Фото: NASA
Арнайы комиссияның тексеру қорытындысы бойынша Айға арнайы пилоттық миссияны ұшыруға рұқсат берілді. Ұшу жоспарына қатысты төтенше жағдай болмаса экипаж АҚШ-тағы ғарыш айлағынан 11 күннен кейін, 1 сәуір сағат 18:24-те ұшады.
Экипаж құрамына миссия командирі Рид Уайзман, ұшқыш Виктор Гловер және миссия маманы Кристина Кохенген мен Канада ғарыш агенттігі өкілі, миссия маманы Джереми Хансен енген.
Байқоңыр ғарыш айлағынан жөндеу жұмыстарынан кейін алғаш рет зымыран ұшырылды
Айта кетейік, бұл сапар 1972 жылы аяқталған Аполлон бағдарламасы кезеңінен бері Айға жасалатын алғашқы пилоттық миссия болмақ.