Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Риелторлар нарығына реформа керек
PANA ұлттық риелторлар палатасы ұсынған зерттеу еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығын түбегейлі өзгерту керегін көрсетті. 2025 жылдың қорытындысы да бұл мәселені анық байқатты. Тек желтоқсан айының өзінде ел ішінде 53 мың алып-сату мәмілесі тіркелсе, бір жыл ішінде оның саны 448 мыңнан асып кеткен. Инфляция мен тұрғын үй бағасы қымбаттағанына қарамастан, бұл көрсеткіш кейінгі жылдардағы ең жоғары деңгейдің бірі болып отыр.
Салық • 28 Ақпан, 2026
Салық кодексі: Алғашқы айдағы кіріс қандай?
Елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енгелі екі ай уақыт өтті. Үкіметтің болжамынша, реформаның нәтижесінде биыл бюджетке қосымша 4,4 триллион теңге түсуге тиіс. Көлеңкелі экономикадан да шамамен 3–4 трлн салық алуға болады. Бұл межеге шынымен жете аламыз ба? Алғашқы айлардағы түсімдер қандай болды, қазынаға қанша қаржы құйылды?
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Кейінгі уақытта телефон арқылы жасалатын алаяқтық көбейіп, жеке шот арқылы жүретін күмәнді ақша айналымы артты. Осыған байланысты қаржы реттеушілері бақылауды күшейтіп, жаңа талаптар енгізді.
Саясат • 20 Ақпан, 2026
Астанадағы Экономика үйінде «Қазақстанның экономикалық саясатының жаңа басымдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда конституциялық реформаның экономикалық маңызы талқыланды. Жиынға жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысып, өзгерістерді іске асыру тетіктері мен ел экономикасына ықпалы туралы пікір алмасты.
Қаржы • 18 Ақпан, 2026
Валюта бағамы: құбыла ма, тұрақтала ма?
Былтырғы желтоқсанда халықтың көбі доллар сатып алуға көшті. Айырбастау пункттерінде доллар бұрынғыдан тез өтіп, жұрт «ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс?» деп ойлана бастады. Ұлттық банк дерегінше, мұндай үдеріс бұрын-соңды болмаған. Бір айдың ішінде ақша айырбастау пункттерінде 322,8 млрд теңгеге доллар сатылған. Бұл көрсеткіш нені аңғартады?
Саясат • 14 Ақпан, 2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылдың қорытындысына арналған алқа отырысы өтті.
Саясат • 13 Ақпан, 2026
Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтті. Онда қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба
Жаңа Салық кодексіндегі нормаларды түсіндіріп, осыған қатысты туындаған мәселелерді шешуге көмектесетін «Халық бухгалтері» акциясы жүріп жатыр. Халыққа арналған жобаның қаншалықты тиімді екеніне көз жеткізу мақсатында елордадағы Сарайшық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына бардық.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің орындалу барысын талқылау мақсатында арнайы кеңес өткізді. Жиында Президент тапсырмаларын іске асырудың нақты тетіктері, мерзімдері әрі жауапты органдар айқындалды.
Саясат • 11 Ақпан, 2026
Ел мүддесін қорғау үшін түбегейлі жаңару мен экономиканы нығайту маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері белгіленді. Сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады.