Баға • 07 Қаңтар, 2026
Бензин мен дизель бағасы қымбаттады
Қазақстанның мұнай өңдеу кәсіпорындары бензин мен дизель отынының көтерме бағасын едәуір арттырды. Қымбаттау тек мотор отынымен шектелмей, өзге де бірқатар мұнай өнімдерін қамтыды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының соңғы деректерінде айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 07 Қаңтар, 2026
Еуропа Трамптың Гренландия туралы сөзіне қарсы шықты
АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны Американың бақылауына алу туралы мәлімдемесі Еуропада үлкен наразылық туғызды. Бірнеше елдің басшылары бұл пікірмен келіспейтінін ашық айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстан сиыр етін сыртқа шығаруды қатаң квотамен шектейді
Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін экспорттауға қатысты жаңа шектеу тәртібін түсіндірді. 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан сиыр етін үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне шығаруға квота жүйесі енгізілді. Бұл талап 2026 жылғы 30 маусымға дейін күшінде болады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған 50 елдің қатарына енді
Еліміз әлемдегі ең ірі экономикасы дамыған елдердің қатарына енді. Бұл туралы Visual Capitalist порталы Халықаралық валюта қорының деректеріне сүйене отырып хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 07 Қаңтар, 2026
Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды
Шымкент қаласында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 07 Қаңтар, 2026
Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасын жаңғыртуға 1,3 млрд теңге бағытталды. Қаржы мемлекетке заңсыз шығарылған активтерді қайтару есебінен қалыптасқан арнайы қордан бөлінген, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Хорватияның Қазақстандағы Елшісі Рефик Шабановичпен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Жәдігер • 07 Қаңтар, 2026
Мұстафа Шоқайдың бұрын жарияланбаған фотосуреттері табылды
Жақында Мұстафа Шоқай мен жұбайы Мария Шоқайға қатысты отбасылық альбомның түпнұсқасы Ұлттық музей қорына қабылданды. Бұл альбомдағы суреттер бұған дейін көпшілікке мүлде көрсетілмеген, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 07 Қаңтар, 2026
Израиль билігі Батыс жағалауда 4G мобильді байланысын енгізуге рұқсат берді
Палестиналық екі байланыс операторы шведтік Ericsson компаниясымен бірлескен келісімге қол қойды. Келісім аясында жоғары жылдамдықтағы мобильді желіні шамамен алты айдың ішінде кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 07 Қаңтар, 2026
Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландия чемпионатында өнер көрсететін «Хартс» клубының ойыншысы атанды, деп жазады Egemen.kz.