Соңғы жаңалықтар
Digital • 31 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ЖИ орталығы – ұлы мұраттар бастауы
Биыл цифрландыру саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер мен өзгерістер көп болды. Келер жылы нәтижелі істің негізі болатын бастамалар да бар. Атап айтатын болсақ, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды, «ЖИ туралы заң» қабылданды, Ұлттық жасанды интеллект орталығы «Alem.ai» ашылды.
Саясат • 31 Желтоқсан, 2025
Түркі тұтастығы тұғырланған тұс
Әлемдік геосаяси ахуал күрделеніп, қарулы қақтығыстар мен сауда текетірестері артқан сайын іргелес елдермен иық тіресіп, бауырлас халықтармен байланысты бекемдеу үдерісі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Бұл орайда еліміз туыстық тұтастықты нығайту қадамдарын екі бағытта, атап айтқанда, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Орталық Азия елдерінің интеграциясы аясында өрбітіп жатыр. Бұған осы аймақтағы өзара барыс-келіс пен алыс-берістің өрістеуі – айқын дәлел.
Ғалам ғажаптары • 31 Желтоқсан, 2025
Ниагара сарқырамасы қыста жиі «мұз сауытын» жамылғандай әсер қалдырады. Бірақ су ағыны толық тоқтап қалуы – өте сирек құбылыс.
Инфляция • 31 Желтоқсан, 2025
2025 жыл еліміздің қаржы саласында күрделі, бірақ маңызды кезең ретінде есте қалды. Жыл бойы қаржы жүйесі түрлі сыннан өтті. Инфляция күшейді, ақша несие саясаты қатаңдады, теңге бағамы құбылды. Соған қарамастан, қаржы саласында тәртіп орнатуға, тәуекелдерді бақылауға әрі ұзақмерзімді тұрақтылыққа бағытталған қадамдар жасалды.
Тағзым • 31 Желтоқсан, 2025
«Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып...»
Қазақта «қазаға сабыр жолдас» деген тәмсіл сөз бар. 2025 жыл алаш руханияты тау тұлғаларынан айрылып, қабырға қайыстырған сан қайғыға сабыр етуге мәжбүр болды. Жылыстап өте шыққан жылан жылында біз қандай алыптардан көз жазып қалдық?
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Ертіс-Баян өңірінде бүгінде мыңнан аса өнеркәсіп кәсіпорны бар. Оларда 80 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жұмысшылардың 75%-ы мамандықтарына сай кәсіппен шұғылданады.
Өнер • 31 Желтоқсан, 2025
«Астана Опера» 2025 жылды таңғаларлық шығармашылық табыспен аяқтады. Осы жыл айтулы премьералар, маңызды гастрольдік сапарлар, халықаралық фестивальдар мен әртістердің жарқын жеңістерін әйгіледі.
Білім • 31 Желтоқсан, 2025
Павлодарда болашақ жұмысшы мамандықтарының өкілдері – колледж студенттеріне арналған «Шебер асуы» сыйлығының қорытындысы шығарылды.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2025
Қазір үндістандық жазушы Аравинд Адиганың «Ақ жолбарыс» атты романын оқып жүрмін. Атақты «New York Times» бұл кітапты ең өтімді кітап деп әлемге таныстырыпты. Сөйтетін де жөні бар. Шығарма өзіне қызықтырады. Ара-тұра езу тартатын тұстары да жоқ емес. Тіпті автор өз көзімен көргендерін философияға айналдырып жібергендей. Оқыңызшы, бүй дейді: «Мұсылмандардың бір құдайы бар, християндардың үш құдайы бар. Ал үнділердің 36 миллион құдайы бар», дейді бірде. Осы сөйлемді оқып, терең ойланасыз. Әр түрі дін, ағым мен көзқарас, тіршіліктің тауқыметі қоғамды ала-құла ойлауға, шөпті де шөңгені де өлең деуге мәжбүр етеді екен. Автор меніңше, соны айтып тұр.
Білім • 31 Желтоқсан, 2025
Бізде көбіміз баса мән бере бермейтін бір сала бар. Бұл – мектепке дейінгі оқыту сатысы. Мұның маңызы – барлық білім жүйесінің іргетасы саналатынында. Бала оқу ошағына барамын дегенше дайындығы дұрыс болса, ол соғұрлым мектепте, одан кейін университетте қиналмайтыны кәдік. Сол себепті де ата-аналар балаларын балабақшаға неғұрлым тезірек орналастыруды қалайды. Дәл осы мәселе бізде толық шешімін тапты ма, биылға жүктелген міндет түпкілікті орындалды ма?
Ғалам ғажаптары • 31 Желтоқсан, 2025
Аустралияда Жаңа жылды бір сағаттың ішінде үш рет қарсы алуға болатын қызық жағдай бар. Мұның сыры – елдің барлық аймағы бірдей жазғы уақытқа (DST) көшпейтінінде.
Digital • 31 Желтоқсан, 2025
Астанада еліміздегі алғашқы креативті технологиялар орталығы – «TUMO Astana» өз жұмысын бастайды. Бұл орталықта 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдер жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тегін меңгереді. Айта кетерлігі, жеткіншектер оқуға түсу үшін емтихан тапсырмайды және жарысқа түспейді.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2025
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ақын, жазушы, драматург, жыршы-жырау Баянғали Әлімжановтың «Айкөлдің жолы» кітабының таныстырылымы өтті.
Өнер • 31 Желтоқсан, 2025
Әр жыл әр саладағы айтулы оқиғалармен, жарқын жетістіктермен есте қалары анық. Атап айтсақ, биыл ұлтымыздың тарих тереңінен, ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын мәдениет саласында сүйінші жаңалықтар аз болған жоқ. Әсіресе өнерпаздардың әлемдік сахнада бағындырған биіктері жетерлік. Бақтары құрлық асып, жұлдыздары жарқырай түсті.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2025
Аламанда алған жүлде – қомақты
Жылнамаға жазылар Жылан жылына өкпе жоқ. Әсіресе спортшыларымыз үшін биылғы жыл бәсекеге, табыстарға толы болды. Әлемдік аламандар мен жаһандық сайыстарда саңлақтар ел мерейін асырып, мәртебемізді биіктетті. Әнұранымыз дүбірлі додаларда дүркін-дүркін шырқалды.
Театр • 31 Желтоқсан, 2025
Биыл қазақ өнері үшін мерейтойлық мазмұнға бай жыл болды десек, артық айтпағанымыз. Сол атаулы оқиғалардың ішіндегі ең елеулісі – кәрі құрлықтың талғампаз тыңдармандарын таңдай қақтырған Әміренің әні. Жаһан жаңалығына айналған айтулы өнер оқиғасына биыл тура ғасыр толды. Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Қанат Жүнісовтің «Әміре» қойылымының премьерасы өтті.
Ғалам ғажаптары • 31 Желтоқсан, 2025
Балалардың «Аяз атаға, Солтүстік полюске» деп жолдаған хаттары кейде нақты мекенжайы болмаған соң жоғалып кетуі де мүмкін. Бірақ бұл мәселені ерекше тәсілмен шешкен бір ел бар. Канада пошта қызметі Аяз атаға арнайы пошта индексін ресми түрде бекіткен.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этностық қазақ қандас мәртебесін алған. Жыл сайын өсіп келе жатқан бұл көрсеткіш шетелдегі қазақтардың атажұртына көптеп оралып жатқанын дәлелдейді.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Балауса кезінен тағдыр тауқыметін тартқан балалар үшін жаңа жылдық шыршаның жөні бөлек. Әсіресе Аяз атаның қолынан сыйлық алып, қуанған сәті жан тебірентеді.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Павлодарда ғажайыпқа толы Президент шыршасы өтті. Көңілді әрі жарқын мерекеде 200 балаға тәтті сыйлық үлестіріліп, әрқайсысына 150 мың теңгеден тарту жасалды.
Балалар • 31 Желтоқсан, 2025
«Жарқыра, Жаңа жыл!» тақырыбымен өткен шырша тойына Тараз қаласы мен облыс аудандарынан жалпы саны 100 оқушы қатысты. Олардың қатарында ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары бар.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Алматылықтар жаңа жылға бұрынғыдан да ерекше даярланды. Панфилов көшесіндегі мереке Абай алаңындағы думанға ұласты. Абай алаңында думан екі күнге жалғасты. «Алматы әуендері» мекемесінің шығармашылық ұжымы дайындаған «Кел, жаңа жыл!» атты ауқымды концерт алматылықтар мен туристерді бір жерде басын қосты.
Денсаулық • 31 Желтоқсан, 2025
2025 жылы жедел жәрдем қызметі 7,4 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті
2025 жылдың 11 айында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі 7 467 926 шақыртуға қызмет көрсетті. Оның 1 375 401-і емханалар жанындағы мобильді бригадалар арқылы атқарылса, қалғаны жедел жәрдем қызметінің үлесіне тиесілі. Бұл туралы Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
ҚТЖ жабылған жолдарға байланысты 13 пойызды іске қосты
Қолайсыз ауа райы мен автожолдардағы уақытша шектеулерге байланысты Қазақстан темір жолы жолаушыларды тасымалдау және өңірлер арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін 13 қала маңы пойызын іске қосты. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады.
Әлем • 30 Желтоқсан, 2025
Трамп Иранға жаңа соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен Флоридада өткен кездесуден кейін, егер Иран зымыран немесе ядролық бағдарламаларын қайта қалпына келтіруге кіріссе, Вашингтон жаңа ірі соққыны қолдауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Желтоқсан, 2025
2025 жылдың соңғы күнінде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
30 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде мұздақ жаңбыр, көктайғақ және қатты жел тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстан банктері жаңа жыл мерекесінде қалай жұмыс істейді?
Жаңа жыл мерекесіне байланысты еліміздегі банктер бөлімшелерінің жұмыс кестесін уақытша өзгертеді. Көптеген банк 1-4 қаңтар аралығында жабық болады, ал сауда орталықтарында орналасқан кейбір бөлімшелер жұмысын жалғастырады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2025
Ерболат Омаров Атырау облысының басқармасына екінші рет басшы болды
Атырау облысы әкімінің өкімімен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына Ерболат Омаров кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысының жедел қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Қостанай облысын бір-ақ күн ішінде басып қалған қалың қар жол қатынасын қиындатып, жұртты әбігерге салып қойды. Полиция, жол қызметі, ТЖД құтқарушылары күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 30 Желтоқсан, 2025
Атырау облысының тұрғыны есірткі затын тұтынғаны үшін 10 тәулікке қамалды
Жылыой ауданында тұратын ер адамның ағзасынан есірткінің белгісі табылған. Ол есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынған, деп хабарлайды Egemen.kz.