Білім • 24 Ақпан, 2026
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Ел мектептерінде үшінші оқу тоқсан аяқталуға жақын. Белгіленген кестеге сәйкес, 2026 жылғы көктемгі демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін жалғасады. Жалпы 11 күнге созылатын бұл демалыс Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келеді, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 23 Ақпан, 2026
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Павлодарда «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында өткен 2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 260-тан астам жас спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 23 Ақпан, 2026
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев клубтың киелі саналатын нөмірін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
23 ақпан күні Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті. Ауқымды іс-шараға шамамен 4000 адам – қоғам өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, жастар және өңір тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды
Қазақстанда алдағы республикалық референдум қарсаңында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа Конституция жобасы туралы түрлі анықтамалық және танымдық материалдар қоғамдық орындарда, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен медициналық мекемелерде кеңінен таратылған, деп жазады Egemen.kz.
Хоккей • 23 Ақпан, 2026
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Канаданың Квебек қаласында өткен халықаралық Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament 2026 додасында Astana Team командасы AA Elites дивизионының алтын тұғырынан көрініп, ел мерейін үстем етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Елорданың көлік жүйесін заманауи деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды жоба – жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін іске қосуға дайындық жұмыстары қарқын алды. Осыған орай, «City Transportation Systems» (CTS) компаниясы LRT кассирі лауазымына бос жұмыс орындарын жариялап, білікті мамандарды қабылдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Елімізде цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының бірі. Іс-шаралар жоспарын Премьер-Министр Олжас Бектенов бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Биыл 1 наурыздан бастап Мысыр билігі елге келетін шетелдіктер туристер, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визаның құнын көтеру туралы шешім қабылдады. Енді демалушылар өткізу пункттерінде рәсімделетін жедел виза үшін бұрынғыдан да көбірек ақы төлейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.