е
Заң мен Тәртіп • 30 Сәуір, 2026
Жазадан құтыла алмайды: Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша күдіктінің жағдайы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек жолы ауылында өз отбасын өлтірді деп айыпталған күдіктінің ісін тергеуге қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 30 Сәуір, 2026
Елімізде 1000-нан астам сарбаз грант иегері атанды: Толық тізім жарияланды
Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Атырау облысында ағайындылар арасында атыс болды
27сәуір күні Атырау облысы Индербор кентінде болған жанжал атысқа ұласып, бір адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2026
Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
Сенаторлар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға қатысты резонанс тудырған түзетулерді Мәжіліске қайтаруды ұсынды. Бұл туралы Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 30 Сәуір, 2026
Билікті басып алу әрекеті: Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
Қырғыз Республикасының бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды. Бұл туралы оның адвокаты Икрамидин Айткулов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2026
Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін: Кенен ата мұрасы ерекше жандарға қолжетімді болды
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Қордай және Шу аудандарында «Тифломузей» жобасы аясында танымдық толықтыру шаралары ұйымдастырылды. «Жарық жүректе – нұрлы әлем» тақырыбында өткен іс-шаралар тарихи-мәдени мұраны ерекше қажеттілігі бар жандарға қолжетімді етуді мақсат етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Сәуір, 2026
Көлік сатамын деп халықты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды
Бас прокуратура бірнеше мәрте алаяқтық жасаған ел азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясы аумағынан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
ҚТЖ мерекелік демалыстарға қатысты үндеу жасады: Пойыз кестесі өзгере ме?
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мемлекеттік мерекелер, демалыс және мектеп демалыстары кезеңдерінде пойыздарда жүктеме артатынын мәлімдеді. Осыған орай компания жолаушылар назарына тасымалдау ережелерін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Теңге • 30 Сәуір, 2026
Ескі 2000 теңгелік банкноттар қашанға дейін жарамды?
2000 теңгелік ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың қатар айналымда жүру мерзімі биыл жазда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Сәуір, 2026
Астанада биыл 50 көше жөнделеді
Астана қаласында биыл шамамен 50 көшеге жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 60 шақырым жол жаңартылады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Белгілі дәрігер Бақыт Түменова өмірден өтті
78 жасында қоғам белсендісі, дәрігер және «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова қайтыс болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Жетісу тұрғыны қоқыстан табылған елтаңбаны үйіне іліп қойғаны үшін жазаланды
Жетісу облысының Ақсу ауданында полиция жергілікті блогер Данияр Бейісқалиге айыппұл салды. Ол төрт жыл бұрын қоқыс полигонынан мемлекеттік елтаңбаны тауып алып, оны тазалап, үйіне іліп қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2026
Енді қазақ тілін білмейтіндер үшін қандас мәртебесін алу қиындайды
Қазақстанда шетел азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат беру және қандас мәртебесін тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Жаңа талаптарға сәйкес, қазақ тілін білу тестінен өту шегі әр бөлім бойынша 70 пайызға дейін көтерілді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 30 пайыз болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Партия • 29 Сәуір, 2026
Ерлан Қошанов: Энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қызметі лицензияланады
Астанада «AMANAT» партиясының Кәсіпкерлер қанаты энергетика саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында тариф саясатын жетілдіруден бастап, энергетикалық кәсіпорындарды кадрмен қамтамасыз етуге дейінгі саланы дамытудың маңызды мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының жаһандық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жөніндегі вице-президенті Николо Мартин Капрезбен, сондай-ақ Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 29 Сәуір, 2026
Олжас Бектенов пен Air Products газ химиясы саласындағы серіктестікті талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Air Products компаниясының (АҚШ) Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болспен кездесу өткізді. Онда өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, озық технологияларды енгізу және газ химиясы саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 29 Сәуір, 2026
Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат 4 жылға сотталды
Кассациялық сот шешімімен Шымкент қаласының тұрғынына қатысты шартты жаза жойылып, мемлекет пайдасына миллиардтаған теңге өндірілді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Сәуір, 2026
Олжас Бектенов дәрілік заттарды 1 шілдеге дейін тіркеуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2026
Полиция бет-жүзді тұмшалайтын киімдерге тыйым салынғанын ескертті
Елімізде қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киім мен аксессуарларды киюге тыйым салынды. Бұл шара құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында енгізілген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Атырауда 74 жастағы қария қазақ тілін үйреніп жүр
74 жастағы Карим Шәріпов «Speak Up Atyrau» жобасына қатысып, бірнеше айдың ішінде қазақ тілінде тұрмыстық деңгейде еркін сөйлей бастағанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Сәуір, 2026
Астанада Euronews өкілі журналистерге шеберлік сабағын өткізді
Euronews Academy, «Медиа дамыту қоры» КҚ және Maqsut Narikbaev University бірлесіп ұйымдастырған «Медиа технологиялар» курсы мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Сәуір, 2026
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында педагог мәртебесі мен білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасы қаралды. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, педагогтердің балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде және қызметтік міндеттері аясында ғана айқындалады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Президент Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Сәуір, 2026
«Қайраттың» капитаны клубтан кететінін мәлімдеді
Футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Біржан Оразов маусым аяқталған соң алматылық «Қайрат» сапынан кететінін хабарлады. Ойыншы бұл шешімді өзі жариялағысы келгенімен, ақпараттың ерте тарап кетуіне байланысты ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2026
Жылыту маусымында тұрғын үйлердегі өрт 16%-ға азайды
2025-2026 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындысы еліміздің тұрғын үй секторында өрттер мен зардап шеккендер санының азайғанын көрсетті. Оң динамика Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жүйелі профилактикалық жұмысының нәтижесінде болды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке бұл мемлекеттік награда Чехия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екеніне тоқталды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 29 Сәуір, 2026
Қызылорда облысында 9 ай бойы қызды аңдыған жігіт жазасын алды
Қызылорда қаласының тұрғыны жәбірленушінің өзімен байланыс орнатқысы келмейтінін біле тұра, тоғыз ай бойы мазасын алып, жүйелі түрде аңдыған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2026
Педагогтер қағаз және электрондық есепті қатар жүргізу міндетінен босатылады
Мәжіліс «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттар педагогтердің құқығы мен мүдделерін заңнамалық деңгейде қорғауды күшейту мақсатымен депутаттардың бастамасымен әзірленген, деп жазады Egemen.kz.