е
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Үкіметтің өзекті міндеттерін атады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны тұрақтандыруды және төмендетуді, экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ азаматтардың нақты табыс табуына жағдай жасауды Үкіметтің өзекті міндеті ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Президент: Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Президент өз сөзінде елімізде инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы әртараптандыруға баса мән беріліп жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Үздік кәсіпкерлерге «Мейірім» ордені беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 05 Желтоқсан, 2025
Медициналық сақтандырудың мүмкіндігін қалай пайдаланамыз?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайын жалақысынан жарна төлегенімен, мекенжайы бойынша емханаға жүгінбеген тұрғындар әлі күнге кездеседі екен. Әсіресе, жастар жағы медициналық тексеруден тегін өтуге болатынын ескере бермейді. Машақаты көп деп ойлайды, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 05 Желтоқсан, 2025
Бүгін – Халықаралық волонтерлер күні
Елімізде волонтерлік қозғалыс дамып келеді. Биыл волонтерлік ұйым саны 800-ден асып, белсенділер 300 мыңға жетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Заманауи зауыт жылына жетпіс мың тонна жеміс өңдейді
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өңдеу технологияларымен жабдықталған жаңа зауыт – бәсекеге қабілетті өнім өндіруге және отандық аграрлық-өнеркәсіптік кешенді (АӨК) одан әрі нығайтуға ықпал етеді, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 05 Желтоқсан, 2025
Семейде 25 мың адамға арналған стадионның құрылысы басталды
Семей қаласында жаңа «Smart City» ықшамауданында 25 мың көрерменге арналған заманауи стадионның құрылысы басталды. Стадион құрылысы 2 жылдан кейін аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2025
Еліміздің суперкомпьютері ТОП-100 қатарына енді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» базасында құрылған ұлттық суперкомпьютер Alem.Cloud дүниежүзі бойынша ең қуатты есептеу жүйелері рейтингінде 86-шы орынды иеленді. Аталған тізімге HPL стандартымен тестілеуден өткен, халықаралық деңгейде мойындалған кластерлер ғана енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Денсаулық сақтау министрі Алматыда қаза тапқан фельдшердің жақындарына көңіл айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматыда жол апатынан қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Насиба Жаңабаеваның жақындарына қайғыра көңіл білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 05 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген «Grammy» платформасында жаңа авторлық туындысын таныстырды
«Grammy» сыйлығының ресми сайтында және YouTube арнасында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің «Fire» атты авторлық композициясын орындаған жаңа бейнежазбасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Сәтбаевта балаға буллинг жасаған балабақша қызметкері жұмыстан қуылды
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының тұрғыны мемлекеттік балабақшада балалардың қызына буллинг жасайтынын айтып, шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 05 Желтоқсан, 2025
Іле Алатауында бәйшешек гүлдеді
Қызыл кітапқа енген Алатау бәйшешегі (Crocus alatavicus) қыста гүлдеді. Бұл туралы Іле Алатау ұлттық паркінің баспасөз қызметі хабарлады. Әдетте бәйшешектің бұл түрі наурыз немесе сәуір айында ғана гүл ашқан, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Белгілі бапкер Жәнібек Әлімханұлының мансабына қатысты пікір білдірді
Жәнібек Әлімханұлының 6 желтоқсанға жоспарланған тарихи жекпе-жегі өтпейтін болды. WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Лараға қарсы өткізетін жекпе-жегінің алдындағы допинг тестінен өтпей қалғанын хабарлаған едік. Отандасымыздың ендігі кәсіби мансабына қатысты белгілі бапкер Жұмабек Өмірзақов пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты өтуі мүмкін
Қазақстан спортының беделін айқындайтын дода келесі жылы өтеді. Студенттердің жаһандық жарысы елімізде бұған дейін 2006 жылы ұйымдастырылған еді. Араға 20 жыл салып, байрақты бәсекенің жалауы қазақ жерінде қайта желбірегелі отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Өмірлік маңызы бар дәрілердің қаншасы Қазақстанда өндіріледі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған өмірлік маңызы бар дәрілердің тізімінде отандық препараттардың үлесі бүгінде 37%-ға жетіп отыр. Созылмалы ауруларды емдеу, шұғыл көмек көрсету және реанимация үшін ең қажетті дәрі-дәрмектер ел ішінде жиі жасалғандықтан тұрғындарға қолжетімділігі тұрақты, деп жазады Egemen.kz.
Ипотека • 05 Желтоқсан, 2025
2025 жылы ипотека рәсімдеу тиімді бола ма?
Ұлттық банк ипотекаға жаңа талаптар әзірлеп жатыр, ол бойынша банк шарттары күшейеді. Ал жылжымайтын мүлік бағасы күннен күнге өсіп келеді. Бұл жағдайда не істеу керек: ипотеканы қазір рәсімдеген дұрыс па, әлде күткен жөн бе?
Экология • 05 Желтоқсан, 2025
Мемлекет өзендерді тартылудан қалай қорғайды?
Жаңа Су кодексінде еліміздегі су көздерін қорғаудың нақты тетіктері енгізілді. Бұрынғы редакцияда су қаржылай табыс көзі ретінде ғана қарастырылса, енді ол экожүйенің аса маңызды бөлігі ретінде айқындалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Қазақстан полицейі әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Жаһандық жарыс Ресейдің Саратов қаласында әмбебап жекпе-жектен өтті. Қарашаның 25-30 күндері өткен додаға 32 елдің спортшысы қатысты. Олар кедергілер жолағынан өту, пышақ лақтыру, пневматикалық қарудан ату, қоян-қолтық ұрыс бойынша сайысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Қызылордада мүгедектігі бар жандардың жайын ескерген қанша нысан бар?
Аймақта 1500-ден астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар жандарға толық бейімделген. 2027 жылдың соңына дейін тағы 788 нысан жаңартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыда инватакси енді тәулік бойы жұмыс істейді
Алматыда тіркелген 3100 мүмкіндігі шектеулі адамның 2215-і «Инватакси» қызметін белсенді тұтынады. Бұған дейін тек күндіз қызмет көрсетіп келген «Инватакси» қызметі енді түнде де қолжетімді болады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 05 Желтоқсан, 2025
Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін боксшыларымыздың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
Дубайда IBA-ның ұйымдастыруымен бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жаһан біріншілігінде үш отандасымыз шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектерді IBA Boxing ютуб арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2025
Голан жоталарында мыңнан аса қауіпті зат табылды
БҰҰ миссиясы құрамында қызмет ететін бөлінуді бақылау жөніндегі Қазақстан контингентінің инженерлік-саперлік тобы осы жылдың 8 айында бітімгерлер 32 жедел тапсырманы орындап, 1 000-нан астам қауіпті затты, оның ішінде 23 қолдан жасалған құрылғыны тауып, жойған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Таеквондодан әлем чемпионатында ел қоржынына екінші медаль түсті
Таеквондодан Найробидегі (Кения) жастар арасындағы әлем чемпионатында Тамерлан Тілеулес қоржынға екінші медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 05 Желтоқсан, 2025
Алматы мен Астананың айырбастау пунктеріндегі доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Желтоқсан, 2025
Алматыда суицид жасамақ болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды
Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағы «Алматы-1» теміржол станциясы аумағында өзін-өзі пышақтамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Желтоқсан, 2025
Тұман, көктайғақ, жел: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады және қатты жел соғады деп болжап отыр, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Желтоқсан, 2025
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Аты аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин әлемдік бокс Даңқ залына енген Қазақстанның алғашқы спортшысы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 04 Желтоқсан, 2025
Атыраудағы әуежайды жаңғыртуға 50 млн доллар инвестиция тартылады
Атырауда Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайында «Ашық аспан» режимі қосылды. Қазір халықаралық 6 бағытқа әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы туралы жаңа кітап жарық көрді
Әбіштанушы Бақтыбай Жайлаудың «Әбіш Кекілбайұлы кім?» атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 04 Желтоқсан, 2025
Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың шабақтары жіберілді
Маңғыстау облысында теңіз аквашаруашылығы саласының жаңа кезеңі басталды. Қарақия ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан «Organic fish» ЖШС-нің теңіз фермерлігі жобасы аясында Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың алғашқы партиясы – салмағы 200 грамм болатын 2 000 кг (9 890 дана) шабақ жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.