Қоғам • Кеше
Ертіс-Баян өңірінде 62 килограмдық кір тасын кеудесінде ойнататын алып күш иесі тұрады. Нұрлан Көпбергенов – кір тасын көтеруден жаһандық рекордты 16 мәрте жаңартқан әлем чемпионы. Қазақтың мықтылығын әлемге танытып, талай додаларда мықтыларды шаң қаптырған дарабоз ағамыздың ерік-жігері халқымыздың қайсар рухының көрінісіндей.
Мирас • 19 Наурыз, 2026
Наурыз мейрамы қарсаңында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі игі іс-шаралардың легін бастап кетті. Соның бірі – оқушы қыз балалар арасында өткен «Дәстүр – ұлттың тамыры» атты байқау.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Ертіс-Баян өңірінде өткен аптада бірнеше тәулікке ұласқан ақтүтек боранның салдарынан 300-ге жуық мал қырылды. Көптеген елді мекенге айтарлықтай материалдық шығын келді. Екі қала мен екі аудан табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімін жариялауға мәжбүр болды.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығы ала таңнан дауыс беруге ағылды. Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, аймақта бұл күні 520 референдум комиссиясы жұмыс істеген.
Театр • 13 Наурыз, 2026
Ертіс-Баяндағы «Ғашықтар хикаясы»
Екібастұзда жаңадан құрылған Ертіс-Баян театрында премьералық қойылым – «Ғашықтар хикаясы» комедиясы сахналанды. Студенттік шақтағы ғашық жігіттердің күлдіргі оқиғасы кеншілер шаһарындағы көрерменді күлкіге қарық қылды.
Мәселе • 13 Наурыз, 2026
Павлодар облысында 45 ауыл ойпаң жерде орналасқан. Биыл ылғалдың нормадан көп түскенін, топырақтың тоңдануы артқанын ескерсек, бұл елді мекендер қауіп көзінде қалуы әбден мүмкін.
Шаруашылық • 11 Наурыз, 2026
Павлодар қоймаларында 50 мың тонна картоп пен 30 мың тонна сәбіз сақталып тұр. Бұл облыс тұрғындарының күзге дейінгі қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026
Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, полиция подполковнигі Қайыргүл Оңалбаеваның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізіп келе жатқанына жиырма жылға жуық уақыт өткен.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2026
Ертіс-Баян өңірінде өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан болатын кісі өлімі азаймай тұр. Кейінгі үш жылда 20 адам көз жұмған.
Жануарлар • 05 Наурыз, 2026
Ертістің ен тоғайына түлкі оралды
«Ертіс орманы» резерватына түлкілер қайта оралып жатыр. Бұдан біраз уақыт бұрын ерекше қорғалатын қарағай алқаптарында түз тағылары көрінбей кеткен екен.