Спорт • 03 Ақпан, 2026
Олимпиададағы алғашқы допинг-дауы: Италиялық биатлоншы жарыстан шеттетілді
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына санаулы күн қалғанда алғашқы допинг дауы тіркелді. Италиялық биатлоншы Ребекка Пасслердің допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылып, ол жарыстар басталмай жатып уақытша шеттетілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты
Елорда тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2026
Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?
Дүниежүзілік мұнай нарығындағы негізгі ойыншылар тек жер қойнауындағы байлығымен ғана емес, сол ресурсты игеру қабілетімен де ерекшеленеді. Egemen.kz назарларыңызға мұнай қоры ең көп елдердің тізімін ұсынады.
Әскер • 03 Ақпан, 2026
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды. Сапарды Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қазақстан Ұлттық банкі «Спорт» сериясы шеңберінде «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монеталардың сатылымы туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында өткен Tata Steel Chess Challengers 2026 турнирін 5-інші орынмен аяқтап, беделді супертурнирде сенсациялық нәтиже көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Қазақстан Халық партиясының фракциясы елдегі конституциялық реформаны қолдады
Бүгін Қазақстан Халық партиясы депутаттық фракциясының отырысында жаңа Конституция жобасы талқыланды. Жиын барысында депутаттар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны мен елдің саяси-құқықтық дамуына ықпалы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңның жаңа жобасын талқылады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған ЖСДП Саяси кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында қатысушылар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен ондағы ұсынылған түрлі жобалардың елді дамытуға деген мүмкіндігі барысын саралады. Сондай-ақ, саяси жүйенің қоғам мен мемлекет арасындағы ынтымағы мен жаңартудағы маңызды кезеңдерді қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
«Ауыл» фракциясының депутаттары Ата заң жобасын бірауыздан қолдады
Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен фракция отырысында Конституцияның жаңа жобасы мен оған енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланып, маңызды құжатты ел ішінде белсенді түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
Сақтандыру полисін қалай дұрыс таңдауға болады?
Қаржылық тұрақтылық пен отбасының болашағын ойлаған адам үшін өмірді сақтандыру маңызды. Мамандар полис таңдауда ең алдымен оның қандай мақсатқа қажет екенін айқындап алуға кеңес береді: жинақтау ма, инвестиция ма, әлде күтпеген жағдайдан қорғау ма? Яғни, нарықта ұсынылатын өнімдер көп, шарттары әртүрлі, деп хабарлайды Egemen.kz.