он
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды. Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Президент Жапония Императорының сарайына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Император Нарухито қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Қазақстандық олигархтардың әшекейлері аукционға шығарылды
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы қазақстандық олигархтардан тәркіленген зергерлік бұйымдарды аукционға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Білім • 17 Желтоқсан, 2025
Маңғыстаулық студенттер халықаралық жарыста қола жүлде еншіледі
«2025 China Grand Final» шеңберінде «BRICS Skills Competition» халықаралық чемпионаты Қытайдың Шаоян қаласында өтті. Оған Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Бангладеш, Лаос, Гана, Нигерия, Руанда, Оңтүстік Африка елдерінен 82 команда қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Желтоқсан, 2025
Трамп Би-би-сиден 5 млрд доллар өндіріп алмақшы
АҚШ президенті Дональд Трамп британдық хабар тарату корпорациясын (BBC) жала жапты деп айыптап, 5 миллиард доллар көлемінде өтемақы өндіруді талап етіп, сотқа талап-арыз түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Астаналық волонтерлер қарт тұрғынның ауласын қардан тазалады
Астаналық волонтерлер «Қамқорлық мекенжайы» акциясын өткізіп, жалғыз тұратын зейнеткерлердің үйінің ауласын қардан тазалауға көмектесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Илон Маск 600 млрд доллары бар жер бетіндегі алғашқы адам атанды
Әлемдегі ең дәулетті адамның бірі Илон Маск тағы бір бедерлі белесті еңсерді. SpaceX компаниясының нарықтағы құны күрт өскен соң, ол байлығы 600 миллиард доллардан асқан алғашқы адам атанды. Бұл туралы Forbes мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 15 Желтоқсан, 2025
«2 миллион теңге»: Англиялық футбол жанкүйерлері билет бағасына наразылық білдірді
Футбол жанкүйерлері 2026 жылы Мексикада, АҚШ пен Канадада өтетін әлем чемпионатына билеттердің тым қымбат болуына байланысты наразылық білдіріп, оларды сатып алмауға үндеу тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2025
Гонконгтегі алапат өрттің шығыны 642 миллион доллардан асты
Гонконг соңғы онжылдықтардағы ең ірі және адам шығыны көп өрттің экономикалық салдарын есептеп жатыр. Тай По ауданындағы «Wang Fuk Court» тұрғын үй кешеніндегі қайғылы оқиға салдарынан 1 736 пәтер толығымен жанып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Желтоқсан, 2025
Сарапшы: Қазақстан Өзбекстанға қарағанда дайын өнімді көбірек өндіреді
Қазақстанның дайын өнім экспорты Өзбекстанмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары. Бұл туралы өзбек экономисі, Экономикалық дамуға жәрдемдесу орталығының директоры Юлий Юсупов «Seredin» подкастында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсанда ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Желтоқсан, 2025
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында алты медаль иеленді
Қазақстанның ерлер құрамасы Дубай қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, алты медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 13 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы үлгі болды
Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы қызметтік міндетін атқару барысында жол шетінде жерде жатқан қымбат маркалы ұялы телефонды байқап қалады. Табылған зат туралы олар дереу әскери жасақ кезекшісіне хабарлайды.
Әлем • 12 Желтоқсан, 2025
Meta компаниясы ЛГБТ насихаты бар аккаунттарды бұғаттап жатыр
50-ден астам ұйым өз парақшаларының қолжетімсіз болғанын немесе мүлде өшірілгенін хабарлаған. Бұл туралы британдық The Guardian басылымы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабад қаласындағы Конгресс орталыққа барды
Мемлекет басшысы Ашхабадтағы халықараралық форумға қатысу үшін Конгресс орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 12 Желтоқсан, 2025
Түркияда қонақүйлерге тіркелу тәртібі өзгерді
2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Түркияда жеке деректерді қорғау жөніндегі кеңес жаңа ережелер енгізіп, қонақүйлерге тіркелу кезінде паспорттарды көшіруге тыйым салды. Енді турист қонақүйге келгенде тек өз құжатын көрсетуі қажет, ал қажетті мәліметтер (аты-жөні, паспорт нөмірі, кірген және шыққан күндері және басқа ақпарат) тікелей Ішкі істер министрлігінің біріккен электрондық жүйесіне (YAZOK) енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Ақтауда алғаш рет қайтыс болған адамның жүрегі донор ретінде пайдаланылды
Ақтауда алғаш рет қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 10 Желтоқсан, 2025
Астанада пенитенциарлық жүйе мәселелеріне арналған конференция өтті
Астанада «Адам құқықтары және пенитенциарлық жүйенің дамуы: ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттар» атты кең көлемді халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Министр: Қазақстан үшін КТК-ға балама бағыт жоқ
Каспий құбыр консорциумына (КТК) жасалған шабуылдардан кейін Қазақстан тағы да таныс дилеммамен бетпе-бет келді. Негізгі экспорттық магистраль істен шыққан жағдайда мұнайды қай бағытқа жөнелтуге болатыны мәселе тудырып отыр. Бұл ретте басқа бағыттар мұнай тасымалының қажетті көлемін қамтамасыз ете алмайтыны белгілі. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов КТК-ға толыққанды балама жоқ екенін, ал өзге бағыттар тек жүктің белгілі бір бөлігін ғана тасымалдай алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Акмальдың концерті өтпейтін болды: Халық билеттің ақшасын қайтара алмай жүр
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне 25 қазанда Қостанай қаласында өтуі тиіс болған әнші Акмальдың концертінің өтпей қалуына байланысты 100-ден астам өтініш түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 09 Желтоқсан, 2025
Майк Тайсон Флойд Мейвезермен жұдырықтасады
Ауыр салмақ дәрежесінің даңқты өкілі Майк Тайсон ұзақ уақыт бойы талқыланған Флойд Мейвезермен жек-жекті келесі жылдың наурыз айында Африкада өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Биыл 175 жолаушылар вагоны сатып алынды
Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Желтоқсан, 2025
Жапонияда 7,5 балдық жер сілкінісі болды
Дүйсенбі күні кешке Жапонияның солтүстік-шығыс бөлігінде болған 7,5 магнитудалы жойқын жер сілкінісінен кемінде 34 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Биыл қайтыс болған донорлардан жасалған трансплантация саны 2,6 есеге көбейген
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Республикалық трансплантаттауды үйлестіру орталығы елдегі ағза донорлығын дамытудың оң динамикасы туралы есеп ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Әскери оқытушы Қазақстанның үздік инженері атанды
Ұлттық инженерлік академия өткізген X мерейтойлық республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери радиотехника және электроника негіздері кафедрасы бастығының орынбасары подполковник Нұржан Зікірияев «Қазақстанның үздік инженері – 2025» атағына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Желтоқсан, 2025
Экономикалық тұрақтылық пен инфляцияны төмендету мәселелері талқыланды
Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіру бойынша қорытынды онлайн-кеңесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Желтоқсан, 2025
Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру механизмі бекітілді
Ұлттық экономика министрлігі қайта өңдеу үшін әкелінетін тауарлар тізбесін белгілеу туралы бұйрықты бекітті. Құжатқа сәйкес, аталған тізімге кіретін өнімдерді импорттаған кезде салық төлеушілер қосылған құн салығын кейінге қалдыру құқығына ие болады. Бұл норма Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
WorldSkills Kazakhstan чемпионатына 15 жаңа құзыреттілік қосылды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада 3 желтоқсанда басталған WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты әлі де жалғасып жатыр. Биыл чемпионатқа қатысушылардың саны 1,5 есе артқан. Мәселен, былтыр 548 оқушы қатысқан болса, биыл 825 студент қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.