Taza.kz
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
4657 материал табылды

Оқиға • 28 Сәуір, 2026

Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр

Алматы полициясы Ганди саябағында болған отшашуға қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Куәгерлердің айтуынша, пиротехника салынған қорап аударылып қалып, снарядтар жан-жаққа, соның ішінде адамдарға қарай ұшқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 28 Сәуір, 2026

Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен

Қазақстанда инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект жүйесі бірқатар өңірде өлім-жітім көрсеткішін 40%-ға азайтуға септігін тигізді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы • 28 Сәуір, 2026

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

28 сәуірде еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 27 Сәуір, 2026

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім кесті. Ерлі-зайыптылар онлайн-курстар мен ұтыс ойындары арқылы қатысушыларды алдады деп айыпталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 27 Сәуір, 2026

ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі

Қазақстанда педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз болады. Енді абитуриенттер университет деңгейінде ішкі іріктеуден өтуге міндеттеледі. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Президент • 27 Сәуір, 2026

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет • 27 Сәуір, 2026

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Жиында Қордың 2026 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштері мен Президент тапсырмасы аясындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 27 Сәуір, 2026

Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады

Қазақстанда биылдан бастап университеттердің ұлттық рейтингі жарияланады. Тізімге ілінбеген және талаптарға сай емес жоғары оқу орындары мемлекеттік қаржыландырудан толық қағылады. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 27 Сәуір, 2026

«Болашақ» бағдарламасы: Депутат бюджет қаржысын негізсіз жұмсағандардың есімдерін жариялауды талап етті

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша заңсыз грант алғандар мен бюджет қаржысын негізсіз жұмсағандардың есімдерін ашық жариялауды талап етті. Депутаттың есебінше, бағдарламадағы заңсыздықтардан келген шығын 10 миллиард теңгеге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 27 Сәуір, 2026

Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу мақсатында ауқымды тексеріс жүргізілді. Қаланың ең ірі көтерме базары саналатын «Барыс-4» нысанындағы мониторинг барысында бағаны негізсіз құбылтып келген 9 делдал анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика