Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
544 материал табылды

Театр • Кеше

Заманауи технология театрға да жетті

Цифрландыру дәуірі өмірдің барлық саласына дендеп еніп келеді. Бұл үдеріс дәстүрлі өнер ордалары – театр сахнасын да айналып өткен жоқ. Қазақстанда 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы осы өзгерістердің жүйелі әрі мақсатты түрде жүзеге асып жатқанын айқын аңғартады.

Өнер • 03 Ақпан, 2026

Фортепиано музыкасының кеші

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында фортепиано музы­касының кеші өтті. Кешті аталған ұйымның Қазақ мемле­кеттік симфониялық оркестрі ұйымдастырып, көрерменге әлемдік классикалық музыканың үздік үлгілерін ұсынды.

Өнер • 29 Қаңтар, 2026

Димаштың ерекше бастамасы

Биыл 5 ақпанда Қытайдың беделді «Hunan TV» телеарнасында Димаш Құдайбергеннің бастамасымен жүзеге асқан халықаралық музыкалық жоба – «Voice Beyond Horizon» бағдарламасының ресми премьерасы өтеді.

Тағзым • 28 Қаңтар, 2026

Күмбірлеген ғасырлар пернесі

Алматы төрінде қазақ ұлттық кәсіби музы­ка­сының негізін қалаған тұлға, композитор, дирижер әрі ғалым Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арнал­ған «Ғасырлар пернесі» ат­ты тағылымды кон­церт өтті. Мерей­тойлық кешті Құр­ман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық халық ас­пап­тар оркестрі ұйым­дас­тырып, көрерменді ұлттық өнердің терең тамырына жетеледі.

Театр • 28 Қаңтар, 2026

Өзбек театрының өнері

Жастар театрының төрінде бауырлас Өзбекстан елінен келген Кәттақорған қалалық драма театрының гастрольдік қойылымы елорда көрермені үшін елеулі мәдени оқиғаға айналды. Өнерлі ұжым Шыңғыс Айтматовтың адам жанына терең бойлайтын әйгілі туындысы – «Ерте қайтқан тырналар» спектаклін ұсынды.

Өнер • 27 Қаңтар, 2026

Вена төріндегі түркі әуені

Еуропаның мәдени астаналарының бірі – Вена қаласында өткен «Түркі апталығы» түркі дүниесінің рухани байлығы мен өнер­дегі тұтастығын айшықтаған тағы­лымды мерекеге айналды. Айтулы мәдени шара аясында Роза Бағланова атын­дағы «Қазақконцерт» мемлекеттік ака­демиялық концерттік ұйымының әртіс­тері өнер көрсетіп, ұлтымыздың ғасыр­лар қойнауынан жеткен асыл қазынасын әлем жұртшылығына танытты.

Театр • 27 Қаңтар, 2026

Абай театры – Сингапурда

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры тұңғыш рет Сингапур еліне гастрольдік сапармен барды. Театр ұжымы Сингапур ұлттық университетінің (NUS) мәдениет орталығында өнер көрсетті.

Мәдениет • 23 Қаңтар, 2026

Астанада ұлттық мәдени кодты сақтау мәселелері талқыланды

Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен цифрландыру мен креативті индустрияның дамуы жағдайында ұлттық мәдени кодты сақтау мәселелеріне арналған «Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» атты республикалық семинар өтті, деп жазады Egemen.kz.

Сұхбат • 23 Қаңтар, 2026

Нұрлан Жұманиязов: Сахна адамның ішкі шындығын ашады

Үнсіздігімен ойландырып, сабырымен сендіретін, сахнада айқайсыз-ақ биік өнер тудыратын режиссерлер санаулы. Оның қолтаңбасы жалған ұраннан емес, ішкі дірілден, көзге көрінбейтін, бірақ жүрекке жететін терең тыныстан танылады. Сахна артындағы жалғыздық, шығармашылық мехнат, адам жанына деген іңкәрлік пен ішкі еркіндік оның болмысын айқын бейнелейді. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязовтың жансарайына үңілгенде осындай ой түйдік.

Өнер • 23 Қаңтар, 2026

Санадағы ой құбылысы

Кейбір суретке көз салып, көңіл қойғанда ­бояуды емес, болмысты, уақытты көресің. «Forte Kulanshi Artspace» галереясындағы белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сембіғали Смағұловтың көрмесі көңіл түкпірінде дәл сондай әсер қалдырды. Бұл – қабырғаға ілінген картиналар жиынтығы емес, жады мен жаратылыстың, тарих пен бүгіннің арасындағы үнсіз әңгіме.

Яндекс.Метрика