Оқиға • 03 Наурыз, 2026
Ақтөбеде газ құю стансасында жарылыс болды
Бүгін Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Ақжар көшесінде орналасқан автогаз құю стансасында төтенше жағдай болды. Жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасы тұтанып, соңы жарылысқа ұласты. Тілсіз жаудың екпіні сол маңдағы екінші цистернаға, газ тасымалдаушы көлік пен операторлық ғимаратқа таралған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Наурыз, 2026
Ұлан Бекіш Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2026
Flydubai әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды
3 наурызда Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Оқу-ағарту министрі: Балалар саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс
Иран жерінде болған жантүршігерлік оқиға – 160 мектеп оқушысының өмірін қиған қасіретті хабар қазақстандық қоғамды да бейжай қалдырмады. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл суыт жаңалықты терең күйзеліспен қабылдап, халықаралық қауымдастықты балалар қауіпсіздігіне басымдық беруге шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Елорда әуежайында дабыл жүйесі іске қосылуы мүмкін
Бүгін, 2 наурыз күні Астана халықаралық әуежайында қауіпсіздік жүйелеріне жоспарлы техникалық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы әуе айлағының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Наурыз, 2026
Иран неге америкалық және израильдік ұшақтарды атып түсіре алмайды?
Таяу Шығыс аймағы қарқынды түрде ауқымды эскалация иіріміне тартылып жатыр. АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларынан кейін Тегеран Израиль мен аймақтағы америкалық нысандарға шабуылмен жауап берді. Иранның жоғарғы көсемі аятолла Али Хаменеи қаза тауып, елде 40 күндік аза тұту жарияланды. Fars агенттігі оның отбасы мүшелерінің де қаза болғанын және резиденциясының қирағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Қарағандылық ғалымдар мен студенттер Конституциялық реформаны талқылады
Бүгін Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Референдум – әділетті және прогрессивті Қазақстанның негізі» атты конференция ұйымдастырылды. Ғылыми орта мен студент жастардың басын қосқан жиын 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мәнін ашуға және жаңа Конституцияның маңыздылығын түсіндіруге бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 27 Ақпан, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2026
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Шымкент қаласында Digital Qazaqstan 2026 форумы аясында өңірдегі ең ірі IT іс-шаралардың бірі – Central Asia Programming Championship 2026 халықаралық спорттық бағдарламалау чемпионаты өтеді. Бұл дода Орталық Азияның дарынды бағдарламашыларын бір алаңға жинайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2026
Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді
Америкалық «U.S. News & World Report» басылымының сарапшылары зейнеткерлік демалыста өмір сүруге ең қолайлы елдердің кезекті рейтингін жариялады. Осы зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері арасында 77-орынға жайғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.