытша өзгертеді. Көптеген банк 1-4 қаңтар аралығында жабық болады, ал сауда орталықтарында орналасқан кейбір бөлімшелер жұмысын жалғастырады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 30 Желтоқсан, 2025
Тыңдарманын тәнті еткен «Өмір желі»
Елорда төрінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің кавалері, танымал пианист әрі композитор Серік Еркімбековтің «Өмір желі» атты авторлық кеші жоғары деңгейде өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Семсерлесушілер Фуджейрада сайысқа түседі
2-10 қаңтар аралығында БАӘ-нің Фуджейра қаласында шпагамен семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңдік сайысы өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
БАҚ: Қазақстан сирек кездесетін минералдарды өңдеуде үш жобаны іске қосуға дайындалуда
Электромобильдер мен жел турбиналарынан жартылай өткізгіштерге, жасанды интеллектке және қорғаныс жүйелеріне дейін барлық заманауи салалар жеткізу тізбегі осал, жоғары шоғырланған және саяси жағдайға сезімтал болып қалатын ресурстардың тар тобына сүйенеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?
Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының Иргели ауылындағы Лев Толстой атындағы мектепте мұғалімдерден жаңа жылдық безендіру мен балаларға арналған костюмдерге ақша жиналған. Педагогтардың айтуынша, бұл іске қатысудан бас тартқандарға қысым көрсетіліп, кемсіту болғаны туралы видео тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Алматыда «Сергек» камераларының саны артады
Алматы қаласының билігі жол қозғалысын бақылау камералары қызметін көрсететін жеткізушіні ауыстырмау жөнінде шешім қабылдады. «Сергек» жүйесі қалада жыл соңына дейін жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 30 Желтоқсан, 2025
АҚШ-та бизнестің 39%-ы әйелдерге тиесілі
Қазіргі таңда әйелдер кәсіпкерлікке бұрынғыдан да белсенді араласып келеді. АҚШ-та кәсіпкер әйелдердің бизнес-идеяларын жүзеге асыруына мемлекеттік бағдарламалар да қолдау көрсетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Астана әуежайында ауа райы салдарынан 11 рейс кешігіп қонды
Ауа райының күрделі жағдайы сақталып, мұз қататын жаңбыр салдарынан бірқатар рейс кешігіп орындалып жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Ел спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында қандай киім үлгісімен өнер көрсетеді?
Бүгін Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ел спортшыларының XXV қысқы Олимпиада ойындарына арналған киімдерінің үлгісі бекітілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Ауыл шаруашылығына жеңілдікпен берілген несие көлемі 1 триллион теңгеден асты
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай «Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне ауыл-аймақтарды, яғни бүкіл елді дамыту деп қараған жөн» деп атап өткен Президенттің сөзін тілге тиек етіп, аграрлық саланы дамыту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 30 Желтоқсан, 2025
Жуалы аудананың орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында даңқты батыр Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
2025 жылы Қазақстанда қандай даулы мәлімдемелер болды?
Қазақстан үшін 2025 жыл – экономикалық немесе инфрақұрылымдық өзгерістермен ғана емес, қоғамдық пікірді қақ жарған мәлімдемелер мен бастамалармен есте қалды. Бұлардың кейбірі халықаралық қарсылық туғызса, енді бірі ел ішінде талқыға түсті. Әсіресе ЛГБТ, уақыт белдеуі, тіл мәселесі қоғамда көбірек дау нысанасына ілінді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мәртебесін иеленді. Өнерпаз бұл байқауда өзінің екі бірдей туындысымен бақ сынаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Кеншілер әулеті елдегі үздік еңбек династияларының бірі деп танылды
Астанада Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткен «Еңбек жолы – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Марапат иелері қатарында Қарағанды облысының өкілдері де бар. Шахтинск қаласынан шыққан Волокитиндер әулеті елдегі үздік еңбек династияларының бірі ретінде танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Желтоқсан, 2025
Үздік фельдшерлер марапатталды
Денсаулық сақтау министрлігі жылды қорытындылап, жедел медициналық жәрдем қызметінің үздік фельдшерлерін марапаттады. Салтанатты іс-шарада кәсіби міндетін атқару кезінде қаза тапқан Ұлдана Мырзуан мен Насиба Жаңабаеваның жарқын бейнесіне құрмет көрсетілді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстан АҚШ-пен бірлесіп атом энергетикасы саласына қажетті кадрлар дайындайды
Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары азаматтық атом энергетикасы саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп отыр. АҚШ Мемлекеттік департаментінің шағын модульдік реактор (SMR) технологиясын жауапты пайдалану инфрақұрылымын дамытуға арналған FIRST бағдарламасы аясында елімізде бірқатар маңызды бастама жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Желтоқсан, 2025
234 алтын медаль: Әскер спортының жыл қорытындысы шығарылды
Астанада Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының (АОСК) 2025 жылғы қызметін қорытындылауға арналған іс-шара өтті. 2025 жыл – әскер спорты тарихында ең нәтижелі жылдың бірі болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 28 Желтоқсан, 2025
Қазақ жұрты актер Нұрлан Сегізбаевты соңғы сапарға шығарып салды
Алматы жұртшылығы қазақ киносы арқылы жалпы халықтың жүрегінен орын алған актер Нұрлан Сегізбаевты Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратынан ақтық сапарға шығарып салды. Өнерімен көрермен көңілінде қалған азаматтың жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2025
Соғыс сарбазының сүйегі туған жеріне қойылды
Қызылордадағы «Тағзым» алаңында екінші дүниежүзілік соғыста Ресейдің Псков қаласын азат етуде оққа ұшқан Байбол Рахметов рухына әскери құрмет көрсету шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
АҚШ Нигериядағы террористерге қарсы әуе соққысын жасады
АҚШ Нигерияның солтүстік батысында ИГИЛ (Ислам мемлекеті) қатарына жатқызылған лаңкестерге қарсы әуе соққысын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 28 Желтоқсан, 2025
СҚО-дағы шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкер әйелдердің саны артып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды
Тайвань мен Перу жағалауларында бір мезгілде қуатты жер сілкіністері тіркелді. Тайвань билігі алдағы апта бойы магнитудасы 5 балдан асатын афтершоктар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2025
Әлия Юсупова Шымкент қаласының Құрметті азаматы атанды
Қазақстанға танымал спортшы, жазғы Олимпиада ойындарының екі дүркін қатысушысы, қоғам қайраткері әрі салауатты өмір салтын насихаттаушы Әлия Юсупова «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 26 Желтоқсан, 2025
Пойыздар мен ұшақтарда интернет қашан пайда болады?
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жыл қорытындысына арналған брифинг барысында пойыздарда және Air Astana әуе компаниясының ұшақтарында интернет іске қосу жоспарлары туралы айтып, жобаның басталу мерзімдерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 26 Желтоқсан, 2025
Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында заманауи көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы толық аяқталды. Бүгін нысанды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.