Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Арнаулы жәрдемақы кімдерге тиесілі?
Елімізде айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Қаңтарға дейін жәрдемақының осы түрін алғандардың саны 207 200 адамға жеткен. Жәрдемақыны жалпыға шақсақ, төленген қаржы 26,7 млрд теңге шамасында.
Еңбек • 27 Қаңтар, 2026
Жұмысшыға қай кезде де сұраныс көп
Еңбек нарығының талабына қарай жұмысшыға сұраныс жаз айларында күрт көбейсе, қыста саябырлайтыны бар. Enbek.kz Электрондық еңбек биржасындағы ақпаратқа сенсек, желтоқсанда жұмыс берушілер 109,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 71,5 мың түйіндеме орналастырған. Қарашамен салыстырғанда бос орындар саны 8,4%-ға (8,5 мың) артқан, түйіндемелер 29,4%-ға (29,8 мың) қысқарған. Осылайша, жұмыс күшіне сұраныс ұсыныстан асып түсті.
Медицина • 24 Қаңтар, 2026
Медициналық қызмет: қаржы бар, қадағалау ше?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі газетімізде қордың жұмыс бағытын түсіндіретін, енді бірде сын садағына алған мақалалар жарық көрді. Шетелде тиімділігін көрсеткен сақтандыру жүйесі салаға тартылған қаражат көлемін ұлғайтуға септескені рас. Алайда бізде әлі күнге медициналық көмек сапасына күмәнмен қарайтындар көп. Мұның негізгі себебі қаржы мәелесіне байланысты болса керек.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
Такси қызметі: Салық кодексі жүргізушілерге қалай әсер етеді?
Қай салада болсын ауқымды реформалар бірден жүзеге аса қоймайды. Уақыт өте келе олар нақтыланып, жүйеленеді. Такси жүргізушілерінің салық төлеу тәртібі де осы уақытқа дейін бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Кейбір қалаларда салықтан жалтарған жүргізушілер тек қолма-қол төлем қабылдауды жөн көріп, жолаушыларды әбігерге салды. Такси қызметіне қатысты қоғам, жүргізушілер мен депутаттардың назарын аудартқан мәселелер мұнымен шектелмейді.
Медицина • 20 Қаңтар, 2026
Жедел жәрдем 7 млн-нан астам шақыруға барған
Былтыр жедел медициналық жәрдем бригадалары ұзын-саны 7 467 926 шақыртуға барып, тұрғындарға тиісті қөмек көрсеткен. Шамамен 1 375 401 шақыртуға емханалардың жанындағы мобильді бригадалар жұмылса, басқасына жедел медициналық жәрдем қызметі жеткен.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Бәсеке заманда кәсіп меңгергеннің бәсі жоғары
Былтыр «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасында 570 мың азамат, оның ішінде 53,5 мың жұмыссыз онлайн-курстарды сәтті аяқтап, сертификат алған. Бүгінде платформада барлығы 1,5 миллионнан астам пайдаланушы тіркелсе, олардың 925,7 мыңы қатарға былтыр қосылыпты.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2026
Шетел жұмысшылары қай салада көп?
Жыл соңындағы деректерге сүйенсек, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ел аумағында 14 103 шетел азаматы еңбек етеді екен. Оның ішінде басшылық қызметтен бастап, маусымдық жұмысқа тартылғандар бір қауым.
Медицина • 30 Желтоқсан, 2025
Қант диабеті науқастарына көмек
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес әлемде қант диабетімен алысып өмір сүретін адамдардың саны 500 миллионнан асады. Өкінішке қарай, бұл статистика жылдан-жылға көбейіп барады.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Интернеттің базалық стансаларынан қауіп жоқ
Жаңа технологиялардың адам денсаулығына кері әсері туралы ақпараттарды әлеуметтік желіден жиі кезіктіреміз. Соның бірі – 5G интернет желісіне қатысты деректер. Жылдам интернетке қосатын базалық стансалардан тарайтын радиотолқындар расымен адам денсаулығына кері әсер ете ме, әлде жұрттың айтып жүргені жай дақпырт па? Бұл сауалды саланы зерттеп жүрген маман, ғалымдар елордадағы халықаралық көрме орталығында «Радиотолқындардың адам ағзасына әсері туралы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында талқылады.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Платформа арқылы оқыған тиімді
Жыл басынан бері 553,7 мың азамат, оның ішінде 53,5 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн курстардан өтіп, оқығанын растайтын сертификат алды. Платформада ұзын саны 1 миллионнан астам отандасымыз тіркелген. Оның ішінде биыл тіркелгендер – 710,3 мың адам.