Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус апатқа ұшырады
Абай облысындағы Семей – Қайнар тасжолында тағы бір ірі жол апаты тіркелді. Знаменка ауылының маңында 50 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетіп, аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
UFC рейтингі жаңартылды: Шавкат Рахмонов тізімде бар ма?
3 ақпанда жарияланған UFC-дің жаңартылған рейтингінде жартылай орта салмақтағы үздіктер қатарынан Шавкат Рахмоновтың есімі табылмады. Америкалық промоушен отандық файтерді тізімнен толық алып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретіндер саны артты
Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін мүшелерін донорлыққа қалдыруға келісім беретін азаматтардың қатары артып келеді. Өткен жылы 13 мыңға жуық адам тиісті рұқсатын рәсімдеген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда үштен бірге жоғары көрсеткіш. Құқықтық статистика орталығының мәліметінше, жақындарының мүшесін мұқтаж жандарға беруге келісетін отбасылардың да саны өсіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Олимпиададағы алғашқы допинг-дауы: Италиялық биатлоншы жарыстан шеттетілді
Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына санаулы күн қалғанда алғашқы допинг дауы тіркелді. Италиялық биатлоншы Ребекка Пасслердің допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылып, ол жарыстар басталмай жатып уақытша шеттетілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты
Елорда тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2026
Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?
Дүниежүзілік мұнай нарығындағы негізгі ойыншылар тек жер қойнауындағы байлығымен ғана емес, сол ресурсты игеру қабілетімен де ерекшеленеді. Egemen.kz назарларыңызға мұнай қоры ең көп елдердің тізімін ұсынады.
Әскер • 03 Ақпан, 2026
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды. Сапарды Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады
Қазақстан Ұлттық банкі «Спорт» сериясы шеңберінде «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монеталардың сатылымы туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді
Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында өткен Tata Steel Chess Challengers 2026 турнирін 5-інші орынмен аяқтап, беделді супертурнирде сенсациялық нәтиже көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 03 Ақпан, 2026
Қазақ күй өнерінің шамшырағы, ұлы композитор, халық күйшісі Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына орай Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Күй анасы – Дина» атты өнер кеші өтті. Филармонияның камералық залы лық толды. Халықтың тағдырын домбыраның қос ішегіне сыйдырған күй анасына деген өзгеше құрметін осыдан-ақ аңғарғандаймыз.