Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
566 материал табылды

Мәдениет • 09 Қаңтар, 2026

«Щелкунчик» балеті 40 мың көрермен жинады

Қысқы мерекелік маусымда Пётр Чайковскийдің әйгілі «Щелкунчик» балеті еліміздің бірден үш жетекші театрында сахналанып, классикалық өнерге деген көрермен ықыласының әлі де жоғары екенін дәлелдеді. Жаңа жыл қарсаңында ұсынылған 47 қойылымды 40 мыңнан астам көрермен тамашалап, бұл балеттің нағыз қысқы ертегіге айналғанын айғақтады.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2026

Классикалық мәдениет тұлғалары

Ұлт мәдениетінің биігін әлемге танытқан дара тұлғалар уақыт өткен сайы­н биіктей түседі. Қазақ өнерінің қос алыбы – ән әлемінің хас шебері Ермек Серкебаев пен кино кеңістігінің классигі Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуының ЮНЕСКО аясында атап өтілуі – соның айқын дәлелі.

Театр • 31 Желтоқсан, 2025

Әнге айналған тағдыр

Биыл қазақ өнері үшін мерейтойлық мазмұнға бай жыл болды десек, артық айтпағанымыз. Сол атаулы оқиғалардың ішіндегі ең елеулісі – кәрі құрлықтың талғампаз тыңдармандарын таңдай қақтырған Әміренің әні. Жаһан жаңалығына айналған айтулы өнер оқиғасына биыл тура ғасыр толды. Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Қанат Жүнісовтің «Әміре» қойылымының премьерасы өтті.

Өнер • 30 Желтоқсан, 2025

Тыңдарманын тәнті еткен «Өмір желі»

Елорда төрінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің кавалері, танымал пианист әрі композитор Серік Еркімбековтің «Өмір желі» атты авторлық кеші жоғары деңгейде өтті, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет • 30 Желтоқсан, 2025

«Қазақконцерт» көрерменге мерекелік концертін ұсынды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында өткен «NEW YEAR with QAZAQCONCERT» атты жаңа жылдық концерт елорданың мәдени өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.

Өнер • 30 Желтоқсан, 2025

«Астана Балет» театры жылды жетістікпен аяқтады

2025 жыл елордалық «Астана Балет» театры үшін шығармашылық серпілістерге, ауқымды жобалар мен жарқын жеңістерге толы айрықша кезең ретінде тарихта қалды. Ұжым ұлттық және әлемдік хореография өнерін ұштастыра отырып, көрерменге мазмұны терең, көркемдік деңгейі жоғары қойылымдар ұсынып, кәсіби шеберліктің биік үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет • 30 Желтоқсан, 2025

Ыстанбұл төрінде қазақ әуені қалықтады

Тарих пен мәдениет тоғысқан Ыстанбұл қаласында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері өнер көрсетіп, қазақ халқының бай рухани қазынасын түрік жұртшылығына кеңінен таныстырды.

Мәдениет • 27 Желтоқсан, 2025

«Анна Каренина» хореодрама тілінде сахналанады

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры жыл соңын ерекше премьерамен түйіндейді. 28-29 желтоқсан күндері «Анна Каренина. Роман парақтары» хореодрамасы көрерменін қуантады. Бұл қойылым – махаббат үшін күрескен жанның тағдыры, бақытты іздеген жүректің трагедиясы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 27 Желтоқсан, 2025

Мерекелік барокко кеші

Қысқы мерекелер қарсаңында «Астана Опера» театры елордалық көрерменді асқақ әуендер мен рухани жылылыққа бөлеп, ерекше музыкалық кеш ұсынды. К.Байсейітова атындағы Камералық залда «Рождество сиқыры» концерті көне музыка жауһарларынан шашу шашты.

Театр • 25 Желтоқсан, 2025

«Махаббат мұңы»: ар мен арсыздықтың парқы

Қазақ драматургиясының классигі Тахауи Ахтановтың шығармалары ұлттық театр сахнасында әрдайым өзекті. Суреткер қаламынан туған пьесалар – белгілі бір дәуірдің айнасы ғана емес, адамзатқа ортақ рухани мәселелерді көтеретін терең философиялық туындылар. Солардың ішінде «Махаббат мұңы» драмасы көрермен санасына сұрақ тастап, әр кезеңде жаңаша пайымдауды талап ететін күрделі шығарма ретінде ерекшеленеді.

Яндекс.Метрика