Соңғы жаңалықтар
Ғалам ғажаптары • 30 Желтоқсан, 2025
Германия астанасы Берлинде Санта-Клаус киімін киген мыңдаған адам қайырымдылық үшін жүгірді. Бұл марафон жыл сайын желтоқсан айында ұйымдастырылып келеді.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) жаңартылған рейтингін жариялады. Үздіктер қатарында еліміздің бірнеше спортшысы бар. Әлем, құрлық чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Мөлдір Жаңбырбай 50 кг салмақ дәрежесінде жеке-дара көш бастап тұр. Талай байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілген Әсел Қанай (61 кг) мен София Берульцева (+68 кг) екінші орынға табан тіреді.
Ғалам ғажаптары • 30 Желтоқсан, 2025
Қытайдың Бейжің қаласында ақылды роботтарға арналған ерекше оқу орны ашылды. Мұндағы Куафу атты «студенттердің» бойы 1,66 метр.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Астанадағы №60 мектеп-лицейінде «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараға оқушылар мен ата-аналар қатысты.
Кітапхана • 30 Желтоқсан, 2025
Биыл Ертіс-Баян өңірінде төрт кітапхана жөндеуден өтіп, цифрлық жүйеге көшті. Соның ішінде республикалық жоба аясында бюджеттен тыс қаражат есебінен Павлодар қаласындағы екі кітапхана кешенді түрде жаңғыртылды.
Тағзым • 30 Желтоқсан, 2025
Қожа бейнесін сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың ақтық сапары мен аманаты
«Менің атым – Қожа» фильмінде басты рөлімен көпке танымал актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, киносценарист, қаламгер, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжарұлы бақиға озды. Ол соңғы хатында ел газеті «Egemen Qazaqstan»-ға мақала жариялағысы келгенін айтыпты.
Кино • 30 Желтоқсан, 2025
Мемлекеттік қолдау арқылы түсірілген «Qaitadan» фильмі биыл киноиндустриядағы ең табысты картиналардың қатарына енді. Фильм прокаттан 1 миллиард теңгеден астам табыс жинады.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
200 оқушы Президент шыршасына қатысты
Ұлытау облысында Президенттің дәстүрлі жаңажылдық шырша шамы жанды. Шыршаға облыс құрамындағы қалалар мен аудандар мектебінен үздік оқитын, дарынды және спортта жеңіске жеткен 200 таңдаулы оқушы қатысты.
Мәдениет • 30 Желтоқсан, 2025
Ыстанбұл төрінде қазақ әуені қалықтады
Тарих пен мәдениет тоғысқан Ыстанбұл қаласында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері өнер көрсетіп, қазақ халқының бай рухани қазынасын түрік жұртшылығына кеңінен таныстырды.
Қылмыс • 30 Желтоқсан, 2025
Есірткі қылмысымен күрес тоқтамайды
Жуырда облыс орталығында полицейлер синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 19 жастағы қала тұрғынын ұстады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп жүргізген іс-шара барысында оның жалдамалы пәтерінен «эфедрон» деп аталатын психотроптық заттың 123 грамы тәркіленді.
Құқық • 30 Желтоқсан, 2025
«Айқын нәтиже» жемісті аяқталды
Кейінгі екі ай ішінде Астананың Алматы ауданында Бас прокуратураның бастамасымен айрықша жоба қолға алынып, сәтті аяқталды. Бұл – «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы «Айқын нәтиже» жобасы. Мамандардың айтуынша, ол құқық бұзушылықтардың алдын алуда тиімділігін көрсетіп, заңды белшесінен басу факторларын жоюға септігін тигізген.
Медицина • 30 Желтоқсан, 2025
Күрделі операция сәтті аяқталды
Саңыраулық диагнозының асқынған түріне шалдыққан 13 жастағы бала «Жап-жарық әлемнің үнін естимін бе?» деген бір үміт, бір үрейдің жетегінде операция жасатты. Мұндай операция түрі Қарағандыда алғаш рет орындалып, өңір медицина саласында тарихи оқиға тіркелді.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес өңірдегі Президент резиденциясын балалардың игілігіне беруді тапсырған еді. Қостанайдағы резиденция содан бері қайта жөндеуден өтіп, биыл жаңа жыл қарсаңында жүйке ауытқуы бар, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларды оңалту орталығы болып қайта пайдалануға берілді.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Желтоқсан, 2025
Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде Жұмысшы мамандықтары жылын қорытындылау салтанаты өтті. Атаулы жыл аясында облыс көлемінде ұйымдастырылған «Еңбек жолы», «Парыз» байқауларының нәтижесі жарияланды. «Еңбек жолы» байқауы адал еңбегімен құрметке бөленген еңбек әулеттерінің сабақтастығын дәріптеуге, «Парыз» байқауы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Сауда • 29 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді
Сауда және интеграция министрлігі Жаңа жыл қарсаңында «Береке Fest» республикалық акциясын қайта өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Желтоқсан, 2025
Ауа райы бұзылып, екі облыста жол жабылды
ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Инфрақұрылым • 29 Желтоқсан, 2025
Жолдағы мұзды кетіру үшін қолданылып келген тұздан бас тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның бірқатар қаласында ХҚО-лардың мекенжайлары өзгереді
2026 жылдың алғашқы күндерінде Қазақстанның бірнеше қаласында кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лардың мекенжайлары өзгереді. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Telegram-арнасында хабарланды.
Экономика • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстан экономикасы 2025 жылы қалай дамыды?
2025 жыл жаһандық экономикалық және геосаяси тұрақсыздық аясында Қазақстан үшін салыстырмалы түрде табысты өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 6 пайыздан жоғары болатынын, ал жалпы ішкі өнім көлемі алғаш рет 300 миллиард АҚШ долларынан асатынын атап өтті. Бұл – экономиканың ішкі серпіні сақталып отырғанын көрсететін маңызды межелердің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Қауіпсіз онлайн-сауда: суық қару сатылымнан алынып тасталуы тиіс
Бас көлік прокуратурасы интернет-кеңістіктегі суық қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша шаралар қабылдауда, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
2025 жылы студенттерге арналған 31 жатақхана пайдалануға беріледі
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
Мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы енгізілді
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстандағы барлық мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында балалардың құқықтарын қорғау және білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Желтоқсан, 2025
БҰҰ: Қазақстан Солтүстік пен Орталық Азияда инвестиция тарту бойынша көшбасшы атанды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) өңір елдеріндегі тікелей шетелдік инвестицияларды тарту динамикасына арналған Asia-Pacific Trade and Investment Trends 2025/2026 есебін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Желтоқсан, 2025
Үкімет ғылым мен жоғары білімді дамытудың 2025 жылғы қорытындысын шығарды
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет ғылым мен жоғары білімді дамытудың 2025 жылға арналған қорытындысын шығарды. Бұл туралы Үкіметтің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шеңберінде өткен брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Желтоқсан, 2025
Әкесіне тіл тигізіп, қоғамдық жұмысқа жегілді
Жалағаш аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігімен құқық бұзушыға қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Балабақшаларда кезек 2 есе азайды
Президент тапсырмасы бойынша балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру ауқымы кеңейтілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстан Орталық Азиядағы жаңа донор ретінде таныла бастады
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің бес жылдық мерейтойы Қазақстанның Тәуелсіздік күнінде ерекше маңызға ие болады. Егеменді даму кезінде Қазақстан халықаралық көмек алатын мемлекеттен оны басқаларға көрсете алатын елге дейінгі жолдан өтті. Дамуға ресми көмектің жеке жүйесін (ДРК) қалыптастыру және KazAID құру тәуелсіз мемлекеттіліктің маңызды нәтижелерінің бірі және Қазақстанның экономикалық өсуі мен халықаралық рөлін нығайтудың көрсеткіші болды.
Спорт • 29 Желтоқсан, 2025
Қысқы Олимпиадада туды кімдер ұстайды?
Келесі жылдың ақпан айында Италияда қысқы Олимпия ойындары басталады. Дүбірлі аламанда еліміздің делегациясын бастап, ту ұстап шығушы спортшылар әлі нақты анықталған жоқ деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
14 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Egemen.kz.