Таным • 16 Қаңтар, 2026
Уфаға барған іссапарымызда татар-башқұрт ауқаттылары арасынан байлығымен аты шыққан Исмайылбек Ахметкерейұлы есімді қазақ меценатының есімін кезіктірдік. Кеңес өкіметі құрылғанға дейін қазақтың небір байлары ғұмыр кешкені белгілі. Олардың бірі мал, енді бірі егін шаруашылығымен айналысты. Сауда-саттықты кәсіп етіп, ірі жер иеленуші ретінде аты шыққандары да кездесті. Сондай ауқатты қазақтың бірі Елабұға уезінің (қазіргі Татарстан) ірі жер иеленушісі Исмайылбек Ахметкерейұлы еді. Ол сауда-саттықпен, жүк тасымалымен де шұғылданды. Исмайылбектің Пермь мен Уфа қалалары аралығында жүк таситын «Дина» деген жеке пароходы да болған екен.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Балалар әдебиетінің бағбандары
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Жазушылар одағы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің панельдік сессиясы өтті.
Өнер • 14 Қаңтар, 2026
Музыка тарихындағы іргелі бастама
Қазақтың ұлттық құндылығының бірі – төл өнері. Біздің ұлтты басқалардан ерекшелендіріп тұрған да осы – ұлттық өнер. Сол себепті бұл саланы дәріптеуге, дамытуға ерекше бетбұрыс бар.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Осыдан 110 жыл бұрын, 1915 жылдың 9 қарашасында Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқыған қазақ шәкірттер «Садақ» қолжазба журналының алғашқы санын шығарды. «Садақ» журналы туралы алғашқы мағлұматтарды қалың оқырманға Қайыржан Бекхожин мен Тұрсынбек Кәкішев таныстырды.
Зерде • 02 Қазан, 2025
14–19 қыркүйек күндері Ресей Федерациясына, соның ішінде Башқұртстанның әйгілі Уфа қаласына барып қайттық. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар одағының «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы аясында Уфадағы архив, кітапхана, музей қорларынан «Ғалия» медресесіне, тарихи «Шарқ» баспасы мен Уфа мүфтилігіндегі қазақ бөліміне (қазият) қатысты құжаттар мен деректерді іздедік.