Еңбек • 24 Ақпан, 2026
Жыл басынан бері Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 102,7 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздегендер 162,4 мың түйіндеме орналастырған. Жұмыс іздеушілер саны бос орындар санынан асып түсті, бір жұмыс орнына орта есеппен 1,58 түйіндемеден келген. Бұл ретте барлық жұмыс ұсыныстарының 80%-дан астамы білікті кадрларға бағытталғанын айта кеткен жөн.
Еңбек • 20 Ақпан, 2026
Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы
Еңбек нарығында екі қолға бір күрек таппай жүрген жоғары немесе кәсіптік білімі бар, еңбекқор, талапты жастар көп. Шын білікті маманға зәру мекеме мен кәсіпорын да жетерлік. Жұмысын жетік білетін кадрға жоғары жалақы ұсынатындар бір қауым. Кейде сол өз ісінің шеберлері жұмыс берушілердің көзіне бірден түспейді. Осының барлығын дұрыс үйлестірсек, еңбек нарығындағы ахуал жақсарары сөзсіз.
Медицина • 19 Ақпан, 2026
Орфандық ауруы бар науқастар неге дәрісіз қалды?
Кейінгі жылдары елімізде орфан аурулары бар пациенттер көбейген. Мұны біз зертханалық және молекулалық-генетикалық диагностиканың дамуымен, скринингтік бағдарламалардың кеңеюімен байланыстырсақ болады. Заманауи терапияның арқасында пациенттердің өмір сүру ұзақтығы артып, өмір бойы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қажет ететін тұлғаладың табиғи өсуіне алып келді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 19 Ақпан, 2026
Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс
Астанада Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Медицина • 09 Ақпан, 2026
Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 10%-ға азайған
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елімізде туберкулез жұқтыру деңгейі 10%-ға төмендеген. Былтырғы көрсеткіштерге зер салсақ, туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштер біршама жақсарыпты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Бүгінде елімізде 2 млн 491 мың зейнеткер бар. Былтыр оларға республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге сомасында зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 368,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 856,6 млрд теңге жұмсалған.
Медицина • 05 Ақпан, 2026
Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді
Үкімет қаулысымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттардың қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босату көзделген. Осы қадамның арқасында дәрі-дәрмек бағасын мейлінше ұстап тұруға мүмкіндік туады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Қаңтар, 2026
Бала дамуын ерте анықтауға арналған 30 бастама іске қосылды
Елімізде «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы ресми іске қосылды. Осының аясында енді Денсаулық сақтау министрлігі 30 маңызды бастаманы іске асыруды жоспарлап отыр екен. Яғни, дамуында кедергі бар балаларды ерте анықтау және қолдау жүйесін дамыту көзделген, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Қаңтар, 2026
Жатыр мойны обырын қалай алдын аламыз?
Ресми деректерді ақтарсақ, елімізде жыл сайын 1 800-ге жуық әйелге жатыр мойны обыры диагнозы қойылады екен. Өкініштісі, жыл сайын ауру меңдеген 600-ге жуық науқас келместің кемесіне мінеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Арнаулы жәрдемақы кімдерге тиесілі?
Елімізде айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Қаңтарға дейін жәрдемақының осы түрін алғандардың саны 207 200 адамға жеткен. Жәрдемақыны жалпыға шақсақ, төленген қаржы 26,7 млрд теңге шамасында.