Елорда • 13 Қаңтар, 2026
Астана әлемдегі ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына енді
Астана алғаш рет Numbeo халықаралық рейтингінде ең қауіпсіз 100 қаланың қатарына сенімді түрде кірді. Қазақстан астанасы бір жыл ішінде 24 сатыға жоғарылап, 105-орыннан 81-орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 13 Қаңтар, 2026
СҚО-дағы шалғай ауылда Creative IT Center ашылды
Елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы басталған тұста Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында Creative IT Center жұмысын бастады. Шалғай ауылда ашылған бұл орталық мемлекеттік цифрлық саясаттың өңірлерде нақты іске асып жатқанын көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Қаңтар, 2026
Шымкент аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады
Оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған. Шымкент аспанында шетелдік екі әуе компаниясына тиесілі ұшақтар бір-біріне тым жақын қашықтықта ұшқан. Олар Қазақстан арқылы транзиттік рейспен өткен, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
2026 жылғы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингі жарияланды
Жер шарындағы ең ауқатты жиырма адамның жиынтық байлығы 3,8 трлн долларға жуықтады. Бұл сома көптеген елдің жалпы ішкі өнімінен асып түседі. Соңғы жылдары миллиардерлердің дәулеті бұрын-соңды болмаған қарқынмен ұлғайып келеді, деп жазаы Egemen.kz.
Әлем • 13 Қаңтар, 2026
Молдова Румынияға қосылуы мүмкін
Молдова президенті Майя Санду елін Румыниямен біріктіру жөнінде референдум өтсе, өзі «иә» деп дауыс беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол британ журналистерімен подкастта айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2026
Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді
Henley & Partners компаниясы 2026 жылға арналған паспорттар рейтингін жариялады. Зерттеуде 199 елдің төлқұжаты қамтылған. Негізгі өлшем визасыз баруға болатын мемлекеттердің саны, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Қаңтар, 2026
Әуежайда әріптесін алдап, 1 млн теңге алған экс-қызметкер сотталды
Алматыда әуежайдың экономикалық қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген бұрынғы қызметкерге қатысты сот үкімі шықты. Ол әріптесінен тәртіптік комиссияның шешіміне ықпал етемін деп уәде беріп, 1 млн теңге алған. Алайда сот оны алаяқтық деп таныды, деп жазады Egemen.kz
Мәдениет • 13 Қаңтар, 2026
Аида Балаева Әуезов атындағы драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Премьер-министрдің орынбасары − мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын жүз жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
Салық режимін өзгертуге бір реттік мүмкіндік берілді
Жаңа Салық кодексіне көшу кезеңінде кәсіпкерлер мен азаматтарға маңызды жеңілдік жасалды. Мемлекеттік кірістер комитеті 1 наурызға дейін тапсырылған есепті кері қайтарып, салық режимін қайта таңдауға рұқсат берді. Бұл қадам қателесіп есеп өткізген немесе өзіне қолайлы режимді таңдауға үлгермеген адамдарға уақытша мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 13 Қаңтар, 2026
Ирандағы ахуалға байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттады. Бұған Ирандағы саяси ахуал және оған қарсы санкциялардың күшеюі себеп болды. 12 қаңтарда мұнай жеті аптадағы ең жоғары деңгейге көтерілді, деп жазады Egemen.kz.